Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 733 articles
Browse latest View live

Салт - дәстүр - асыл қазынам.

$
0
0

I.Сабақтың тақырыбы: Салт - дәстүр - асыл қазынам.

II.Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының салт -    

                                           дәстүрлері мен әдет - ғұрпының тәрбиесіне

                                            мәнін ұғындыру.

  1.   Білім мен білік дағдыларын дамыту.

                                         3.Оқушының бойына адамгершілік

                                           қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін

                                            дәріптеу.

III.Сабақтың көрнекілігі: Салт - дәстүр. слайд

IV.Сабақтың әдісі - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

V.Сабақтың барысы:         І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үнтаспадан:   "Тойбастар күйі" ойналып тұрады.

1.Кіріспе:

  Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі  тәрбие  сағатымыз "Қазақтың салт - дәстүрлері - асыл қазыналары" асыл мұраларын оқушылардың бойларына сіңіру болып табылады.

Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы.

Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салт - дәстүрлерін атап өтсек.

1.Жүргізуші:

Өнерлі халық - өміршең халық,

 Қазахтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүрлеріне бағытталған. "Салт - дәстүр - асыл қазына" атты ашық сабақ тәрбие сағатын бастаймыз.

 

2.Жүргізуші:

Ата салтым - асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірлі,

Өткенімді бүгініммен жалғадым.

1.Жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырғын.

Салт - дәстүрді ардақтайтын ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

2.Жүргізуші:

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

 1.Жүргізуші:

Жақсы дәстүрді сақтаған жарар

Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап

Салт-дәстүр ішіндегі бала тәрбиесіне

Байланысты тәрбие дәстүріне тоқтамақ.

 

І. бөлім: Қазағымның дәстүрлері-ай

Ән. Қазағымның дәстүрі.

1.оқушы: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

2.Оқушы: Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!

3.оқушы: Әже

Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

1.Жүргізуші:

Сәби дүниеге келгенде, кіндік кесу (салты).

                   Кіндік кесер:

4.Оқушы: Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу мәртебелі, абыройлы іс.

2.Жүргізуші:

Қазақтың ғұрыптарының бірі  "Ат қою" рәсімі. (көрініс).

5.Оқушы: Балаға ат қоюды ауылдың беделді азаматы азан шақырып, баланың құлағына үш рет естіріп айқайлап қайталаған.

  Ата: Сенің атың Мырзабек.

 Бата: Әнет бидей елінің ағасы бол,

            Халқыңның Қазбектей данасы бол.

            Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған.

            Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.

            Ер сырымдай халқыңның көсемі бол.

            Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.

                            Әумин!

1.Жүргізуші: Қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі-Қалжа.

6.Оқушы:Қалжа. Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып беріледі.

                    Бұл сыйластықтың құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, 

                    сауығып кетсін дегені.

7.Оқушы: Шілдехана.

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

2.Жүргізуші:

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары бар. Соның бірі - бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі

1.Жүргізуші:

Бесік, қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

"Ел іші - алтын бесік" - деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.

Бесік түгел ағаштан жасалады.

Бесікті қазақ құрмет тұтуы соншалық кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан.

       Бесікке салу рәсімі:

Әже: Тыштырма үлестіреді.

          Түбегіңді, шүмегіңді салайын.

          Денең таза болсын деп

          Бас жастықша салайын

          Басың жұмсақ болсын деп,

          Екі бел жастаншы

          Бел көрпені салайын.

          Сымбатты, сұлу өссін деп,

          Тартпа бауды тартайын

          Сымға тартқан сүйектей.

          Денең сұлу болсын деп

          Жабуыңды жабайын.

          Жел, суық тимей қалсын деп.

Бесік жыры:

         Әлди,әлди,  ақ  бөпем,

         Ақ  бесікке жат, бөпем.

        Жылама, бөпем,жылама,

        Жілік  шағып  берейін,

        Байқұтанның  құйрығын

       Жіпке  тағып берейін.

       Әлди,әлди,  аппағым,

       Қойдың  жүні  -қалпағың.

       Жұртқа  жаман болса  да,

       Өзім  сүйген  аппағым.

       Әлди ,әлди, шырағым,

       Көлге біткен  құрағым.

       Жапанға  біткен  терегім,

       Жаным  менің, жүрегім.

2.Жүргізуші: Жас нәресте туылғаннан қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару салт-дәстүрі жасалады.       

     Қырқынан шығару (салт)

9.Оқушы:Баланың туғанына қырық күн толған соң, ыдысқа қырық қасық сы құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тлектен шыққан.

2.Жүргізуші:Баланың қырқынан шыққыннан кейін алғашқы көйлегін...

10.Оқушы: Иткөйлек.

Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін иткөйлек деп атайды. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынын шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар жетіп, немесе шақырып, ұстап тәттісін бөліседі. Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

1.Жүргізуші:Әдетте сәби аяғынан тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі.

11.Оқушы: Тұсау кесу салт-дәстүрі (көрініс)

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен.

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары,сенімдері де бар. Көбейіп көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды.Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де жасайды. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Ән: Тұсау кесу

        Жолың болсын деселік,

        Жолыңа нұр төсейік.

        Жарылқасын алдыңнан.

        Тұсауыңды кесейік!

        Тұсауыңды кесейік!

        Күрмеуіңді шешейік.

Әже:

        Қаз, қаз балам, қаз балам,

        Қадам бассаң мәз болам

        Тағы, таңы баса ғой,

       Тақымыңды жаза ғой.

       Қаз баса ғой қарағым,

       Құтты болсын қадамың!

Бата.

Тұсауың  кесілді , құлама,

Тізеңді  жаралап жылама.

Құлындай  құлдырап  жүгірші,

Қәнеки,өзіңді  сына да.

Секірсең  құздардан сүрінбе,

Шыңдарға  шыққанда бүгілме.

Болаттай  қабырғаң  қатайып,

От  ұшқын ойнасын түрінде.

Ұзақ  боп Инша  Аллах өмірің,

Тасысын  шаттықтан көңілің.

Жарқырап  күн санап өсе бер

Әумин.

2-жүргізуші: Қыз балаға құлақ тесу рәсімі жасалады.

 12.Оқушы: Құлақ тесу.

Қыз баланың құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады.Құлақты уқалап, жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі.

1-жүргізуші: Ер баланы сүндеттейді.

13.Оқушы: Сүндет той.

Ер баланы 3,5,7, тақ жасында сүндетке отырғызылады. Себебі сүндеттеу денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы бар.Баланы сүндеттеу үлкен рәсім ол ата-ананың борышы сүндет той деген сияқты жөн жоралғылар жасалады.

2-жүргізуші: Мектеп жасына толған баланың мектепке баруын не дейміз?

14.Оқушы: Тіл ашар.(дәстүр)

Бала 7-жасқа толғанда әке-шешесі, не ата-ажесі қолынан жетектеп мектепке оқуға апарады. Баланың мектепке баруына ауыл-аймақ болып қуаныштап Тіл ашар тойына арнап шашу шашады.

Қариялар жас балаға "хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқман Хакім, Атымтай Жомарт, 12 ғалымның тілін білсін деп" бата беріп тілек тілейді.

1-жүргізуші: Жас баланың алғашқы атқа мінуін...

15.Оқушы: Тоқымқағар.(дәстүр)

Тоқымқағар - жас бала алғаш атқа қонып, алыс сапарға алғанда үлкендер жолаушы жүргенде үйдегілер ақ сарбас қой атап сойып, кәделі дастархан жайып көрші-қолаң, туыс-туғандарына той жасап береді. Осы тойды  тоқымқағар деп атайды.

2-жүргізуші:   Алыстағы  ағайынан,жақындағы көршің  артық .

16.Оқушы. Ерулік

Бір  ауылға басқа жақтан  көшіп  келіп  қоныстанған  жанұяны көршілері

шақырып ,үй -жайын көрсетіп,елге келдің жатырқамай аралас-құралас

болайық  деген  ниетпен  дастархан  жайып  ас  беретін  болған.

Осы  қарым -қатынасты  ерулік  беру  деп  атаған.

1-жүргізуші:   

17.Оқушы.   Байғазы.

Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай берілетін сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

2-жүргізуші:   Малды  ен  салып  атауды бәсіре дейді.

18.Оқушы.  Бәсіре

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны атайды. Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын ен салынған мал.

1-жүргізуші:    

19.Оқушы. Босаға майлау.

Жастар шаңырақ құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниетпен босаға майлаған адамға кәде берілуі тиіс.

20.Оқушы. Енші

Қазақтың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келе  жатқан дәстүрі  ер балалар

жеке үй болып бөлек  шыққанда  ата-анасының  бөліп  беретін  мал мүлкін

енші   деп  атайды.

Еншісіз  ұл , кәдесіз қыз болмайды   деген қазақ  мәтелі осы дәстүрден  айтылған.

21.Оқушы.  Асату.

Ет желініп  болған соң төрде отырған ақсақал  табақта  қалған етті жас 

балалар  мен жас жігіттерге таратады.

22.Оқушы.    Аманат.

Бір  адамның  екінші  біреуге  беріп жіберген заттарын  аманат  деп  атаған.

Аманатқа  қиянат  жасауға  болмайды.

23.Оқушы.    Сыбаға.

Құрметті  қонаққа немесе өздерінің  жақын -жуығына сақтаған кәделі  ет  мүшелері.

Ән.Қазақы  дәстүрлері-ай.

2.Жүргізуші.

Бауырласқан  тәніміз ,

Бұзылмаған  антымыз.

Кең  далалы  ежелгі,

Қазақ  дейтін халқымыз.

Өзге  ұлттай  біздің де,

Бас  дәстүр  мен  салтымыз.

ІІ. Бөлім. 

Ой  танымдық  сұрақ -жауап.

1.Жүргізуші.

Мына қоржында асықтар  салынған .Ол  асықтардың бетінде  сан  жазылған  қорржыннан  кез  келген  бір  асықты  аласыңда.  Шыққан  санға  байланысты сұрақ   қоямыз.

Үш  саны.

Үш  арсыз.

Ұйқы  арсыз,  күлкі  арсыз ,тамақ  арсыз.

Үш  сауап.

Шөлге  құдық  қазған, өзенге  көпір  салған,жолға  ағаш  екен.

Үш  биді  атаңыз.

Төле  би,Қазбек  би, Әйтеке  би.

Үш   тоқтам.

Ой,ақыл,шешім.

Үш  жүзді атаңыз.

Ұлы  жүз ,орта  жүз, кіші  жүз.

Үш  қасиет.

Өліде аруақ,малда  кие, аста  кепиет.

Үш  қадірсіз.

Жастық ,денсаулық ,жақсы  жар.

Үш  арыс.

Сәкен  Сейфуллин,Бейімбет  Майлин, Ілияс  Жансүгіров.

Үш  қадірлі.

Ырыс, бақ, дәулет.

 2.Жүргізуші.

Төрт  саны.

Төрт  қымбат.

Алтын ұя Отан  қымбат ,

Құт-береке  атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен  ар қымбат.

Әлемннің  төрт  негізі.

От, су, ауа, топырақ.

Төрт  құбыла.

Батыс,шығыс,солтүстік, оңтүстік.

Төрт  мұхит.

Үнді, Атлант, Тынық, Мұзды  мұхит.

  1. Жүргізуші.

Бес    саны.

Бес  асыл.

Талап  еңбек, терең  ой, қанағат, рақым.

Бес  дұшпан.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес  қару.

Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Бес  жақын  кімдер.

Тату  болса  ағайын жақын.

Ақылшы  болса  апайың  жақын.

Бауырмал  болса -інің  жақын.

Инабатты  болса -келінің  жақын.

Алдыңа тартқан адал  асын,

Қимас  жақын  қарындасың.

2.Жүргізуші.

Жеті  саны.

    Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.

     Жеті атаны атаңыз.

Әке, бала, немре, шөбере, щөпшек, немене, туажат.

      Жеті жұт.

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын).

     Жеті жетімге нелер жатады?

Халқына сенімсіз хан жетім.

Суы жоқ құдық жетім.

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ - ел жетім.

Аққу - қазсыз көл - жетім.

Шәкіртсіз ұстаз жетім.

    Жеті күнді атаңдар?

Бүгін - дүйсенбі.

Ертең - сейсенбі.

Бүрсігүні - сәрсенбі.

Арғы күні - бейсенбі.

Ауыр - күні жұма.

Соңғы күні - сенбі.

Азына - жексенбі.

