Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірлестік ауылы
№ 142 орта мектеп (бастауыш сынып мұғалімі)
Сатенова Айдана Сейтжанқызы
Тақырыбы: Бастауышым – бақытты шағым
/бастауышпен қоштасу мерекесі /
Мақсаты:
- Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
- Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
- Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Бастауышым – бақытты шағым» тақырып, фотомонтаж, слайдтар. Оқушылардың қолөнерінен жинақталған көрме. «Бақытты – балалық шағым», «Менің арманым», «Отбасым» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары, шарлар.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Олай болса, шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – бақытты шағым» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
- Білімді, алғыр, ақылды
Танитын алыс жақынды,
Ата-ананың үмітін ақтар болашақта,
Біздің Данияр салмақты әр уақытта.
- Мәншүк – сыныптың жүрегі,
Сіздің бала Мәншүк.
Көркіне ақылы сай, дара,
Жайдарлылық, ізгілік
Бір өзінде қаншама!
- Сері ғой, өжет мінез балаңыз,
Сыныптағы нағыз жігіт қараңыз!
Біздің ол әнші Арыстан,
Жігіт сұлтаны да атанған.
- 4. Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, кәрінің.
Деп жүр біздің Сандуғаш
«Өзім емдеп жазамын.»
- Әдепті ғой, тәрбиелі, үлгілі,
Біздің елдің, болашағы, ертеңі.
Болашақта ғалым болар, қараңыз,
Ғалымжан – біздің үміт артар баламыз.
- Сыйлап сәлем береді,
Сурет салу өнері.
Құралайды сыныпта
Ізетті деп біледі.
- Нұрдан жаралған Нұрдәулет,
Сырбаздық сыр мінез қасиет.
Ананың ақ сүтімен дариды,
Нұрдәулет біздің қағылез,
Халқының үмітін ақтайды.
- Қыздарымыз ұқыпты,
Сүйкімді әрі қылықты.
Нұрай біздің әрқашан
Таза ұстайды сыныпты.
- Самат біздің Самат – ақ,
Серілігі дарыған ерекше –ақ
Спортта алда болатын,
Ол Чемпион болар –ақ.
- Cыныптағы Серікбол,
Тұнып тұрған футболшы ол.
Өз үйіңнің қанаты бол,
Достарыңа адал бол.
Вальс билейді. Вальс соңынан екі жүргізуші (Сандуғаш пен Самат) шығады.
- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Мәншүк: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Арыстанбаб: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Нұрдәулет: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билейік, ән де бүгін шырқалар!
Данияр: Армысыздар!
Жарық сәуле көбейсін!
Армысыздар! Армысыздар!
Әсем әуен төгілсін! Орта толсын, жол ашайық!
Серікболсын: Бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той!
Ғалымжан: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Тойға шашу шашайық
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Үйретеді»
1-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
2- жүргізуші: Мектебім, алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Данияр: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Құралай: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Серікболсын: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім.
Алтын - ұя мектебім!
Нұрай: Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім!
Нұрдәулет: Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім.
Өз бесігім – мектебім!
Хормен: «Мектебім, саған мың алғыс!»
1-жүргізуші: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
2-жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: «Мектебім»
1-жүргізуші: Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендер мен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайларым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.
2-жүргізуші: Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты.
Мәншүк: /Назым апайға:
Нұрай: /Назгүл апайға:
Қуанышты жүзіңде сағым ойнап,
Еңбек десе кетеді жаны жайнап
Ардақты ұстаз, аяулы Назгүл апай.
Бар шәкірттің қамын ойлап.
Білімді бағындырып тілегімен
Бар шәкіртті сүйеді жүрегімен.
Назгүл апай бізге мәңгі ардақты жан,
Сабырлы да, салмақты мінезімен.
Самат: /Шынар апайға:
Шынар апай сұлу, көркем
Бізге оқу үйреткен.
Қыздарға би үйретіп,
Ұлдарды алға сүйреткен.
Нұрай: /Айдана апайға:
Айдана апай, дана апай.
Ең жақыным сен ғана.
Бізді ойлап жүресің,
Жүрегің таза, кең дала.
Қателесіп кетсем де,
Кешіріммен қарайсың.
Алсам егер бестікті
Айға, күнге балайсың.
Сандуғаш: /Айдана апайға:
Айдана апай жайдарлы,
Үйреткен сөз өнерін.
