Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Мен жақсы көретін жан-жануарлар. Буын

$
0
0

Күні:   29.08.2017ж.

            

Бөлім: Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. 

                                                                                                          

Сабақ: Сауат ашу                                                                          

Сынып: 1                                                       

Мектеп: №9 орта мектеп,   Жаңаөзен қаласы

 

Мұғалім аты-жөні:  Акшабаева Талшын                   

                                     Жанабердиевна

Қатысқандар:  25 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мен жақсы көретін жан-жануарлар. Буын  

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай  жазу.

Сабақтың мақсаты

1.     Сөздерді орфоэпиялық нормаларға сай қолданады.

2.     Сөздегі буын санын анықтайды.

3.     Каллиграфиялық талаптарға сай көркем жазады.

Бағалау критерийі

1.     Сызбаға сәйкес буынға бөледі.

2.     Берілген сөзді буынға бөліп, буын санын табады.

3.     Әріп элементтерін дұрыс әрі көркем  жазады.

Сөздік қор

буын, сөз

Сәлем, кешіріңіз, ассалаумағалейкум,  мақұл, қош келдіңіз, нағашы ата, ғафу етіңіз

- басқа да қандай жабайы жануарларды білесің?

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану: жануарлардың суреттері.

Математика: санды өсу ретімен орналастырады.

Алдыңғы білім

Сабақ оқушылардың игерілген білімі мен дағдыларына негізделеді. Буын туралы ұғымы қалыптасқан.

                                                 Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

Психологиялық ахуал. «Ақтілек»

-         Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Керемет (қолдарын көтеру)                    

-          Сабаққа дайынсыңдар ма?

Тамаша

-         Ендеше бастайық.

О-о-о  (бас бармақтарын көрсету)         

 

Ширату: «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім:- Сыпайылық неден басталады?

Оқушылар:- Құрметтеуден, сіз деп айтудан.

Мұғалім: -Ендеше балалар, біз бүгінгі сабақта сіздермен мен болып «Сыпайылар әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге көлік керек.

Мұғалім: -Мектепке қандай көлікпен келесіңдер

Оқушылар: -жеңіл көлікпен, автобуспен.

Мұғалім: - Көліктерді таптық, енді көліктерге мініп саяхатқа шығамыз.

-         Балалар, біз бүгінгі сабақты топқа бөліп өткіземіз.

Тақтада 3 топқа арналған суреттер жасырынған. Осы суреттерді таңдап алып топқа бөлінеді.

1-топ. «Дыбыс»

2-топ. «Әріп»

3-топ. «Сөз»

 

1.      

Сабақтың ортасы

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сұрақты қағып ал» әдісі.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Қазақ тілінде қанша әріп бар?

- Дауысты дыбыстар нешеу?

- Дауыссыз дыбыстар нешеу?

 

Балалар, тақтадағы суреттердің бастапқы әріптерінен қандай сөз шығатынын табыңдар.

1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді». Слайдтан суреттерді көрсету. Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша сөз құрастыру. (Буын)

        

 

- Ендеше балалар, біздің бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз буын. Алдағы уақытта осы буынға байланысты тапсырмалар орындап, жаттығулар жасаймыз.

Буын дегеніміз – сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады.

Мысалы:  А-ша.

Дескриптор:

1.     Суреттерге қарайды.

2.     Аттарын атап, бас әріптерін табады

 

 

«Пойыз»  көлігінің тапсырмасын орындау.

1-топ: Дыбыс.  Сандарды өсу ретімен орналастыр.

3, 5, 1, 4, 2  - б, с, д, ы,ы.

-Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Мысал келтір

Дескриптор.

-         Сандарды орналастырып, сөзді оқиды.

2-топ: Әріп. Әріптерден сөз құрастыру.

Ірәп – әріп

-Әріп дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Мысал келтір

Дескриптор.

-         Әріптермен танысады.

-         Сөз құрап оқиды.

3-топ: Сөз. Заттық ребусты шешу.

 

 


                                              

-Сөз неден құралады?