     Ән: Дастархан

1.Жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

"Сөздің көркі - мақал" деген ұғым бар. Мақалдап сөйлеу жарысы.

Оқушы.

-Ассалаумағалейкум ата.

Ата:  Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.

Амансың ба балам! "Қуыс үйден құр шықпа" деген,кел отыр тізеңді бүк.

Оқушы: "Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық"дегендей жайғассақ жайғасайық.

Ата: "Сыйға сый, сыраға бал" демекші   өзің  тәуір -ақ бала  екенсің  мен бірнеше сөз  жасырайын  мақал  құрастыршы.

1.Ата: Аз ... бітер, көп бітер.

Оқушы."Аз да бітер, көпте бітер, татулыққа жетер" демекші татулықпен ауызбіршілікке не жетсін.

2.Ата: Алтау ... , төртеу ...

Оқушы:"Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді"

3.Ата:  Бірлік ...

Оқушы:Бірлік түбі - тірлік" деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

 4.А    Ұяда... ұшқанда ...

О (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің)

5.А    Ата... бала ...

О  (Ата - бәйтерек, бала жапырақ)

6.А    Ер... ез ...

О (Ер бір өледі, ез мың өледі)

7.А    Өле... бөле ...

О (Өле жегенше, бөле же)

8.А    Таяқ... сөз ...

О (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

9.А    Мал... жер ...

О (Мал баққандікі, жер жыртқандікі)

10.А    Тентек... ақыл ...

О (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

11.А    Сүйіндіреді... күйіндіреді ...

О (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

12.А    Мысық... тышқан ...

О (Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)

13.А   Мектеп... білім ...

О (Мектеп - кеме, білім - теңіз).

14.А Жақсы... орман

О (Жақсы аға орман, жақсы іні қорған).

15.А  Атың ... қанатың

О (Атың жақсы болса қанатың, ағайын жақсы болса санатың).

16.А   Жақсыны ... жат

О (Жақсыны жат етсен, жатқа күлкі боларсың).

17.А   Анадан ... артық

О (Анадан артық дос бар ма? , ашудан артық қас бар ма?).

Ата: Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой. Бәрекелді балам, жарайсың.

2-жүргізуші:

Әдеп-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерін сақтайық,

Насихаттап жаңғыртудан қашпайық.

1.Жүргізуші

Жылдар,жылдар   тарихтың   мол  беттері,

Сен  әкелген  жақсылықтар   көп  тегі.

Көңіліңді  алат  сезімге  баурайды,

Халқымыздың   бүгіні   мен  ертеңі.

2.Жүргізуші

Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдан  ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз деп тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.

1.Жүргізуші

Қазақ  биі.С

ІІІ.Бөлім. Ой, түю, оз ойын білдіру.

Қортындылау.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.


Ормандағы оқиға

$
0
0

І.Сабақтың тақырыбы:    Ормандағы оқиға

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қайнекей Жармағамбетов

                                       өмірінен  шығармашылық мәтінінің мазмұнын

                                       идеясын ашу таным мүмкіндікті анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрітерін дамыта

                                                  отырып еркін сөйлеуге, қортынды жасай

                                                  білуге, ізденуге машықтандыра

                                                  шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке жағымсыз қылықтардан аулақ  

                                       болуға әдептілікке табиғатты сүюге қорғай

                                       білуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Қима жазулар, табиғаттағы ағаш түрлері суреттер.

  1. Топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
  2. Пән аралық байланыс: Дүниетану.

VІ: Сабақтың барысы:  І. Психологиялық дайындық.

                                           ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазір қай мезгіл?  - Күз.

Олай болса бүгінгі сабағымыз күзгі орманға саяхат. Қазір біз саяхаттау үшін жолға шығамыз. Жолда келе жатырып Арыстанның жиналысына кезіктік Арыстанның жиналысы не туралы екен.

Ең жақын кім адамға?

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  (топтық сұрақтар)

1-топ: Ертегідегі хайуанаттар не үшін таласты?

2-топ: Ертегідегі хайуанаттарды неше топқа бөлуге болады?

3-топ: Автордың айтайын деген ойын өлеңнің қай шумағынан білуге болады?

 

Ойын "Жүйрік болсаң, озып көр"       Жапырақ теру.

  1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
  2. Батырлар жыры деген не?
  3. шешендік сөздер деген не?, Қандай шешен билерді білесің?
  4. Аңыз деген не? Қандай аңыз әңгімелерді білесің?
  5. Ертегілер түрлерін ата? Ертегілер қалай басталады?
  6. Әдеби ертегі деген не?

 

  1. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз:Қайнекей Жармағанбетовтың "Ормандағы оқиға" ертегісімен таныс боламыз.

                                  Қайнекей Жармағанбетов

1918 жылы                                 Ақын                     Шығармалары:

Қостанай облысынды             әдебиет                  "Адам туралы аңыз"

Жангелдин ауданында           зерттеушісі             "Заман біздікі",             

дүниеге келген                                                              "Соңғы күн"                                                     

                                                                                    т/б шығармалары бар.

Бірнеше рет құрмет белгісі орденімен марапатталған.

Ертегі:   Ормандағы оқиға

      - Түсіндіру

      - Іштей оқу

      - Мазмұнын айту

      - Ертегіні бөлімге бөлу:

І бөлім: Қайың мен қараағаштың достығы.

ІІ бөлім: Ағаштар арасындағы шайқас.

ІІІ бөлім: Тобылғы не үшін қызыл болды?

  Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс:

  1. Ойлы болсаң, тауып көр. Өсімдіктерді топта.

                                     Өсімдіктер

 

          Ағаш                     Бұта                      Шөп

       қайың                     Тобылғы              селеу, жусан

       қараағаш                Сексеуіл              жоңышқа

        емен                       Жыңғыл              бақбақ, шоғайна

        шырша                   Қараған              бетеге

         тал                          Итмұрын          бидайық

Венн диаграммасы.

         Қайың                            Қарағай

 Ағаштың табиғаттағы пайдасы қандай?

Ағаштың табиғаттағы рөлі ерекше, өйткені ол біріншіден ауаны тазартады.

Үй жиһаз, отқа жағады, үй салады т/б.

Ағаштарды сипаттау. (перфокартамен жұмыс)

VІ. "Мықты болсаң, айтып көр".        Бәйге ойыны:

  1. Екі ағаштың бір-біріне ренжуіне не себеп болды?
  2. Ормандағы оқиға қалай басталды?
  3. Бұндай жағдайлар адамдар арасында кездесе ма?
  4. Сексеуіл қандай күйге ұшырады?
  5. Тобылғы қандай күйге ұшырап, ол қайда мекендейді?
  6. Ертегінің қандай түріне жатады? Себебі?

 

Дос туралы мақал-мәтелдер:

Сабаққа қортынды. Топтарды салыстыру. Кім қанша жапырақ жинады. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Мақта қыз бен мысық ертегісі

$
0
0

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

Маңырақ ауылы Жалғас сәби балабақшасының тәрбиешісі

Мұқаева мөлдір Бауыржанқызы

Тақырыбы:    "Мақта қыз бен мысық"ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық 
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру.Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту.
Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұхбат,әңгіме,ойын,ертегі кеіпкерлерінің суреттері.
Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлері, сыйлықтар
«Шаттық»шеңберін құру.                                                                                                                                                                                                                            
Қол алысып қане біз ,                                                                                                                                                                                                     

Достасайық бәріміз,                                                                                                                                                                                                

Армысың алтын күнім

Армысың балабақшам

Армысың достарым ,                                                                                                                                                                                                                        Сіздерді көргеніме қуаныштымын .                                                                                                                                                                      

Үлкенге де сіз, кішігеде сіз,                                                                                                                                                                                                        

Бәріңізге амандасып,                                                                                                                                                                                                   

Басымызды иеміз біз                                                                                                                                                                                                                     

Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Ендеше, жұмбақ шешейік.                                                                                                                                           

Мұртын сипап күн бойы,                                                                                                                                              

Бетiн сусыз жуады.                                                                                                                                                      

Тысырды аңдып түн бойы,                                                                                                                        

Тышқанды көп қуады.     (Мысық)

- Балалар, сендер сурет  бойынша ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше, бәріміз мұқият тыңдаймыз .Біз бүгін  «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз.                                                                                                                                                                                 

Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бір күні мақта қыз үй жинап жүріп, мейіз тауып алады.Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады.                                                                                                                                                                                            –Мысығым,мысығым мында кел дейді. Мақта қыз мысығын шақырғанда келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыттан соң мысық Мақта қызға келеді.                                                                                                                                                      

– Мені неге шақырдың?- дейді. Мақта қыз айтпайды.                                                                                                                               

Мысық: «Айтпасаң, қатығыңды төгемін» – дейді.                                                                                                                                                       

Мақта қыз: «Мен құйрығыңды жұлып аламын-« дейді. Сонымен мысық қатықты төгеді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады. Мақта қыз, Мақта қыз құйрығымды берші, - дейді Мысық.                                                                                                                                                                                              Мақта қыз: Менің қатығымды төле дейді. Мысық сиырға барады. Сиыр,сиыр маған қатық берші, -дейді.                                                                        

Сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер,- дейді.». Мысық терекке барып, «терек,терек жапырағыңды берші  »-  дейді.                                                                                                                                                                                                                                      

Терек айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең жапырақ беремін», - дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар,Қыздар маған су берші», - дейді.                                                                                                                                                                  

Қыздар айтады: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», -дейді. Мысық дүкенге барады. «Дүкенші,дүкенші маған сағыз берші», - дейді.                                                                                                                                                                                                      

Дүкенші: «маған жұмыртқа бер» ,-дейді.  Мысық тауыққа барады. «Тауық,тауық маған жұмыртқа берші» , - дейді.                                                           

Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз », -дейді.                                                                                                                                

Мысық: «Енді не қыламын »- деп бра жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салып: «Жаның барыңда айт,үйіңде не бар ?»- дейді.                                                                                                                                                                                              

Тышқан: қатты қорқып кетіп, «үйімде бір қап дән бар »,-дейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Мысық айтады: «Маған бір уыс дән бер »,-дейді.  Тышқан үйіне барып, бір уыс дән әкеліп береді.                                                                                       

Мысық: Дәнді апарып тауыққа береді, тауық оған жұмыртқа береді.жұмыртқаны апарып   дүкеншіге береді,дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді,қыздар су береді,суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырақ береді,жапырақты сиырға береді,сиыр сүт береді,сүтті Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.      

                                                                                                                                                  

Ертегі бойынша сұрақтар:                                                                                                                                                                                          1. Мақта қыз мысықтың құйрығын неге кесіп алды?                                                                                                                                                                                                                                 2. Мысық бірінші кімге барып қатық сұрады?                                                                                                                                                              3. Ертегінің соңы қалай аяқталды?

Ойын: «Мысық қайсысынан не алды?»

  1. Сиырдан- қатық                                                                                                                                                                                                     
  2. Ағаштан – жапырақ
  3. Қыздардан –су
  4. Дукеншіден- сағыз
  5. Тауықтан жұмыртқа
  6. Тышқаннан – дән алады...

Жарайсыңдар балалар, енді орнымыздан тұрайық.                                                                                                                                                                                 Сергіту жаттығуы:                                                                                                                                                                                        Алма баққа барайық,                                                                                                                                                                                                     

Алма теріп алайық.                                                                                                                                                                            

Ең үлкенін, тәттісін,                                                                                                                                                                                                     

Анамызға сыйлайық.                                                 

Үстел үсті ойыны: Кейіпкерлерді ретімен орналастыру.                                                                                                  Жарайсыңдар, балалар.

Қорытындылау :                                                                                                                                                                               -- Ертегі не туралы екен?                                                                                                                                                                                                                    

- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?                                                                                                                                                                                                      

 - Мақта қыз мысықтың құйрығын неге жұлып алды?

Күтілетін нәтиже:
1.Нені біледі:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі
 және оны сахналай алады.
2.Қандай түсініктерді игерді:Тілазарлық-жат қасиет 
екенін түсінеді.
3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:Ертегі кейіпкерлерін сомдауды меңгереді.Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.

