Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Сан есім

$
0
0

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі

Беркимбаева Мергуль Серикбаевна

Қазақ тілі

Уақыты:

20.04.17ж

Кабинет:

Мұғалім: Беркимбаева М.С.

Сабақтың атауы:

Сан есім.

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

1. Білімділігі: Сан есімнің грамматикалық тұрғыдан сөз табы екенін ұғындыру. Олардың сөйлемдегі сөздерге қатысы мен байланысын анықтай білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез таба білуге, ажырата білуге дағдыландыру
2. Дамытушылығы: танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жаза білуге, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика,әдебиеттік оқу.
Көрнекіліктер: Өтепберген Ақыпбеков портреті,ребус,сөз таптарының аттары жазылған қима қағаздар,смайликтер, слайд т.б

 

 

Психология-

лық кезең

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Сәлемдесу

2.Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз

Болашаққа талпынып

Оттай лаулап жанамыз

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

5 – ке қолды жеткізу

Оқушылар  мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушы-

лықты ояту

Бүгін сәуірдің нешесі?

—        Нешінші классыңдар?

—       Сыныпта барлығы неше оқушы ?

—         Мен бір-біріне ұқсайтын бірнеше сұрақ қойдым. Мен қандай сұрақ қойдым?

—         Нешінші? Нешесі?

Ал осы сұраққа жауап беретін сөз табын қалай атайды?

Оқушыларды  сөз таптарының түрлеріне қарай 4 топқа бөлу.

1-топ  Зат есім

2-топ  Сын есім

3-топ  Етістік

4-топ  Сан есім

1-топ: «Зат есім»
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
2- топ: «Сын есім»

-Сын есім дегеніміз не?

-Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?

3-топ   «Етістік»

-Етістік дегеніміз не?
-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

4- топ: «Сан есім»
-Сан есім дегеніміз не?
-Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

201-бет, 8-жаттығу.

Тірек сызбаны пайдаланып,сан есім тақырыбын пысықтау.                       

Сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ берілген тапсырмаларын бірлесе орындап,постерге түсіреді, қорғайды.

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

ІІІ. Жаңа сабақ. Сан есімді қайталау.

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Мұғалім суретші сызбаны көрсетіп: (әртүрлі сандардан салынған адамның бейнесін көрсетеді).

-Өмір бойы жан-жануар бейнесін,

Салып келген суретшіге не дерсің?

Жауабын кім тез береді, білсе егер,

Қай сандардан сурет салды бұл шебер?

Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады:

-үш, алты, тоғыз, сегіз

Сұрақтар: -Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?

- алпыс үш, жиырма сегіз, отыс бес

- Суреттегі адамның көздері нешеу?- екеу

- Балалар, тақтадағы жазылған сандарға сұрақ қойыңдар. (қанша? неше? нешінші?)

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сан есім   

Сан есім

 Заттың санын, ретін

Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

Мысалы:

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін

Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?

-Қол мен көз туралы

Олар жайлы не білесіңдер?

Жаттығуда қандай сандарды кездестірдік?

-Екі саны

Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

-Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.

-Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

-Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды.

Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да (дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда) сандармен кездесіп тұрамыз.

Бүгінгі сабағымызда біз сан есімге байланысты жаттығу жұмыстары мен әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік! Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күннің жадын жазайық.

Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр?  (С)

Олай болса, Сс- әрпін көркем етіп жазайық.

Көркем жазу.    Сс  Сс  Сс

Сәлем-сөздің анасы.

 

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

9-жаттығу.Дәптермен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқу.Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жазу.Өлеңнің авторы Өтепберген Ақыпбекұлы (1950—2007)-ақын. Қызылағаш ауылы, Қапал ауданы, Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған.

10-жаттығу. Топтық жұмыс

1- топ   Жұмбақтарды оқып, шешуін табу.

2-топ  Жұмбақтың ішінен сан есімдерді тауып,оларға сұрақ қою.

3- топ  Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.

4- топ Жұмбақтағы бес,бесеуі  сөздерін салыстырып,мағына-

ларындағы өзгешелікті айту.

11-жаттығу. Дәптермен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. Олардың қай сөз табы екенін айту.

12-жаттығу

Бейнежазбаға қарап, әуенмен  қимыл-қозғалыс жасап, сергіп алады.

13-жаттығу.Көп нүктенің орнына сан есім қойып жазу.

1-топ     Көз-...

2- топ    Ауыз-...

3-топ     Қозы-...

4- топ    Қой-...

Әр топтан  тапсырма сұрақтарына жауап алу.

-Сан есім сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

-Сөйлемдегі сөздердің арасына неліктен сызықша қойылады?

-Мұндай сөйлемдерді қалай оқимыз?

Ү.Шығармашылық тапсырма

1-топ  Ішінде сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазу.

2-топ Ішіне сан есімдер кірістіріп,өз қалаған тақырыбына шағын мәтін жазу.

3-топ Ішінде сан есім бар жұмбақтар жазу.

4- топ Ішіне сан есім кірістіріп бір шумақ өлең құрастыру.

ҮІІ.  «Кім тапқыр?» ойыны.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып айту.

1. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

2. ... теңгең болғанша,...досың болсын.

3. Білекті ...  жығады,білімді ... жығады.

4. ... кісінің түсін білгенше,... кісінің атын біл.

   

Ой толғаныс

ҮІІІ. Ой толғаныс. Жаңа сабақты қорытындылау.

Семантикалық картамен жұмыс.

         Сөз таптары

 

 Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Айгүл, дәптер, оқулық

+

 

 

 

Төрт, бес, жүз

 

 

 

+

Жүгір, секір, ойна

 

+

 

 

Қызыл, қызық, биік

 

 

+

 

 

 

«Ой толғаныс» сатысы. Оқушылар тест жұмыстарын орындайды.

1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) қандай?      Ә) қанша?         Б) не?

2.Сан есімді көрсет.

А) белсенді     Ә) балық          Б) бес

3. Сан есім түрлері

А) есептік, реттік     Ә) есептік, қатарлық

4.Көп нүктенің орнына керек санды қой.

Ер................... рет өледі.

Қорқақ ........... рет өледі.

А) бір, бесінші              Ә) бір, мың                   Б) бір, көп

5.Мына сөздер қай сөз табына жатады?     алты,  он екі,  жүз

А) етістік                      Ә) сын есім                   Б) сан есім

 

Тест жауаптарын тексеру

1

2

3

4

5

ә

б

а

ә

б

Дұрыс жауапқа

«5»- 20 ұпай

«4»- 15 ұпай

«3»- 10 ұпай

Үйге тапсырма

203-бет, 14-жаттығу.Сан есім тақырыбын қайталап,ережелерді еске түсіру.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

 Бағалау парағы .

 

Кері байланыс

Не үйрендім? Не білдім?

Бүгінгі сабақтан үйренгендерін бес саусаққа жазады.

.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles