Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Менің туған күнім

$
0
0

                                                                        Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 3(а,б,в,г,е)-с., қазақ тілі

Пән мұғалімі: №24 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сражанова Заря Ерденбекқызы

 Күні: 

 

Сабақтың тақырыбы

Менің туған күнім

 

Мақсаты

1. Әр оқушы туған күнін білу

2.Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру

3. Сөйлеу барысында қолдану

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Туған күн  тақырыбын меңгереді.

Сөйлем құрауда қолдана алады.

 

Керекті жабдықтар

 

Бағдаршам, интербелсенді тақта, смайликтер, коктейль таяқшалары. Деңгейлік тапсырмаларға арналған қима қағаздар (қызыл, сары, жасыл парақшалар), флипчарт, фломастерлер.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту. Бағалау стратегиялары: бағдаршам, смайликтер арқылы, түсініктеме беру арқылы.

 

С а б а қ   б а р ы с ы :

 

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

 

Кіріспе (15мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

(оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

 

2. Сыныптың көңіл күйін,қалдерін,жексенбі күнді қалай өткізгендерін сұрау.

 

3. Психологиялық сәт.

Сабақтағы жақсы көңіл күй. .

4. Жұптық жұмыс арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырманы  3-4 оқушыдан тексеріп шығамын. Кейін оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, өзара тексеретін болады. Үй тапсырмаларын бағалайды.

 

 

5. Бағалау.  Оқушылар қатемен жұмыстарыңды «стикердегі сурет» арқылы өзара бағалап шығады.(Ең әуелі дәптерлеріне диктанттан кеткен қателерін орындайды) Ол үшін әр оқушыға стикерлер таратылады,суретін салып(жай бояусыз қаламмен салады), тексерілген дәптерге бекітеді.

Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндап, сабаққа қатыспай отырған оқушыларды атап шығады.

 

Алақанды ашайық

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп достарға

Біз сабақты бастайық

Оқушылар бұл арқылы өзара  диктантан жіберген қателерін тексеріп шығады.  Қатесі көп оқушы қасындағы көрші сыныптасынан ұялары, ыңғайсызданары сөзсіз. Сол себептен, бұл әдіс оқушылардың реттелуіне септігін тигізеді. Бір-бірінің білімдерін бағалап, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайтын болады.

Оқушылар бір-бірін стикерге  сурет салу арқылы бағалайды.

«5»-күн суреті

«4»-алма суреті

«3»-бұлт суретін салады.

 

Тұсаукесер

(5мин.)

 

 

Ой қозғау:

- Балалар, қазір назарларыңа шағын бейнеролик  ұсынамын. Назар қойып бақылаймыз. Видеороиктен не көрдіңіздер?Не туралы айтылды?

 

- Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не деп ойлайсыздар?

           Сабақтың тақырыбы хабарланып, оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып алады. Сабақтың мақсаты айтылады.
Тақырыпты жалғастыру үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз.

 

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.

 

 

 

 

Презентация  тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

 

 

 

:

 

.

Негізгі бөлім

(20мин)

 

 

1. Жаңа сабақты меңгеру.

Оқулықпен жұмыс.2-тапсырма(үнтаспадан тыңдату) және оқып аударту.

Сөздікпен жұмыс әзірше қабілеті төмен оқушылар аударады)Қалғандары дәптерлеріне түсіріп отырады. «Бағдаршам»әдісі арқылы  өз-өзін бағалайды.


Бағалау. Бағдаршам стратегиясы.


Оқулықпен жұмыс.


Сергіту сәті 

«Көңілді күн» өлеңімен және қимылымен айту.

Оқулықпен жұмыс.3-тапсырма(ауызша)

Жұппен жұмыс.

«Коктейль таяқшасы»әдісі бойынша әр жұпқа тапсырма беріледі.
Шығармашылық жұмыс. Өз отбасындағылардың туған күі мен айын айту.

 

 

 

ІІІ  деңгейдегі оқушылар жаңа сөздерді аударады.

 

 

 

 

 

 

Дыбыстық талдауды тақтаға орындайды

6-тапсырма .(Үлгі бойынша сөйлесіп, Балқаш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.)

Қорытынды

(5мин.)

 

 

 

1) Бекіту сұрақтары:

2) Рефлексия.

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________

 

 (рефлексия парақтарына түсіреді)

 

3) Бағалау: Оқушылардың бағасын атап, мүмкіндігімше себебін түсіндіріп шығамын. Ерекше белсенділік танытқан оқушыларды атап өтемін. Мадақтаймын.    

     4)Үйге тапсырма:

 - Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

Кезекші әр оқушыға рефлексия парақтарын таратып шығады. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін жинақтап, өздерін іштей бағалап, толтырып шығады.

 

 

 

 

Оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасын түсіріп алады.

         

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>