 

Ә.Табылды. «Дақылдар әні»

$
0
0

Каиржанова Алтынай Тулеубаевна

Әлкей Марғұлан атындағы

№40 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

ІІ (негізгі) деңгей

Пәні: Әдебиеттік оқу 

3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы

Ә.Табылды. «Дақылдар әні»

Сілтеме

Б.А.Тұрғынбаева,З. Муфтибекова «Әдебиеттік оқу» пәніне арналған әдістемелік нұсқаулық Алматыкітап 2014 жыл

Жалпы мақсаты

Автор туралы мағлұмат алу. Дақылдар  түрімен  танысу. Дақылдардан жасалатын тағам түрлерімен танысу, мәнерлеп оқу дағдылары дамыту

Міндеттері

Ынтымақтастық атмосфера құру.  Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту

Күтілетін нәтиже

Өз ойын еркін айта алады, шығармашылық қабілеттері дамиды. Автор туралы мағлұмат алады. Дақылдар  түрімен  танысады.  Дақылдардан жасалатын тағам түрлері мен танысады, мәнерлеп оқу дағдылары дамиды

Тапсырмалар

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

«Дақылдар» топтасыру

2.Сыни тұрғыдан ойлау

«Жабайы шөп егінді аздырар

Еріншектік  ерді аздырар»  мақалды талдау

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Дақылдар әні» өлеңді мәнерлеп оқыту

4.Оқыту мен оқуда АКТ ны қолдану

Ә.Табылды туралы мағлұмат беру

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дақылдардан жасалатын тағам түрлерін жаз және жұмбақ құрастыр

Дақылдырдың бірімен тамақ әзірлеу мәзірін құрастыру

6.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Суреттер арасынан өзің тұратын жерде өсетін  дақылдарды тауып, боя

Дақылдардың біріне бес жолды өлең құрастыру

7.Оқытуды басқару,көшбасшылық

Дәптермен жұмыс

Бағалау

8.Рефлексия

Үйге тапсырма: 43-44 беттер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

1.Тренинг

2.Қызығушылығын ояту

3.Мағынаны талдау

 

4. Мәнерлеп оқыту

5.Қосымша мағлұмат

6.Шығармашылық жұмыс

 

 

7.Суретпен жұмыс

 

 

 

8.Рефлексия

9.Бағалау,мұғалімнің бағалауы,кері  байланыс

Үйге тапсырма беру:43-44 бет

 

1.Сергіту сәті

2. «Дақылдар»  топтасыру

3. «Жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік  ерді аздырар» мақалды талдайды.

4. «Дақылдар әні» өлеңді мәнерлеп оқиды

5. Ә.Табылды туралы мағлұмат беріледі.

6. Дақылдардан жасалатын тағам түрлерін жазады және жұмбақ құрастырады. Дақылдардың бірімен тамақ әзірлеу мәзірін құрастырады.

7. Суреттер арасынан өзің тұратын жерде өсетін  дақылдарды тауып,бояйды.

Дақылдардың біріне бес жолды өлең құрастырады.

Дәптермен жұмыс

8. Не үйрендім,стикермен жұмыс

9.Өзара  бағалайды

       

 

 

Баубек Бұлқышев: «Ана»

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Шамурадова Гулнар Жумадурдыевна

 

Сабақ тақырыбы: Баубек Бұлқышев: «Ана»

Мақсаты: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. Ана мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқытуға жаттықтыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
3. Ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткісіз болуына тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Кірістірілген сабақ
Әдіс - тәсілдер: Баяндау, сұрақ - жауап алу, тіл дамыту, қайталау
Сабақ көрнекілігі: Б. Бұлқышев суреті, Ғажайып алаң кестесі
Пән аралық байланыс: Ән, қазақ тілі
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
2. Оралхан Бөкей деген кім?
2. Жазушының ілтипатпен, ыстық ықыласпен еске алып отырғаны кім?
3. Жазушы қонаққа барған кезде, отынға барған сәтіне байланысты апасы туралы не дейді?
4. Астау және келі деген не?
5. Әңгімедегі әженің өнерлі екенін неден аңғардың?
Үй тапсырмасын бекіту:
Сонымен балалар қазақ халқында «Өз балаң өскенше, немерең өле - өлгенше» деген нақыл сөз бар. Олай болса, бүгінгі әңгімеміздегі немересінің әжесіне деген сезімі, бала жүрегінен шыққан сағынышы суреттелген.
Қандай?

Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу және ребус шешу
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –
Бұл кім? Ана!
- Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен.
Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
Ребус шешу

Ребус шешуі: Баубек Бұлқышев «Ана»
- Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің боршын өтеуге тырысады.
Автор өміріне шолу.
Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев (1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Елімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
• 1916ж Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген.
• 1932ж Қарсақпай заводындағы фабрика - завод училищесіне келіп оқуға түседі.
• 1933 - 1934 ж “Ұлытау” совхозында түрлі шағын қызметте болады.
• 1935ж оқу іздеп Алматыға келеді.
• 1938ж техникумының 2-ші курсын бітіреді.
• 1940ж армияға алынып Москва кетіп, училищеде оқиды.
• 1938 - 1940 жылдар жазушының кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды.
1944ж тәуелсіздігі жолындағы күресте 28 жасында қаза болған.
Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
Жаңа сабақты бекіту:

Оқушы ойын білу
Дәптермен жұмыс
Жасырылған сөздерді табу.
М Ж Ы Г Ж Ұ М С А Қ
А А Н Е Е Д Е К Л А
С Қ Р Н Б А Л Е О Р
Р Ы А К І У О Н Р Л
Д Н Ж А Н С Н Г П А
Ы Ж Р Ш Д Ы К У Ж Ш
С Э Т А Й Н А Л Ы П
Т Т О Л Ғ А Н Ғ А Н
Ы У И Б К З У Е Э С
Қ А Л А Қ А Н Ы Б М

«Ғажайып сәт» ойыны
1. Бұл шығарма біз өткен шығармалардың қайсысына ұқсастығы бар?
2. Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?
3. Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?
4. Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер
5. Аналар мерекесі қай кез? Анаңа не сыйлайсың?
6. Сенің анаңның туған күні қашан?
7.... атқа шапса,... үйде отырып тақымын қысады
8. Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?
9. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың дейді? Неге?

Сергіту сәті
Жаңылтпаш айтып, бір - біріне қайталату.
1. Шеше, шеше
Неше кесе Сынды кеше?
2. Шөжем деп шешесі бәйек
Шешем деп шөжесі бәйек.
Шешесі шөжем жесін дейді
Шөжесі шешем жесін дейді
1 - топ. Шығармашылық тапсырма
___________________ данасың,
___________________ панасың.
___________________ баласын,
___________________ анашым.
2 - топ. «Бес жолды» өлең құрастыру
Кім?...................
Қандай?..............................
Не істеді?...........................................
Не үшін?...........................................
Ой түйіндеу. Ана - асыл адам.
3 - топ. «Ана» туралы өлең айтып беру.
Топтарды жарыстыру.
Жаңылтпаш айтып, бір - біріне қайталату.
Жаңа сабақты қорыту
Апамның астауы Ана

Апамның астауы Ана немересінің әжесіне деген Ананың баласына деген сағынышы суреттеледі. Сүйіспеншілігі, махаббаты суреттеледі.
Тақырыбы ана, негізгі ойы анаға деген махаббат
Қорытынды.

Бағалау. Бес жұлдыз – 5
Төртбұрыш – 4
Үшбұрыш – 3.
Оқушыларға таратып беріледі. Оқушы өзінің қанша баға алғанын біледі.
Үй тапсырмасы:
1. Мәтінді түсініп оқу және жаттау.
І топ. «Ана» тақырыбына сурет салу.
ІІ топ. «Ана» тақырыбына байланысты мақал - мәтел жазып, жаттау.
ІІІ топ. «Ана» сөзіне ребус құрау

 

“Толағай ” сайысы.

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Ажаниязова Маржан Турмуханбетовна

 

Сабақтыңтақырыбы:  “Толағай ” сайысы.

Сабақтыңмақсаты:

1.Оқушыларды  түрліспорттықойындаржиынтығыныңэстофетасынабейімдеу,қызығушылығындамыту;

2.Жылдамдық  қабілетінжетілдіру,шымырболуғабейімдеу;

3.Салауатты  өмірге ,ұйымшылдыққа,жауапкершіліккетәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: жарыссабақ

Әдіс-тәсіл: көрсету-түсіндіру

Құралжабдықтаркедергілер,доптар,матрас,ысқырғышшарларт.б

Өтілетінжеріспортзал.

Жарысбағдарламасы

  1. Топ аттарыментаныстыру (топ  аты,ұраны) ;
  2. «Кімойшаң»ойыны (логикалықбейімдеу);
  3. «Картобыңдыегіпкел де ,жинап  ал»ойыны   (қырағылы)
  4. «Қырықаяқтар»ойыны (саптықжүрістідамыту)
  5. «Баскеболдобыналыпжугіру» (баскетбол добынбейімдеу)
  6. «Шаржинау» (түстаңдау)
  7. Қорытындылау

Сабақтыңбарысы:

Мұғалім: құрметтікөрермендер,ұстаздар,оқушылар,бүгінүштопарасындаөткізіліпотырган«Толағай»аттысайысымыздыашықдепжариялаймыз.

Әділқазылардытанстыру.

Балаларотырсайысқатүскелі,

Сынамақшыептілікпенкүштерін

Әрбірініңжігеркүшіжалындап,

Жеңіссәтінтағаттаппайкүткені.

Спорт  десе таза  біздіңарымыз,

Жалындайдысайысқандажанымыз.

Сайысатынбалалардыңбүгінгі,

Қарсалайыққошеметпенбәріміз.

 

Алендіәртопөзұранынайтсын.

 

Мұғалім:

Шынықсаңшымырболарсың,

Толығыпайдайтоларсың.

Спорттысерікетебіл!

Жақсыазакматболарсыңдейотырып,  денеміздібіршынықтырыпалайық!

Ұстаздарымкөңілқойсадемберіп,

Спорттыбізсүйередіктеңкөріп.

Салауаттыөмірсалтынсақтаймыз,

Спорт қанақаламызеңбиік.

Салауаттыөмірсалтынқолдаймыз,

Жамандықтанжанымыздықорғаймыз.

Денсаулықтыжанымызғасерікқып,

Болашаққа  аманат  қыпжолдаймыз. Дей  отырабугінгісайысымыздыңбіріншіойынынбастаймыз!

1-ші. «Кімойшаң»ойыншартыжүгіріпбарыптөсенішкедомаланып,математикалықберілгенесептердішешіпбарғанжолыменкейінқайтады. Осылайойынжалғасады.

 

2-ші. «Картобыңдыегіпкел де  жинап  ал»Ойыншартыысқырықбелгісіненкейінбір-бәроқушыиығындағыдорбаларындаалтыкартоптансалынғанкедергілерарасыменжүгіріпбарып   (шеңбер)  ішінеегіп,артқатікежүгіріпқайтады.Екіншіоқушыегілгенкартоптыжинапалады: Осылайойынжалғасады.

 

Мұғалім:

Деніңсаудакүштісің,бұләлемде,

Деніңсаудасұлусыңжербетінде.

Солмықтыденсаулықтыңарқасында,

Жеңерсіңауырзамантәлкегінде.

 

3-ші «Қырықаяқтар»ойыныныңшарттарыментанысболайық.Әртопоқушыларыныңбарлығыбір-бірініңбелдеріненжақынұстапысқырықдыбысынанкейінкедергілерарқылыжүгірежөнеліпмәрегебарыпқайтады.Жүгіргендешалынбасүшінтопбасшысыоңаяқ,солаяқдепотырукерек.

 

 

 

Мұғалім:

Иілемін ,бүгілемін

Мыңбұралыпменжүремін,

Топоқушысайысканда

Ептілікпенменжеңемін! Дейотырып 4ші ойынымыздыбастаймыз.

Ойынщарттарымынадайекіоқушықарама-қарсыиықтарынанұстапдоптыекіқолдыңортасынақойып,жергетүсірмей, кедергілерарасыменбарыпкелу.

 

Мұғалім:

Албалаларсайысқақалайсындар

Сендерөтерәлідеталайсынбар.

Дәлдепбарыпөзтүсіңдісалыпал! Дей  отыра  5 шісайысымыздыбастаймыз…

 

Әділ-азыларшешіміншығарғаншаәсем-әуеншырқалады!

 

Спортқаберіксеніңіз,

Думанғақызықкеліңіз.

Әділқазыелсенген

Сайысқабағаберіңіздейотыр  «Толағай»аттысайысымыздыңжеңімпаздарынанықтайық…

 

Қорытындылау:

 

6-шы: Әділ-қазыларөзшешімдерінайтады.Жеңімпаздардымарапаттайды.

 

Жарысзаңыежелден,

Жеңімпазанықтау.