-Бір сөзге сөйлем құра

-Сөйлем неше сөзден құралған?

Дескриптор.

-         Суреттердің атын атайды.

-         Екі суреттен сөз құрайды.

(Жақсы қатысқан топтарға пойыз көлігін беру)

 

Оқулықпен жұмыс: «Ұшақ» көлігінің тапсырмасы. Аң аттарын буынға бөліп айтып көр.

 

 

 

 

 

 


-         Қасқыр сөзінде неше буын бар?

-         Арыстан сөзінде неше буын бар?

-         3 буында неше дауысты дыбыс бар?

Дескриптор:

-         Суреттерге қарайды.

-         Жануарлар аттарын буынға бөліп айтады.

-         Неше буын екенін табады.

 

-Міне балалар, ұшақпен де ұштық. (Ұшақ суреттерін оқушыларға беру). «Сыпайылар әлемі» елінің дәл ортасына жақындадық. Әрі қарай бойымызды бір сергітіп алып кемеге мініп баратын боламыз.

 

Сергіту сәті:  «Ойланып көрейік!»

-         Сыпайы сөзде айтылса, қолымызды шапалақтаймыз, жай қарапайым сөзде айтылса аяқпен тарсылдатамыз, амандасуға байланысты сөз айтылса айналамыз.

Сөздер: Сәлем, кешіріңіз, ассалаумағалейкум, әке, мақұл, қош келдіңіз, нағашы ата, ғафу етіңіз, амансың ба?.

 

 

Дәптермен жұмыс: «Кеме» көлігінің тапсырмасы

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемілеп жазайық.

Дескриптор:

- Дәптердегі сызбаға қарайды.

- Жолды сақтай отырып жазады.

 

-Міне балалар, осымен кеменің тапсырмасын да ойдағыдай орындадық. (Оқушыларға кеме беру). Осылай «Сыпайылар әлеміне» де келіп жеттік.

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сандар

 

 

 

 

 

 

 

Әріптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

Суретпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс. Әріп элементтерін жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 мин

Бағалау: Топ басшылары топтарындағы оқушылардың қанша көлік түрін жинағандарын айтады. Мұғалім бағалайды.

Қорытынды: -Балалар, біз «Сыпайылар әлеміне» оңайлықпен келген жоқпыз. Осы елге жету үшін не істеді? (көліктерге міндік, түрлі тапсырмалар орындадық.)

 

«Ыстық орындық». Сыпайылар әлемінің тәжін киіп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.

      

 

 

 

Тапсырмалар барысында жинаған көліктерді санап, топтар бағаланады.

Тәж киіп сабақтан алған әсерлерін айтады.

 

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-Мақсатқа жету үшін сабақ барысында берілетін тапсырма бойынша күрделіге қарай көшіп отыру.

-Тапсырмаларды дескриптор арқылы бағалау. Оқушылардың сабаққа деген ұмтылысын қалыптастырады.

-Қарқынды жұмыс жасайтын оқушыларға күрделі идеялық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты терең ұғындыру.

«Жаңбыр тамшылары» әдісі. «Буындардан сөз құра» тапсырмасы.

Мақсаты: бастапқы буынға буын қосып, сөз құрастырып айта білу дағдысын қалыптастыру.

 

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар тапсырмалардың дескрипторлары арқылы өздерін бағалайды,сонымен бірге эксперт ретінде қалады.

«Үш бұрыш» әдісі арқылы балалардың қаншалықты дұрыс түсінген, түсінбегенін анықтау мақсатында пайдаланамын.

Мысалы:

«Ата» сөзі бір буынды;

«Ата» сөзі екі буынды;

«Ата» сөзі үш буынды;

«Келісемін», «келіспеймін», «толықтай келіспеймін» деген пікірталасқа түседі.

 

Бағалауды мұғалім және оқушылар жүргізеді.

Сыныптағы тазалықты сақтау және оқушыларды техника қауіпсіздігін сақтауға баулу.

Жалпы бағалау

Сабақты ең жақсы екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1 Белсенді әдіс тиімді болды

2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>