Аты аңызға айналған адам
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының хас батыры , дарынды тұлға, білікті әскери қолбасшы, көрнекті жазушының кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы туралы мағұлмат беру.
Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, алған білімдерін талдап, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, батылдыққа, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Б.Момышұлының суреті, нақыл кітаптар көрмесі.
Әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап түсіндіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Ұлы тұлға, Ұлт мақтанышымыз Бауыржан Момышұлы жайлы тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982). Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты, жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Тұған жері- Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 1921 жылы жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке жақырылып, өзінің бүкіл болашағын қызыл армиямен мәңгілікке байланыстырады.
1941 жылы Бауыржан даңқты генерал- майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Мәскеу түбегіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі жазушы А. Бек «Волоколомское шоссе»(қазақшасы арпалыс) повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады. Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскери Бас шабының жоғары әскери академиясында сабақ береді.1956жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.
Слайд арқылы Бауыржан Момышұлының қанатты сөздеріне тоқталу.
- Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.
- Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
- Ана тілін білмеген- ана сүтін татпаған.
- Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
- Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бірсүгүнгі де тағдыры.
Слайд; Бауыржан атамыз жайлы айтылған естеліктерге көз жүгіртейік.
Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова өз сөзінде: Мен тек атамның келінімін: Атам деген- тірі тарих, шексіз шежіре еді. Ол өз өмірінде сый-құрметке, қошеметке, бөленген адам. Халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнайтын еді, деп тебіреніспен еске алады.
Бауыржан Момышұлы соғыс қаһарманы ғана емес, онымен жарқын да жалпы, қайта тумас азамат. Оған енді жазушы Момышұлы деген атақты қосқанда алуан қырлы алып тұлғаның өзі шыға келер еді. Қайыра айтсақ-қайталанбас тұлға.Йә Бауыржан Момышұлы- батыр жазушы. Талантты жазушы ретінде қалам ұстауының өзінен оққа ұшқан батырларды мәңгі есте қалдыру мұратының биіктігін, адамгершілік сезімінің ұлылығын, бар тірлігінің тазалығын аңғарамыз.
(Тахауи Ахтанов)
Соғыста ұлттың батыры атанған Бауыржан Момышұлы енді бар ұлттың жазушысы болды. Оның байлығы мен бақыты осында.Бауыржан Момышұлының байлығы мен бақыты- өзін туған халқын кімнен болса да артық сүйетіндігінде.
(Д. Снегин)
Оқушыларға сауал сұрақтар берілді.
1)Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған Ақиқат пен аңыз романының авторы кім?(Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов)
2)Орыс жазушысы А.Бек Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы қандай кітап жазды?(Арпалыс повесін)
3)Бауыржан Момышұлының балалық шақта бірге өскен досы кім еді?(Құманбек Сағындықов)
4)Келіні Зейнеп Ахметова атасы Бауыржан Момышұлы туралы қандай кітап жазды?(Шуақты күндер)
5)Бауыржан Момышұлы отан да, оқтан да қорықпаған еді. Кейінгі кезде қорқынышы көбейді. Неден қорықты?(Балаларына бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқандығы,немерелерінеертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқандығынан қорықты.)
6)Бауыржан Момышұлына қай жылы Халық Қаһарманы атағы берілді?(1995 жыл).
7)Бауыржан атамыз соғыс тақырыбына арнап қандай кітаптар жазды?(Мәскеу үшін шайқас романы, Жауынгер тұлғасы және т.б.)
8)Израил еліндегі әскері оқу орындарында қандай пән енгізілген?(Бауыржан Момышұлының соғыс тактикасы пәні).
Қорытынды.
Мұғалім: Сендер қазір отан қорғау жолында қандай үлес қосар едіңдер.