Жеңімпазболушартемес,

Спортпененеңбектеніп, жалықпау.

 

Қошсауболыңыздаркелгендеріңізгекөп-көп   рахмет!

 

Ә.Кекілбай "Тасбақаның шөбі"

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Алиева Жадыра Илтесовна

 

 Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбай"Тасбақаның шөбі"

Сабақтың мақсаты:

 1.Әңгіменің мазмұнын талдай отырып,  негізгі ойын түсінудіру.

  1. Бағыт-бағдар бере отырып өз ойларын ,пікірлерін ашық айта білу қабілеттерін дамыту.
  2. Мейірімділікке,жан-жануарларды күтуге,сезімталдыққа ,ырым тыйым сөздердің мән мағынасын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО технологиясының элементтері,көрнекілік.

Көрнекіліктер:тасбақаның  суреті,тірек сызбалар,автор портреті, интерактивті тақта, слайдтар.

Пән аралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

І  Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Әрі нәзік, әрі жарық мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

 

-  Міне, жүрегімізді осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.   (1 оқушы хабарлайды.)      "Жасырын стикерлер" әдісі.

  1. Сары стикерлер - мәнерлеп жатқа айту.

2.Қызыл стикерлер - сұрақтарға жауап беру.                                                                                                   

1Өлеңде кім туралы жазылған?                                                                                                                        

2.Ұшқыш көкте жүріп неге қызығады?                                                                                                             

3.Өлеңнен туған жерге деген ыстық сезімді бейнелейтін сөздерді тауып оқы.

1.Топпен сайыс   -Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

 

 -Туған жерге деген сендердің ыстық сезімдерің қандай?(Тілектерін білдіру )

Астананың символы бәйтерекке тілектерін жапсыру.

ІІІ  Жаңа сабақ.     Кіріспе.

-Біздің  туған ел қалай  аталады?|Қазақстан|

-Қазақстанның қай қаласында жасап жатырмыз?|Маңғыстау|

-Сүйікті қаламыз Маңғыстау туралы не білеміз?|Оқушы жауабы|

-Осындай тарихы терең,киелі қалада туылып өскен белгілі жазушы Ә.Кекілбайды баршаңыз білесіздер.

 

2.(Автор өмірінен мағлұмат беріледі)

Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген Қазақтың белгілі жазушысы ,қоғам қайраткері .Елбасымыз өз қолымен "Еңбек ері " жұлдызын кеудесіне тақты.Ал,қазір Астана қаласында тұрады. Сендер 2-сыныпта "Күйші"3-сыныпта "Ауыл таңы" әңгімелерімен таныссыңдар.4-сыныпта "Тасбақаның шөбі" әңгімесімен танысқалы отырсыңдар.

3.Оқулықпен жұмыс.

( Тізбектей , іштей,дауыстап оқиды.)

-Оқушылар түсініксіз сөздердің астын оқулықтан түртіп алып отырады.

4.Сөздік  жұмысы.(Дәптермен жұмыс)

Көсік- далада,құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

Кібіртік-тоқтап ,сүрініп жүру.

Суаяқ құла-жер сызып,ептеп.

Санатар -мыжың жай жүріс.

Мимырт-аяқ алысы ебедейсіз жүріс.

Сала құлаш-

Қаражал қақырай сөгіліпті-

Шыбыртқы-3-4 өрімнен өрілетін қамшы.

Құмақ-жазық, тегіс жер.

Жусан-көп жылдық шөптесін өсімдік

/Жусан туралы мағлұмат беріп кету/

Жусан -көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өседі. 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан.. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның  дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар.Құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі  де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан да өсіреді.

ІV."Сиқырлы жусандар сұрағы"ойыны.

1-топ.

1.Жазушы "кісі мінсе кібіртік ,бос жіберсең суаяқ құла "деп нені айтып отыр?

  1. Қарабала келе жатып нені көрді?"

 3.Тасбақа қандай жануар?

2-топ.

  1. Шыбын жаны көзіне көріну"дегенді қалай түсінесің ?

2.Өзің тасбаққа аузынан шөп тістеп алған кезін көрдің бе?

  1. Әңгімеден тасбақаны суреттеген жерді ,оның қимыл -әрекетін тауып оқу.

3-топ.

1.Тасбақаны басқаша қалай атауға болады?

  1. "Әлі бауыры көтере қоймаған қу жусан " дегенді басқа сөйлеммен ауыстырып айт.
  2. Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?
  3. Сергіту сәті./Мультфильм тасбақаның қимылын салу./

VІ.Жаңа сабақты бекіту.

1.Әңгіменің "Тасбақаның шөбі" деп аталу  себебі неде деп ойлайсыздар?/Қарабаланың халық ұғымына сенуінен туындаған./

2.Қарабалаға шынында да,тасбақа шөбінің  көмегі  тиді деп ойлайсыздарма?

3.Адамға жақсылық әкелетін "Тасбақаның шөбі" сияқты жан-жануарлармен құстарға арналған наным,сенім,ырым сөздерді білесіздерме?

 

Қандай ырымдар бар?

                         Неге?

1.Сыпырғышты тіктеп қойма.

Дұшпаның басым болады.

2.Екі қолды төбеге қоюға болмайды.

Өмірден қайғы қасірет көрген адам осылай істейді.

3.

 

 

-Қазақтың ырым сөздері қазақ халқын тәрбиелейді.

 

VІІ . Қорыту. Топтастыру әдісі. Бүгінгі сабақтан не білдің?

 

-Сонымен,"Тасбақа да табиғат""Адамзаттың  табиғаттсыз күні жоқ ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ."ендеше табиғаттың жан ашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

 VІІІ.   Үйге тапсырма.Түсінік айту.Жаңа жылымыз қой жылы туралы ырымдарды тауып келу тапсырлады.

10.Бағалау,мадақтау.

Білімді мыңды жығар.

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Эменова Ұлжан

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар.

Сабақтың мақсаты: 1. 3-сыныпта ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша өтілген материялдың мазмұнын, оқыған білімдерін тексеру, бағалау.

  1. Тілдік, сөздік қорларын молайту және өздерінің ой пікірін жеткізе білуге машақтандыру, ой өрісін дамыту.
  2. Оқушыларды мақсатқа жетуге умтылдыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, есептер мен талдауға берілген сөйлемдер.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

 Мұғалім – балалар біз бүгін ата-аналарымызға арнап 3-сыныпта негізгі пәндерден алған білімдерімізді көрсетеміз. Бүгінгі сабақтың бұрынғы сабақтарымыздан өзгешелігі, сөздерді ата аналар бағалайды.

  1. Психологиялық дайындық

Топқа бөлу «Білгірлер тобы» «тапқыштар тобы» Әрбір топқа негізгі 4 пәннен сұрақтармен тапсырмаларберіледі, жауап берген топқа 1 ұпай қосылады.

1-айналым. «Кім тапқыр» ойын.

  • Ақыл тозбайтын тон, Білім .....................
  • Білім қымбат, ..................
  • Күш білімде, .....................
  • Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің ..................
  • Көп жасаған білмейді, Көп ...............

Әдебиеттен өлең, таппақ және әңгімелеу.

Жұмбақшылар сайысы

Екі топ жұмбақ жасырудан жарысады

Сурет бойынша мәтін, сөйлем құрау және әңгімелеу.

2-айналым.

  • Орын ауысқан сөздерден сөйлем құрау
  • Қазақ тілінен ережелерді сұрау қою арқылы білімдерін анықтау.
  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? Олар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлері бар?Олардың сұрақтары қандай?
  3. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Сөйлем мүшелері ата. Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не?
  4. Тұрлаулы мүшелер нелерден тұрады?
  5. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай түрлері бар? Сөз құрамы нелнрден тұрады? Түбір дегеніміз не?
  6. Қосымшаның түрлерін айт.
  7. Қосымшаның екеуіде қатар жалғанатын болса бірінші қайсысы жалғанады?
  8. Сөз таптарын ата. Ережелерін айт.
  9. Сурет бойынша сөйлем құрату.

3-айналым. Математика бойынша

  1. Шамаларға қатысты сұрақтар

1.Уақыт бірліктерін ата

2.Масса бірліктерін ата

3.Ұзындық бірліктерін ата

4.Қосымша сұрақтар және есептер шығару

  1. Геометриялық фигураларды атайық

1.Тіктөртбұрышпен шаршының айырмашылығы қандай?

2.Ауданды қалай табамыз?

3.Периметрді қалай табамыз, Және оны табудың қандай тәсілдері бар?

4.Салыстырудың қандай түрлерін білеміз?

5.Шамаларды атайық, оларды рет-ретімен атайық.

  1. 1а неге тең? 1тәулік - ? сағат бар?
  2. 1ц - ?кг 1кг - ? гр 1т - ?кг       1км -?м        1ғ - ?жыл бар    т.б
  3. Теңдеудің қандай түрлері бар?
  4. Мәтін есеп неше бөліктен тұрады?
  5. Өрнектің қандай түрлері бар?
  6. Санның жартысын табу үшін нешеге бөлеміз?
  7. Санның 2/1 бөлігін қалай табамыз?
  8. Санның ширегін табу үшін нешеге бөлеміз?
  9. Санның 4/1 бөлігін табу үшін не істейміз?
  10. Бір таңбалы сандар қатары қанша?
  11. Осылардың ішінде натурал емес сан қай сан?

4-айналым. Дүниетану

Табиғатқа байланысты суреттер бойынша сөйлету

1.Табиғат нешеге бөлінеді?

2.Қаңқа ненің көмегімен қимылдайды?

3.Қан айналым мүшесіне не жатады?

4.Қандай қан тамырларын білеміз?

5.Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

6.Сезім мүшелерін ата.

7.Табиғатты қалай зерттейді?(Бақылау және тәжірибе арқылы)

8.Жүйке жүйесіне не жатады?

9.Су жер бетінің неше пайызын құрайды?

Тесттік тапсырмаларды қайталаймыз.

 

Қорытынды

Екі топтың жинаған ұпайларын ата-аналар санау арқылы бағалайды.


Кітап- білім кілті

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Абилбаева Фатима Эрмекбаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Кітап- білім кілті

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау.

                                      Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту. 

                                      Оқушыларды оқулықты құрметтеуге, кітапты ұқыпты    

                                       ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Оқушыларды   топқа бөлу

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Ақыл-ойын дананың

                    Ана тілден аламын

                    Ана тілім ардақты

                    Ақ сүтіндей анамның-дей келе,әдебиеттік оқудан не үйрендік, не білдік, соған тоқталайық.

А.Мәнерлеп оқу

Ә.Мақал-мәтел айту

1-топ достық туралы   3- топ еңбек туралы

2-топ кітап,білім туралы             4- топ ынтымақ,бірлік туралы

Б.Сұрақ-жауап

1 Оқуға шақыру өлеңінің авторы кім? А. Байтұрсынұлы

2Жақсылардың жақсысы ертегісінде әкесі кызына нелерді көрсетті?

3  Қатқан нан мәтінінде баланың есімі кім?  Сережа

  4 Малта өлеңінің авторы кім?

5   Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата?

6Дихан Әбілев Туған тілім өлеңін жатқа айт?

7   М.Шаханов Төрт ана өлеңін жатқа айт?

8  Күлпәш әңгімесінде Қали мен Күлпәш Мақтымның келгенін неге асыға

   күтеді?

9  Абайдың Қыс өлеңін жатқа айт?

10  Ы. Алтынсарин Баланың айласы мәтінінде бала қандай айла ойлап айтты?

11   В.Сухомлинский Ақ шаш мәтініндегі баланың есімі? Миша

12   Абай Жазғытұры өлеңінайт

13   Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

     Кім тапқыр ойыны

 

    ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Ә дыбысы мен әрпі

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Борашова Багила Илесқызы

 

Сабақтың тақырыбы:Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды Әә дыбысымен таныстыру,ә дыбысының орнын анықтау,сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру,сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың шығармашылық қабілетін,ой-өрісін,сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Әдемі,көркем,таза жазуға үйрету,бауырмалдыққа,еңбекшілдікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту

Сабақ әдісі:түсіндіру, талдау-жинақтау,сұрақ-жауап,топтастыру,салыстыру

Сабақ көрнекілігі:алфавит,ә дыбысының таңбасы,суреттер,кеспе әріптер,текшелер,буындар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз.

Ұстаздарды құрметтеп,бас иеміз біз.

ІІ.Өткен сабақты тексеру

1.Ін мәтінін әңгімелету,бағандағы сөздерді оқыту.

2.І дыбысының қандай дыбыс екендігін сұрау,оның неліктен дауысты дыбыс екендігін пысықтау

3.І дыбысы қай буындарда кездесетінін сұрау.Мысалдар келтіру.

ІІІ.Жаңа сабақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай.

                                 (Әтеш)

Әтеш сөзі қай әріптен басталған?

Демек бүгін біз «Әә» дыбысы және әрпімен таныс боламыз.

1.Оқулықтағы суретпен жұмыс.Әже деген кім?Сен әжеңе кім боласың?Анаңның анасы саған кім болады? Деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.

2.Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру,оны буындап оқу,дыбыстық талдау жасау,ә дыбысы дауысты екенін,өздігінен буын жасай алатынын,көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.

3.Оқулықпен жұмыс

Бағандағы берілген сөздерді буындап хормен оқыту.Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.Тізбектеп оқыту.

«Әже» мәтінін оқып беру.Мәтінде неше сөйлем бар?Мәтін не туралы?сұрақтары арқылы оқушыларға мәтін мазмұнын түсіндіру.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту сәті

«Балдырғандар маршы»әнінің бір шумағын айту.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Әдемі етіп жазайық.

Ә дыбысының бас жән екіші әрпін көрсетіп,таныстыру.Баспа және жазба түрлерін салыстыру.Әріпті ауада,тақтада,дәптерде жазу.

Көшіру диктанты

«Әжім-әженің әрі,

Әженің батасы - дәрі» деген сөйлемді әдемі,қатесіз көшіріп жазу.

Тақтамен жұмыс

Осы сөйлемге дыбыстық талдау жасату.

«Қай әріпті жоғалттым?»ойыны

...ке,...демі,с...нді,...н,д...рі

Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасы

А  Ә –жұп дауыстылар

Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау,жұлдызшалармен бағалау.

«Жапырақ тамырдан нәр алады» ата-аналар сайысы 1 – сынып.

$
0
0

ШҚО Ұлан ауданы Ұлан ауылы «С. Аманжолов атындағы орта мектеп»

КММ бастауыш сынып мұғалімі Аринова Асем Фазыловна

 

«Жапырақ тамырдан нәр алады» ата-аналар сайысы 1 – сынып.

Қайырлы күн! Құрметті ата - аналар, қонақтар!

Бүгін ата - аналарының дайындаған «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты ата - аналар сайысына қош келдіңіздер! Сайысқа қатынасушы ата - аналарды ортаға шақырайық.

Сайыстың мақсаты: Мектеп пен ата - ана арасындағы байланысты нығайту және ата - аналардың өзара қарым - қатынастарын одан әрі арттыру.

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін ат терлетер шабыстырып,

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектеп директорының міндетін атқарушы: Садуакасова Гулжан Толегеновна

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Исканова Назигуль Ермековна

Мектеп психологі: Сарманова Айгерім Кумаровна

Енді ата- аналардың топқа бөлінуі гүлдің артында жасырған сандар арқылы болады.

1саны түскен ата - аналар бір саны жазылған үстелге отырады. 2,3 саны түскен ата - аналар екі,үш саны жазылған үстелге отырады.

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

  1. Таныстыру.
  2. «Өнерлі өрге жүзер». Әрбір топ өз өнерлерін ортаға салады.
  3. «Сұрақ - жауап».
  4. «Шебер қолдар». Күз мезгіліне байланысты сурет салу.
  5. Жасырын тапсырма. Бұл бөлімде әділқазылар алқасының бір мүшесі өзіне ұнаған санды тандайды. Сол сандағы тапсырманы топтар орындайды.
  6. Ойын «Балаңызды қалай еркелетесіз?»
  7. Таныстыру.

Топтардың сайысатын күні бүгін,

Сәті түсіп, жеңеді екен кімді кім?

Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,

Үш топ таныстырсын бір - бірін.

2.«Өнерлі өрге жүзер».

Біздің топтар өнерпазы бай халық,

Әнші депте биші депте айтайық.

Талаптарың таудай екен бүгінгі

Өнеріңді көрсетсеңдер қайтеді,- дей отырып, біздің сайыскерлерімізді өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.

  1. «Сұрақ - жауап».

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығымдылық

Келесі бұл сайыстың жоспарында

Түседі бәйгеге білімділік - деп сайысымыздың «Сұрақ - жауап» кезегін бастайық.

  1. Бала тәрбиесінде негізгі рөлді кім атқарады?
  2. Балаға мінез қандай 3 адамнан жұғады?
  3. Отбасындағы кикілжің балаға әсер ете ме?
  4. Балаңыздың достары туралы білген дұрыс па? Неліктен?
  5. Күнделікті балаңыздың күнделігін ашып қарайсыз ба?

 

  1. «Шебер қолдар». Бұл бөлімде ата - аналар ұжымдық жұмыс жасайды. Майлы бояу, түрлі - түсті қарындаш және ермексаздан күз мезгіліне байланысты суретті бейнелеу.

 

  1. Жасырын тапсырма. Бұл бөлімде әділқазылар алқасының мүшесі өзіне ұнаған санды тандайды. Сол сандағы тапсырманы топтар орындайды.

 

  1. Ойын: «Балаңызды қалай еркелетесіз?» Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Әділқазылар сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсімі жасалады.

Сайысты Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді. «Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін».

Мақта қыз бен мысық"ертегісі

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Қалмаханова Роза

Тақырыбы:    "Мақта қыз бен мысықертегісі

 

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Әдіс-тәсілдері: сұхбат,әңгіме,ойын.

Қостілділік компонент: Қыз – девочка, мысық – кошка, сүт - молоко

Көрнекіліктері: Интереактивті тақта,

ертегі кейіпкерлері, сыйлықтар.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Модерация – топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі

$
0
0

Қызылорда облысы,  Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы №114 орта мектептің

оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаңабергенова Алтын І деңгей

 

Сабақтың тақырыбы:

Модерация – топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі

Жалпы мақсаттар:

1.Топтық жұмыстың жаңа әдісімен танысу, ерекшелігі мен  идеясын түсіну, осы әдісті   тәжірибеде пайдалану жолдарын қарастыру.

Күтілетін нәтиже:

Қатысушылар:

Модерация әдісін біледі

Модерация әдісін сабақта тиімді пайдалануға ұмтылады

1.     Топтық жұмысты белсендендіру мақсатында модерацияны қолдана алады;

2.     Жасалған жұмыс бойынша кері әрекет алуды;

Ортада жайлы әрекет орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.

Түйінді идеялар:

Модерация әдісін қолдану  арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың  іс-әрекеті

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 1) Жағымды ахуал қалыптастыру. (Әрбір мектептен келген мұғалімдерді коучингке тарту. Ол үшін өздері білетін мақал айтып белсенділік танытқан әріптестерді ортаға шақыру. Белсенділігі үшін гүл ұсыну.)

 2) «Жақсы сөз жарым ырыс” тренингі. Қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Тренинг ережесі: Гүлдің жапырағында жазылған сөзді қатыстыра отырып, әріптесіне тілек айту.

3) Топқа бөліну. Қолдарындағы гүл түстеріне сәйкес, 2 топқа бөлінеді.

Қатысушылар коучтың тапсырмасын орындайды

5 минут

 

Ой қозғау

Тақтадағы суреттерге қарауды ұсынамын

                                                                                                                                             


                             Футбол                     хоккей            волейбол

 

 

Сіздер мына суреттерден қандай ой түйіндер едіңіздер?

Топтық жұмыс

Топтарға  ватман таратылады. Постерді  әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 5 минут беріледі

топ Топта жұмыс істеу ережелері

 2- Топ  Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы

Қатысушылар жауабы тыңдалады.

-Қазір  сіздермен топтық жұмыстың «Модерация» деп аталатын әдісімен танысамыз.

Қысқаша түсінік беріледі.(мини –лекция)

-Бұл әдісте өз ойларыңызды немесе шешу жолдарын стикерге жазып, сол жазғандарыңыз бойынша қорытынды шығарылады.Бұл әдіс шағын топта жүзеге асады.Топ мүшелерімен ақылдасып, топпен жасалатын әдіс түрі.

Осы тәсілді меңгеру мақсатында практика түрінде жұмыс жасаймыз. Ол үшін талқыға салынатын тақырып «"Кері байланыс және рефлексия»

Мұғалімдер суреттерге  қарап, өз ойларын білдіреді

5 минут

ІІІ. МАҒЫНАНЫ ТҮСІНУ.

 МОДЕРАЦИЯНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ(БІР ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ):

 «Ойлан,жұптас, талқыла»

-Күнделікті сабақта рефлексия мен кері байланысты тиімді пайдаланып жүрміз бе?-деп бәрі иә деп жауап беретіндей жетелеуші сұрақ қоямын.

1.Кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығы бар ма?

2.Мен өз тәжірибемде рефлексияны қаншалықты қолданып келемін?

Таратпа материалдар беремін.

Қатысушылар өз ойларын стикерге жазады.

2 минут 

Осы мәселені шешу үшін біз шағын топтарға бірігейік ( шағын топтарға топтастыру)

Қатысушылар берілген тәсіл бойынша топқа біріктіріледі.

12 минут

 

 

 

 

5-МИН .Жеке жұмыс

 

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

РЕФЛЕКСИЯ

ІІ. МОДЕРАЦИЯНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ (ШАҒЫН ТОПҚА ТОПТАСТЫРЫП, ТАПСЫРМА БЕРУ)

 Әр топ мәселені шешудің неғұрлым көбірек жолдарын ұсыну керек. Бір стикерге –бір шешу жолын жазасыздар! Бұл үшін мен сіздерге 10 минут уақыт беремін.

ІІІ. МОДЕРАЦИЯНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ(ТОПТАР ӨЗ ШЕШІМДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ)

ЕНДІ ӘР ТОПТАН БІР АДАМ ТАҚТАҒА ШЫҒЫП ӨЗ ТОБЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРСЫН. Тақтаға шыққан қатысушы өз тобының ұсынысын дауыстап оқиды.

 Аудиожазба «Кері байланыс» өз пікірлерімен салыстыру.

«Эстафета» екі топ мүшелері, рефлексия, кері байланыс туралы не түсінді бір-бір сөзден айтады.

-Сонымен «Модерация» әдісін қалай түсіндіңіз?

• Коучинг соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан (суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетед

 

 

Су .Судың қасиетін анықтау.

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Бескулакова Ақтоты

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы:  Су .Судың қасиетін анықтау.
Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

 Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту, тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.  Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, тұз, стакан, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, су туралы тақпақтар, ырым, тиым сөздер.                                                                                          

Басқа пәнмен байланыс: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру                                                                         

Сөздік жұмыс: Жаңбыр - дождь - rain. Су - вода - water.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа бізге дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.                                                                                                                                                                          

 

Топпен жұмыс : 1- топ «Су»

                              2-топ «Мұз»

                              3-топ «Бу»                                                                                                                                                  

Өткен сабақты пысықтау:

1-топ: 1. Ауа туралы не білеміз? (Барлық тіршілікк ауа керек)
            2. Ауаның қандай қасиеттері бар? (көзге көрінбейді,түссіз,иіссіз                                                                                     

2-топ: 1. Қандай тәжірибелер жасадық? (мысал: шарды үрлесек ішіне не толады,қолбақтан қолымыз   неге тоңбайды,себебі: түктерінің арасында ауа бар)

3-топ:Ауаны қалай қорғаймыз? (мысалы: ауаны ластамауымыз керек)

Қызығушылықты ояту «Ой қозғау». Үнтаспадан судың дыбысы естіледі.                                                                    

Жаңа тақырып: Су.Судың қасиетін анықтау

-Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.. Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады. Сіз шаршап, көңіл-күйіңіз болмай үйге келдіңіз делік. Сол кездесалқын душ қабылдасаңыз, түрлі ойлардан арылып, сергіп қаласыз. Кейін бір пиала шай,  кофе ішсеңіз болғаны, көңіліңіз қалпына келеді. Демек, расымен де, су – адам өміріндегі елеулі қажеттіліктердің бірі. Сумен шайыну, бет жуу, моншаға барып тазарыну тек тән тазалығы ғана емес, сонымен бірге жан тазалығы да.

Тәжірибе - дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу 

Жаңа мағынаны таныту. Судың қасиетін анықтау үшін тәжірибелер жасаймыз                                                                                     

1- топ «Су»                                                                                                                                                          

1. Тәжірибе «Судың дәмі жоқ» (Стакан,су,түтікшелер беріледі)                                                              

Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін суға қант қосып көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергенін айтады                                                                                                                                                          

2. Тәжірибе  «Судың иісі жоқ»                                                                                                               

Тапсырма: Суды иіскеп көру арқылы иісін анықтайды                        

2-топ «Мұз»                                                                                                                                                                                                    

1.Тәжірибе «Су — мөлдір»                                                                                                                                                                      

Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».                                                                                                                                                                                                                             

3-топ «Бу»    1.Тәжірибе «Су -ериді»                                                                                                                       

 Балалар ыдысқа мұздың ерігенін бақылайды. Мұз  еріп,суға айналады.                                                           

2.Тәжірибе  «Су –буға айналады»

Судың нақты пішіні болмайды. Сызба арқылы тәжірибені қорытындылау.
Су 

мөлдір
ағады
түсі жоқ
иісі жоқ
дәмі жоқ
Судың қасиетін айту..                                                                                                                                                       

1. Судың пішіні
2.Судың иіссіздігі
3. Судың ағуы.
4. Судың түссіздігі
5.Судың мөлдірлігі                                                                                                                                                                                Ойын: «Бұлт пен тамшылар- Күн қатты ысығанда су буланады да бұлтқа айналады, бұлттан жаңбыр жауады, жаңбырдан су пайда болады

--Ерте,ерте,ерте де Су атты қыз өмір сүріпті.Ол гүлдерді бақшаға отырғызып,күнде суғарып қарайды екен.Гүлдерін жақсы көрген қыз оларды мәпелеп,аялайды екен.Бір күні күн өте ыстық болып,Су қыз маужырап ұйықтап  кетіпті.Ұйықтап кеткен Су буланады да аспанға ұшып бұлтқа айналады.Гүлдерін сағынған бұлт жаңбыр тамшысы болып жауады.Жаңбыр тамшысы  болып себелеп,гүлдерін суғарады.Гүлдері биік болып жайқалып өседі.                                                                                                                                                                                                          

Қорытынды: Су-бу-бұлт-жаңбыр-су болады.                                                                                                          

Сөздік жұмыс: Су – азық.,шөлімізді басамыз.Ағзамыз су арқылы магний, фтор, темір, йод, кальций секілді минералдарды алады.  Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 5.. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді. Дене температурасын реттейді. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.. Мидан бөлінетін гормонардың жасалуы үшін қажет.. Су адам зейінін ашады. 14. Жұмыс өнімділігін арттырады. 16. Стресс пен депрессияны басады. 17. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кетіреді, теріні жұмсартады. 18. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді. 19. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді. 20. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.. Қанның 90 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 85 пайызы, сүйектердің 28 пайызы судан тұрады. Қажетті мөлшерде су ішпегенде: 1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды. 2. Қан қоюланады. 3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады5. Іш қатуына (запор) себеп болады. Су жетіспегенде: 1. Бас ауырады. 2. Бас айналады. 3. Шаршау, әлсіздік пайда болады. 4. Ойдың тынықтығы бұзылады. 5. Тәбетсіздік туады..                                                                                                                  

Қызықты деректер: Қарбыз 92 пайыз судан тұрады. 22. Жылан суда  шаға алмайды     .Видеоролик: Су айналымы видео                                                                                                                                

Топтық жұмыс: ( Плакаттар,пламастер)
1- топ «Су»   Берілген өлеңнің ұйқасын табу
Су дегенің немене?
Достым ------келе  ме?
Су -- ------- баласы,
Су - ------ анасы.
Сусыз - ----------
Жоқ болса-------------
Дейміз -------------оны

 

2-топ «Мұз»  Су туралы мақал-мәтелдер жаз

1.Сөз анасы — құлақ                                                                                                                                                             

 2.«Бір кісі қазған құдықтан, Мың кісі су ішер».                                                                                                      

3.«Су қадірін шөлдеген білер».
4.«Сыйлап берген су да тәтті».
5.Сусыз өмір жоқ,                                                                                                                                                 

6.Судыңда сұрауы бар.             
7.Сулы жер қүрақсыз болмас, 
   Таулы жер бүлақсыз болмас.
 8.Сулы жер — нулы жер,
    Бұлақты жер — тұрақты жер.
9.Сумен ойнама — батарсың, 
   Отпен ойнама — жанарсың.

3-топ «Бу»    Су туралы тыйым сөздер жаз                                                                                                                                                     1.Кірдің суын баспа.

      2.Құдыққа түкірме.

  1. Қақтың суын ішпе.

4.Суға дәретке отырма.

  1. Сумен ойнама — батарс,
  2. Отпен ойнама — жанарсың.

Отқа түкірме, су төкп           
     8. Суға түкірме                                                                                                                                                                                            

9.Суды бекер ағызба
10.Ағынды суға кір жума                                                                                                                                                  11.Шелектегі суға аузыңды батырма.                                                                                                                                                   

12.Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.                                                                                                                          

13.Түнде суға барма.   

                                                                                                                                                                              14.Судың бетін ашық қойма

Рефлексия.

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

Суды қалай пайдаланамыз?
• Лас суды ішпеу.
• Суды ластамау, үнемдеу.
• Қайнамаған суды ішпеу.
• Тазалықты сақтау, жуыну.

Бағалау.

Құстардың қысқы тіршілігі

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Бескулакова Ақтоты

 

Білім беру саласы: Қатынас

 Бөлімі:  Тіл дамыту

Тақырыбы:  Құстардың қысқы тіршілігі

 Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру тапсырмалар беру арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері,үнтаспаға жазылып алынған құстардың үні,слайд,қима жапсырмалар,құстың ұясы.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,жұмбақтар шешу,тақпақтар (слайд,үнтаспа)

Қостілділік компонент: зима-қыс, птицы-құстар, гнёзде-ұя

  Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

 іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері                                                   

Сылдыр-сылдыр шапалақ,

Міне, менің қолым.

Міне, менің жүрегім,

Сені жақсы көремін.

 

Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады.

 

 

 

Іздену – ұйымдастыру

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

 

Қандай түсініктерді игерді:

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

 

Балалар топқа бөлініп отырады.

Өткен тақырыпты қайталау                                

Жаңа тақырып:                                   
Қыстап қалатын құстар.

Үнтаспадан құстардың үні естіледі(слайд). Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар,жыл құстары боліп бөлінеді.

-Қыстап қалатын құстар: торғай,сауысқан,қарға,кептер,тоқылдақ (слайд).Басқа құстар жылыжаққа ұшып кетеді,күн жылынған соң қайта ұшып келеді.

-Қыста құстар ағаштардың бұталарын паналап күнелтеді.Қарыны ашқан құстар адамдарға жақын ұшып қонады.

Торғай-ағаш қуыстарын,үйлерді мекендейді.Бұталардың дәнімен,жемісімен қоректенеді,кіп-кішкентай құс.

Қарға-басы,қанаты қара,тұмсығы үшкір,тырнақтары өткір құс.Түрлі тамақтарды тырнақтарымен шұқып жейді.Қарғалар ұзақ өмір сүреді.Қарға ақылды құс.

Сауысқан-ала қанатты,ұзын құйрықты құс.Құйрығының ұз-35см.Ерекшелігі-жылтыр,әшекей заттарды жақсы көреді,бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол-өте сақ құс.

Кептер-басы кішкентай,тұмсығы түзу,сирағы қысқа құс.

Тоқылдақ-ұяларын ағаштарға салады.Ағаштардың дәндерімен,жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді.Тоқылдақ қорегін мықты,мүйізденген тұмсығының жәрдемімен алады.Тырнақтары иілген.

1.Суретпен жұмыс(топтық)

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру

-Қыстап қалатын құстарды атайық?

-Қыста құстар қалай қоректенеді?

-Суретте қандай құстарды көріп тұрмыз?

Сөздік жұмыс: сарышымшық,торғай,құр

Сарышымшық-кеудесі сары,қауырсындары көкшіл болып келеді.Сарышымшықтың                15-ке дейін балапандары болады.Құртпен,көкөністердің дәндерімен,еттің қалдығымен,майларын қоректенеді.

Құр-орман құсы.Итмұрын,бұта арасында тіршілік етеді.Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады.Негізгі қорегі-өсімдіктер.Ол алысқа ұша алмайды.Аязды күндері қар астына кіріп,сонда түнейді.Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.

2.Топтық жұмыс

-Құстар туралы тақпақ білеміз бе?

-Олардың денесін не жауып тұрады?

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдап,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Жаңылтпашты жаттайық:

-Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Жаңылпаш не туралы?Қандай құстың аты кездесеі?

3.Топтық жұмыс: (түрлі-түсті қаламмен)

-Құстардың суреттерін бояу?

-Қандай геометриялық пішіндерді пайдаландық?(денесі,басы,құйрығы)

Қимылдық ойын: -Ұшты,ұшты

Жұмбақтар шешейік: «Кім зерек?»

1.Шарлап келіп даланы,үйіме үйім салады.

2.Түнде жортады,жарықтан қорқады

3.Тоқылдатып мазаны ап,ағаштарды тазалап,ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар.

4.Сексектеп бір тұрмайды,өреден құрт ұрлайды.

5.Қара түсті қарқылдақ, ұшып-қонып жалпылдап,қоқыстарды шоқиды,жем іздейді там-тұмдап.

6.Қулығын асыратын,жұмыртқасын өзі баспай,басқа ұяға жасыратын,өзін-өзі шақыратын қандай құс?

Құстар туралы болжамдар:Тыйым сөздер:

-Құстың ұясын бұзба!

-Құсты атпа,өлтірме!-Торғайға тас лақтырма!

Құстар туралы видео тамашалау.

Қорытындылау

Қыстап қалатын құстарды ата?

-Құстарға қандай көмек жасаймыз?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстар жылдың қай мезгілінде оралады?

-Оқу іс-әрекетіміздің соңында құстарға жақсы тілектер тілейік.Оларға ұя жасап беріп,қорғайық.Олар табиғаттың сәні,қорғаушысы.(ұяға құстарды ілу)

 

-Бағалау. 

 Ағаштан жасалған құстың ұясын тамашалау

  

Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

 

Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

 

 

Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Балалар екі топқа бөлініп отырады.                             Сұрақтарға жауап береді 

 

Безендірдік аулада,

Өсіп тұрған шыршаны,

Әсемдеуге әр бала,

Бар өнерін жұмсады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торғайдың суретін көріп,дауыстап тыңдайды.

 

Қарғаны тамашалайды.

 

 

 

 

Сауысқанмен танысады.

 

 

 

 

Кептердің үнін тыңдайды.Топтық жұмыс жасайды.Әр топ әңгіме құрастыруға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар суретпен жұмыс жасайды,әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылдар орындайды

 

 

Балалар жаңылтпашты естерінде сақтауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

Аяжан,Ақниет

-қарлығаш

-жарғанат

-тоқылдақ

 

 

-сауысқан

 

-қарға

 

-көкек

Аңсар: Сауысқан шатыр астына тығылса,боран болады

Айдар: Құстың ұясын бұзба.

Ержан: Қарлығаш адамға дос.

Айзере: Торғайға тас лақтырма.

Іңкәр: Құстың жұмыртқасын жарма,обал болады.

Бекарыс: Торғай топталып ұшса күн суытады

Қарлығаш: Құстар көңілденсе,күн ашық болады.


«Түбір. 222-226-тапсырмалар»

$
0
0

ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы

№77 Хамза атындағы ЖОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Абдуллаева Наргиза Алчинбековна

 

Сабақ:“Өзбек тили”

Мектеп: №77 Хамза атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Абдуллаева Наргиза.

Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Түбір. 222-226-тапсырмалар»

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Жаңа тақырыппен таныстыру арқылы оқушыларды  дұрыс жазуға үйрету, көркем және сауатты жазуға дағдыландыру. Оқушыларға тәүелсіздіктің 25 жылдығына орай мәлімет беру және олардың өзіндік ойларын жаздыру арқылы тапсырманы орындату.

 

Барлық оқушылар: Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу  қабілеттері, сөздік қоры, жүйелі мазмұндау қабілеттері дамиды.

Оқушылардың басым бөлігі: Танымдық ойлаулары, шығармашылықпен ойлауы, қызығушылықтары дамып, еркін сөйлеуге уйренеді.

Кейбір оқушылар:  Нақыл сөздерімен, еліміздің түрлі жерлеріне сараптама беріп, салыстыра алады, етістік пен есімдікті салыстыра алады.

Алдыңғы оқу

Сөздердің құрамы (әріптер, дыбыстар) туралы мәлімет айта алады, талдай алады.

Жоспар                              Қысқа мерзімді сабақ жоспары,  «Ўзбек тили» кітабі, Алматы «Жазушы»баспасы,                               

 

Жоспарланған уақыт

 

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескерпелерді жазығыз)

Ресурстар

 

 

Басталуы

Сәлемдесу. «Күлкі сыйлау».
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бірге үйге қайтамыз.

 «Шаттық шеңбері» де оқушылар сәттілік тілеп, топқа бөлінеді.. (Салом, Янги кун)

 

 

 

Ноутбук, дидактик материалдар.

Ортасы

А.«Миға шабуыл» әдісі : (оқушылардың ойын сұрау, Мен неде қәтелікке жол қойдым?)
Т. «Кім тапқыр» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шолу жасау. (Тәүелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мәлімет береді. Сөйлемдердегі сөздерді талдайды) Ойын барысында сөздікпен жұмыс жасалады.

Тапсырманы орындаған соң оқушылар марапатталады

Т. «Ой тастау» әдісі арқылы оқушыларға «үй бөлмесі» туралы сұрақтарберіледі.

Т.А. 222-тапсырманы топта  шартына қарай орындату. (слайдта көрсету)

223-тапсырманы «Артық сөзді тап» ойыны арқылы орындатылады.

224-тапсырманы «Т кестесі» бойынша орындатылады.

225-тапсырманы «Пантамимо» әдісі бойынша орындату арқылы жаңа тақырыпты пысықтау.

 

Қоржын, кеспе қағаздар

Аяқталуы

 

Білімді қорыту:

 «Сұрақ-жауап» әдісі:

1.”Қарлы кесек” әдісі арқылы

Кері байланыс: "ББҰ" әдісі жүргізіледі.

Үй тапсырмасы: А.226-тапсырманы орындату,түбірі «гул» болған, соң түбірі «боғ» болған сөздерді жазу, қосымша сөйлем құрастыру.

 В оқушы:226-тапсырманы орындау барысындаүбірі «гул» болған, соң түбірі «боғ» болған сөздерді жазу

С оқушы: 226-тапсырмадағы , түбірі «гул» болған сөздерді жазу.

               

 А4 қағазы, ручка

 

Қосымша ақпарат       Өмірмен байланыстырады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Үй тапсырмасы: А оқушы "Қазақстан көпұлтты мемлекет" туралы мәліметтер жинау

 В оқушы мақал-мәтел, насихаттарын жаттау

С оқушы мәтінні оқып, мәнін түсініп келеді.

               

 

 

Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Ынталантырушы

1.  Кері байланыс БҰЗТО кестесі бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері   АКТ – мен байланыс  Құндылықтағы байланыс

Математика, ноукбук, мектеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия                Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

Қорытынды  бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуны да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Тақырыпқа жаңа әдіс-тәсілдердің сай келуі;

2: Оқушы үні

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастырғаным;

2: "Миға шабуыл" әдісі 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

ЖАДА ның жетілдіру қажет екендігін ұғындым.

 

 

 

                 

 

Климат және ауа райы

$
0
0

Пән:Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Күні:3.05.2017

Сынып: 1-сынып

Мектеп: №77 Хамза атындағы ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Наркулова Шахида

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Климат және ауа райы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1.Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар:Жыл мезгілдерін ажыратады.

 

Көптеген оқушылар:Жыл мезгілдеріне қатысты бос уақытты өткізу жолдарын атай біледі.

 

Кейбір оқушылар:Жыл мезгілдерінің атауын жазады бос уақытты табиғатта өткізудің мүмкіндіктері туралы әңгімелей алады.

 

Бағалаукритерийлері

Жыл мезгілдерін ажыратады.  Жыл мезгілдеріне қатысты бос уақытты өткізу жолдарын атайды.

Тілдікмақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жыл мезгілдері қыс, көктем , жаз, күз және ауа райыыстық, салқын,  ылғалды және т.б.

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз ауа райы бойынша мәліметтерді қалай жазамыз?

Біз әртүрлі ауа райыны  қалай өлшейміз?

 

Әр бір мезгілдің өзіндік ерекшеліктері мен өзгерістері түралы, табиғаттың өзіндік мәні мен оны аялауды біледі және түсіндіре алады.

 

 

Құндылықтардыдарыту

 

 

Отанға болған сүйіспеншілікті күшейту соны мен табиғатты аялау

Пәнаралықбайланыстар

 Өзін-өзі тану, сауат ашу, математика.

АКТ қолданудағдылары

Фотосуреттер, слайд, презентация

Бастапқы білім

 

1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау

 

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтыңбасы

 

(Ұ).Жіл мезгілдерін білеміз бе?

Қандай айырмашылықтары бар?

Жылдың әр мезгілінде қандай ойын ойнайсың?

(«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы)

Оқушыларды жыл мезгілдер сияқты 4топқа бөліп аламын.

Сурет арқылы. Әр суреттің бірінші дыбысынан сөз құрсақ бүгінгі сабағымыздың тақрыбын табамыз. Оқушылар суреттерге қарай отырып тақрыпның мәнін ашаді. Жыл мезгілдері.

Жылдің төрт мезгілі бар.

Олар;күз,қыс, көктем, жаз.  Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар.

Оқушылар жұптасып тапсырманы орындайды және

 әр бір мезгілді сіпаттайды.

Күзде ағашдың  жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Күздың басы жылы болса, айғы суытады. Бұл қыс мезгілінің басталатынын білдіреді. Көктемде қареріп,дала көкорай шалғынға оранады.

Жазда шуақты кундер басталып бақта жидектер пісіп жетіледі.

 

«Балапан» арнасының ауарайы болжамы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл мезгілдерін суреттері.

Сабақтыңортасы

 

«Бұл қай кезде болады?»ойыны сүрет арқалы белгілеу.

 

Кітаппен жұмыс.

Күз мезгілінде ауа райы.

Қыс мезгілінде ауа райы.

Көктем мезгілінде ауа райы.

Жас мезгілінде ауа райы.

 

Сергіту сәті.

Жел улейді; у-у-у—у

Қатты жел соқты; гу-гу-гу-гу

Құйын келіп биледі;зу-зу-зу-зу

Жапырақар қол соқты;ду-ду-ду-ду

 

 

«Кім шапшаң»әдісі арқылы оқушылар дәптермен

 жүмыс.

Жіл мезгілдері. Күз ,қыс,көктем,жаз.

Жыл мезгілдеріне орай шеңбердің ішіндегі дөңгелетерді бояу.

«Ролдік»ойыны арқылы оқушылар ертегінің мәнін түсіндіреді.

Ертегі; «Ауа ,су және жарық»

Ерте, ерте, ертеде осыдан көп жыл бүрын су болмапты.Құстар шөлден қаталапты. Ағаштар қурап қалады гул солады. Шаршаған құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастады.Су тамшылары буға айланып,аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір- бірімен қосылып бұлтқа  айналады. Жерге жауып жауды. Жер рахаттана демалды.

Ойынға арналған үлестірме парақшалары

Сабақтың соңы

 

Сабақты қорытындылау мақсатында муғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені ,не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық тұғызғаны туралы ой-пікірлерін бідліре алады.

Бекіту. Сабақтабіз не істедік? Қай тапсырма ұнады? Неге?

(«Үміт ағашы»)

 

Стикер

маркер

Меуеліағаштың сүрет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Топтық тапсырмалар

Бұл қай кезде болады? Ойыны арқылы тұжырым жасап ортақ шешім қабылдауға дағдыланады.

Жұптық тапсырмалар

Оқушылар «Кім шапшаң» әдісі арқылы жыл мезгілдеріне орай шеңбердің ішіндегі дөңгелетерді бояу.

Жеке тапсырма ( ыстық орындық әдісі, «сырлы сандық» әдісі)

 

Басбармақәдісі

Бағдаршамәдісі

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Иә, өйткені барлық оқушылар жіл мезгілдері туралы мәлімет айта алады.

2. Топта жұмыс жасау оқушылар үшін қызықты болды (рольдік тапсырмаларды орындау барысында)

3. Сабақтың уақыттық кезеңдері айтарлықтай сақталған жоқ, өйткені оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындауда уақыт шектелген жоқ.

 

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:Оқушылар бұл қай кезде болады? әдісін қызығып орындады.

2: Топтық жұмыста оқушылар белсенділік көрсетті

 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жіл мезгіліндегі озгерістерді сыпаттау.

2: Есте сақтау қабілеттерін дамыту  үшін  ойын түрлерін пайдалану ұтымды болуы мұмкін.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ кезеңдерін дұрыс пайдалануға көңіл бөлуді жолға қою керек екендігін ұғындым.

Оқушыларды сабақтың әр кезінде бағалау.

Жас жол инспекторларының үгіт-насихат сценарийі

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Атантаева Назымхан Мурзабековна

  

Оқушылар музыка ырғағымен ортаға билеп шығады.

      -Жас өрен үгіт-насихат тобынан

       Жалынды сәлем!

Назарларыңыз экранға

Видиоролик:( оқушы бағдаршамның қасындағы ақ  жолақты жолмен  жүрмей басқа жолмен жүріп бара жатады.Сол кезде көлік бүлдіргенді қағып кете жаздайды.Оны көрген Жолдос Бүлдіргенді құтқарады.Салем Бүлдірген менің атым Жолдос сен жол ережесін бұздың мен ереже бұзған балаларға көмектесемін.Сен жолда абайлап жүруің керек.Жолды бұлай кесіп өтуге болмайды. Мен саған жол белгілерін үйретейін жүр деп сахнаға шығады.)

Жолдос  пен  Бүлдірген сахнаға шығады.

-Бүлдірген, бұл жас жол қозғалыс  инспекторлары, олар саған жол ережелерін үйретеді.

       Сөз кезегі сендерде

       Жұмбақ сыр бар сөздерде.

       Мәнін ашып олардың,

       Сырын үйрет біздерге.

 

Тротуар—Тротуар жүрер жері жаяудың

                   Желаяқтың,жайбасардың,баяудың.

                   Машинаның жолы көше ортасы

                   Мұны ұмытып кете көрме,аяулым

 

Зебра-     Қара жолда ақ жолақ

                Зебраның түрі көп-ақ.

                Реттелген,реттелмеген

                Жатыр жолда сені қорғап.

                Алдымен қара сол жаққа

                Таяу жерде көлік жоқта,

                Өтіп ал арғы жаққа.

 

Жолдос:     Жол  белегілері- Жол белгілері көп әртүрлі,

                                                 Бәрін де оның білген жөн.

                                                 Жол жүргенде бұзбай  оны,

                                                 Аман-сау боп жүрген жөн-деп

                                                 олармен таныс      болайық.

Қызылмен боялған шеңберім аумақты

Тыйымшыл белгімен,қаталмен,салмақты.

                       

                      

                        Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге

                        Шектеу бар бағдарла,көз салып жан-жақты.

                        Қып-қызыл үшбұрыш ескерту белгісі мен болам.

                        Қауіптен сақ бол деп,сәт-сапар жолдаған.

  Төртбұрышты көк түстер

   Айтып тұрар біздерге

   Аялдама қай жерде

   Елді мекен бар жерлер.

   Бұл ақпараттық-көрсеткіштік белгілер.

 

 Жолдың жіңішкерген учаскелерін,көше қиылыстарын кесіп өту кезегін,басты жол,басты жолдың аяқталғанын  білдіретін басымдылық белгілері мен боламын

 

Дөңгелек белгілер,көрсетер бағытты,

Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұратын жолыңда

Алдан-ала жазылатын белгілер  мен боламын

                           

Басты жолдың бағыты,зағиптер,мүгедектер,қолданылу уақытын нақтылайтын немесе шектейтін қосымша ақпарат белгілері мен боламын.

           Аурухана,телефон

           Керек болар ауыз су.

           Демалыс орын,бекетті

           Көрсетер сервис белгісі.

 

Жүргізуші: Жол ережелерін тағы түсіндіреміз бе?

Жолдос: Жоқ,одан да көрсетейік,

                 Өткенге көз жүгіртейік!

(музыка ырғағы, авария)

-Бұл Арман-.Ол қатты жылдамдықпен мопед айдап келе жатып,рөлге ие бола алмай жол апатына түсіпмиы шайқалды.Егер ол шлем кигенде мұндай өкінішке тап болмас еді.

-Бұл Марат.Ол сабаққа кешігіп жүргін бөлікті дұрыс емес жерден қиып өтті.Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тоқтап үлгермеді .Марат жол ережесін  білгенде мұндай өкінішке тап болмас еді.

-Бұл Асел.Оны жол апатынан тоқтатып үлгердік.Асел жүргін бөлікке доп ойнауға болады деп ойлады.

 

Тақпақатар:

Жолда жүргенде  қиындық болмас

Абайлап жүріп нық бассаң.

Асығып саспай,мақтанып таспай,

Жолыңды біліп тоқтасаң.

 

Жолдос:

Ей,  Бүлдірген,Бүлдірген!

Үстіңнен бір күлдім мен,

Ақымақ десем ренжисің

Білместікпен күлдірген

Мұның енді ұятқой!

Сенен де кіші жол білген

 

 

Бүлдірген:

Кешірші Жолдос білмедім

Неге басқаға күлмедің.

Мұның бәрі күндіз ғой,

Түнде қайтіп жүремін,

Сол кезде жолды қалай білемін?

 

Жолдос:

Түсінбедің бе достым!

Ал енді маған ақыл қосқын.

Күн бар жерде,түн де бар

Түндегі жарық шағылыстырғыш белгіге

Көңіліңді аударып,үлесіңді қосқын.

 

Бүлдірген:

А,түнгі жарық шағылыстырғыш белгі дейсің бе!

Ал ендеше сөйле ,құлағымды тостым.

 

 

 

 

 

 

 

Жолдос:

Дұрыс айтасың  егер түн болған жағдайда біз бүкіл Қазақстан балаларына арнап жарық шағылыстырғыш киім үлгісін ұсынамыз. (музыка,оқушылар киініп шығады)

-Назарларыңыз экранға!

(видео)

 

Бұл киім үлгісі жүргізушіге балаларды алыстан көруге көмектеседі.Жол көлік оқиғаларының алдын алады.Жарық шағылыстырғыш жол белгілерінде,МАИ қызметкері киімінде, реттеуші таяғында жұмысшы киімінде болады. «Алыстан көрінген - қауіптен құтылар» деп бұл киімнің пайдасы өте көп.Болашақта бүкіл балаларға да осы киімді ұсынамыз.

Жолдос:Бүлдірген, енді бәрін түсінген боларсың, саған да арнап жалық шағылыстырғышы бар киім дайындадық.

Бүлдірген:                       Көп-көп рахмет, Жолдосым.

                                          Ылғи менің бол досым,

                                          Енді бәрін білемін

                                          Жолда сақ боп жүремін.

Ән: (Жаяу минус)        Бағдаршам

Қалада көлік көп,

 Қалада апат көп

Сақтайтын апатттан

Тек қана бағдаршам.

Ереже білеміз,

Сақтанып жүреміз.

Егер сау жүрем десең, бәрі қолыңда

Жаяу, бағдаршаммен жүрем

Баяу, сергек өмір сүреміз.

          Қ-сы

Қала-да-да-да бағдаршамдар өте көп

Бәрін-де-де-де бәрінде көреді

Адам-да көлікте сол шаммен жүріп келеді

Тамаша бағдаршам .

      Бәрін де біледі .

Үлкен біздің қаламыз

Есте сақтап аламыз.

Қызыл сары, жасыл шам

Көшеде тұр бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам.

Ел болашағы-білімді ұрпақ

$
0
0

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі АЛЬЖАНОВА САУЛЕ ГАЙНЕТДЕНОВНА

 

«Ел болашағы-білімді ұрпақ»

(бастауыш сыныптардағы онкүндік қорытындысы)

  1. Бейнебаян
  2. Би «Ата толғауы»

Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар!

              Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді және оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімін, жеке пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткен «Функционалдық сауаттылық-сапалы білім берудің кепілі» атты «Балбұлақ» әдіс бірлестігінің мектепішілік онкүндігі аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындылау сәтіне қош келіпсіздер!

Бүгінгі «Ел болашағы-білімді ұрпақ» атты іс-шараның мақсаты: Онкүндікте жасалған жұмыстарды қорытындылау және іс-шараларға белсене ат салысқан білім алушыларды марапаттау.

  1. Тақпақтар

1-оқушы

Ой-сананы арттыру

Бүгінгі күн талабы

Біле білсең бұл дәуір

Білімділер заманы

2-оқушы

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

3-оқушы

Білім аққан сел дейді

Бірақ, оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл –ойға кең дейді

4-оқушы

Талаптанып, қанаттанып

Өмір сырын ұғамыз

Білім алып, тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

5-оқушы

Керемет бұл бала шақ

Оқушы кез тамаша

Білімді бол, достарым

Біз-кейінгі болашақ

6-оқушы

Оқу, білім-жанған шырақ ойласаң

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал

Пайда аларсың үйренуге тоймасаң

7-оқушы

Білім деген таусылмайтын қазына

Құлаш ұрдым не де болса жазыла

Бұлағына қана бергім келеді

Сапар шегіп өнер –білім бағына

8-оқушы

Білім деген таусылмайтын бұлақтай

Білім деген желкілдеген құрақтай

Қарсы алдыңнан сәуле шашып тұратын

Білім деген ай мен жұлдыз шырақтай

9-оқушы

Ақыл азбас, білім тозбас кен,-дейді

Іздемесең-білім өзі келмейді

Ғылым жолын таба білсең ерінбей

Ол жаққан от өмір бойы сөнбейді.

10-оқушы

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

 

Ән: «Біз- болашақ иесі»

 

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар бүгінгі ұрпақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы-білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас-ертеңгі ел тірегі, келешектің келбеті емес пе? 

Ендеше ортаға болашақта ел тізгінін ұстайтын жігіттерімізді шақырайық, «Туған жер» әнімен

(жетістіктерді айтып өту)

 Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан-жақты болуға үйрету мақсатында өткізілген бастауыш сыныптар бойынша мектепішілік пәндер олимпиадасының жеңімпаздарын «Үздік білім алушы» номинациясы бойынша марапаттау үшін сөз --------------------------------------------беріледі.

Ән: «Балдәурен» Асхат Айдана 2 «А»

 Мектебімізде ұйымдастырылған онкүндікте білім алушылардың барлығы дерлік жоспар бойынша өткен іс-шараларда белсенділік көрсетті. 4 сынып білім алушылары-білімділігі, дарындылығы, байсалдылығы, ізденімпаздығы, еңбексүйгіштігі, талаптылығы сияқты игі қасиеттерімен белестерден көріне білсе, 3-сынып нағыз өнерлілер мен дарындылар ордасы. Олардың арасынан шығармашыл, адамгершілігі мол тұлғалар шығатынына сеніміміз мол. 2 сыныптарда  өте қабілетті, дарынды және креативті балалар бар. Олар өздерінің қызығушылығына қарай   үйірмелер мен спорттық секцияларды таңдаған.

 1 сынып білім алушылары жаңадан сынып ұжымы болып қалыптасып жатқандықтарына қарамастан белсенді, тату өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді және мектепішілік іс-шараларға қатысуға деген құлшыныстары өте жоғары.

«Белсенді сынып» номинациясы бойынша марапаттау үшін сөз--------------------------------------------------------- беріледі.

      Бастауыш сынып білім алушыларының кітап оқу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Облыстық «Қызыға оқу» әлеуметтік педагогикалық жобасы.

 

Сатиралық көрініс «Баласы басын изеді» Көпен Әмірбек

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт-білім. Дана балаларымыз «Күш-білімде, білім-кітапта немес мұхит басы-бұлақ» деп бекер айтпаған.

        Ендеше білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өсу үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушыларымыздың шығармаларын қызыға оқу барысында жетістіктерге жеткен «үздік оқырман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз------------------------------------------------- беріледі.

   Ән «Ұлытауым»  Ақбота мен Салтанат

«Сәнді сурет сүйсіне көрмекке жақсы, ал мәнді сурет белгілі бір мәнді, суретшінің сезімі мен іңкәрлігін, әрекеті мен мінезін, табиғи дарынын білдіреді»-деген сөздің жаны бар екендігіне біздің білім алушылырымыздың салған суреттері көз жеткізеді десек артық айтпаған болармыз.

     Олай болса «шебер суретші» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз-------------------------------------------- беріледі.

Өлең «Кітап менің жолшырағым, серігім» Маменова Назерке 4 «А»

Шығарма адамның бүкіл ой қиялын, сыр мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйсіндіреді, тыңдатады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді.

Шығарма жазу барысында білім алушылар көргендері мен бақылау нәтижелері бойынша ой түйіндейді.

«Кітап-рухани, баға жетпес қазына» атты «үздік шығарма» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз--------------------------------------------------беріледі.

 

Айтыс: Жарас пен Жанерке

Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы

Сонда да солардың бар таңдамасы

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы, -деп ұлы ақы Абай атамыз жырлағандай ақындық жолына түсу және «ар ақыны» болу алдымен тума таланттың, содан соң еңбектің, уақыттың әміріндегі із. Біздің «жас ақын» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз---------------------------------беріледі.

  

 Бүгінгі ұрпақ болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Елімізде әрбір ұрпақтың алаңсыз білім нәрімен сусындауына барлық жағдай жасалған. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Себебі ел болашағы мына сендердің қолдарыңда.

    Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген бүгінгі ұрпақ текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден бір куәгер болсын!

Көрермендермен ойын «Белсенді көрермен»  

(Көрерменге викториналық сұрақтар қою)

«Б б» дыбысы мен әрпі

$
0
0

Атырау облысы Атырау қаласы

№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы

Сабақтың тақырыбы: «Б б» дыбысы мен әрпі

 

 

Сауат ашу

 

Сабақтың тақырыбы: «Б б» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру

Көрнекіліктері: ойыншық балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әріптер, текшелер т.б

 

Сабақтың барысы:            І .Ұйымдастыру

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?
  • Көктем. Мамыр айы.
  • Дұрыс айтасыңдар, көктемнің мамыр айы екен.
  • Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді?

  • Мынау не екен балалар?
  • Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші.
  • Балалар бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді?

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

  • Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

  • Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

  • Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талпақ?

  • Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талпақ.

  • Өте жақсы айттыңдар, балалар, таныс емес қай дыбыс?              Дұрыс Б дыбысы екен.

ІІ. Негізгі бөлім.

 

  1. Балаларға ойыншық балға, балтаны көрсету, балалар көрсеткен заттардың аттарын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.
  • Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
  • Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?
  • Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.
  • Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тигенін айтады. Жаңа дыбысты бір-біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

  • Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?
  • Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын ы  дыбысының көмегімен ғана созып айта аламыз.
  • Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай текшемен белгілейміз? Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.

  • Балға деген сөзді буынға бөлейік, қане шынтақтарыңды парта үстіне тіреп, саусақтарыңды айқастырыңдар да, айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік. Бал-ға. Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді?
  • Екі рет.
  • Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен?
  • Б дыбысы қай буында тұр?
  • Шалбар сөзін де тура осылай буынға бөлейік.
  • Шал-бар
  • Неше рет иектерің саусақтарыңа тиді?
  • Б дыбысы қай буында тұр екен?
  • Олай болса б дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.
  • Міне балалар біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен яғни дауыссыз б дыбысымен таныстыңдар.

ІІ. Дәптермен жұмыс

 

а) Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

ә) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Торкөздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Сөйлем құрайды.

б) Кеспе әріптен б-ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі. Тақтаға жазып көрсетеді.

  1. Сергіту сәті: Бала-бала, балақан,

                                    Қане қайсы алақан?

                                    Саусақтарың әйбат,

                                    Былай-былай ойнат.

  1. Жұмбақ шешкізу табада бар, танада жоқ, сабада бар, санада жоқ (б).

4.Сөйлемдер құрастыру

  1. Жаңбыр жауды. 2 Саңырауқұлақ үлкен болып өсті. 3. Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр.
  2. «Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны. Шарты:Балалардың ішінен біреуі «саңырауқұлақ»болып сайланады.Қалғандары «балапандар»болады. «Саңырауқұлақ»қолшатырды ашып отырады. «Жаңбыр жауды»деген белгімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың»астына жиналады.

«Екінші буыным қайда?» ойыны.                                                                                                                                            Шарты:бұзаудың суретін көрсетіп «бұ»,-дейді,балалар «-зау»,-дейді.Бүркіттің суретін көрсетіп «бүр»,-дейді,балалар «-кіт»,дейді.Ойын осылай жалғаса береді.

 

ІІІ. Қорытындылау.            

                                                                                                                                                     

Сұрақ-жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.         

Viewing all 733 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>