Әрқашанда жаныңда
Тілекшің болып жүремін.
Ұстазым, сөзіңізден көп сыр ұқтым,
Шәкірттерің сізді қалай ұмытсын.
Әрбір сөзің жыр шуағын таратқан,
Таңғы шықтай мөлдіреген тұнықсың!
1-жүргізуші: Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан,
Ғарышкер, ұлы батырдан
2-жүргізуші: Өнері тасқан актерден
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас-кәріден,
Оқушының бәрінен:
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Ән: «Ұстазға мың тағзым» Орындайтын Мәншүк қыздарыңыз.
Ұстаздарға сөз кезегін беру.
2-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлімсейітова Манат апайға береміз.
1-жүргізуші: Күніндей гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып,
Қазақ биін көрерменге көрсетуге
Биші қыздар келеді мың бұралып.
Би: Қазақ биі
1-жүргізуші: Сонымен 4 жыл бойы біз: ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, музыка, технология, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік.
2-жүргізуші: Иә, бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап, өз балаларындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын, мінекей бізде сол апайлар мен ағайларға жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.
Құралай: /Манат апайға
Жасау үшін жас өскіннен шын дарын
Талай балғын суретшіні шыңдадың
Манат апай үйреттіңіз біздерге
Әсем етіп сурет салу сырларын.
Арыстанбаб: / Жанар апайға
Баулыған әрбір өнерді,
Жанар апай өнерлі
Әсем әннің шебері,
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.
Нұрдәулет: / Талғат ағайға
Көңілін бар шәкірттің таба алатын
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз
Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.
Данияр: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
Білмеуші едік көп нәрсенің анығын,
Тілі менен әдебиетін орыстың
Айдана апай өзіңізден таныдым.
Мәншүк: Білімділік – тіршіліктің тірегі,
Индира апай тереңінен түсіндіреді.
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі.
Серікболсын: Гүлзат апай шебер-ақ,
Үйреткен ісі жып-жинақ,
Шәкірттері молайып,
Жемісін ылғи берер-ақ.
Ғалымжан: /Бауыржан ағайға:
Денемізді шынықтырып ойнатқан,
Тәртіп бұзсақ бәрімізді ойлатқан.
Көп шәкірттің досындай,
Бауыржан ағай осындай.
Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»
- Мәңгі қартаймай ортамызда мектебіміздің жүректері болып соға беріңіздер.
Ән: «Ұстазым» Орындайтындар: 4-сынып жігіттері
1-жүргізуші: Өнерліге әсем ән мен сән керек,
Өнегені қанжығаға өңгеред.
Испан биін билегенде бишілер
Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.
Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.
Би: испан биі
1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.
2-жүргізуші: Бала ата - ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.
Хормен: «Ата – ана, сізге мың алғыс!»
Келесі ән ата - аналардың құрметіне арналады.
Ән: «Асыл әже» Орындайтын: Арайлым Ағыбайқызы
Ән: «Әке туралы жыр» Орындайтындар: Арыстан мен Мәншүк
Ойын: Ата-аналармен ойын
Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші: Хурмотли оналар яна устазлар!
Биз сизләрди бугинги байрамдарыңызбен тәбәраклаймыз,
Шундай-ақ биз сизләргә узбек биі ойнап бәремәз. Хушемет етесизләр!
«Өзбек» биі Нұрай мен Құралай қыздарыңыз.
1-жүргізуші: Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік, балалар.
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсең кітапты, - дей келе ана тілі пәнінің әр бөлімінен біз бойымызға
тілге деген құрметті, Отанға деген патриоттық ыстық сезімді адамгершілік құнды қасиеттерді бойымызға дарыттық. Сонымен қатар, өлеңді мәнерлеп оқуды, әңгімелерді түсініп оқуды үйрендік.
2-жүргізуші: Олай болса, мен сіздерге Самат ұлдарыңыз ақиық ақын М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Мәнерлеп оқу.
Хор: «Туған елім менің, Қазақстан»
1-жүргізуші: Сынып суретшілері мен қол өнер шеберлерінің еңбектерімен таныс болыңыздар. Әр оқушы «Бастауышым – бастамам» атты көрмеге дайындаған еңбегін өздері таныстырып өтеді.
Көрініс: «Аурухана»
2-жүргізуші: Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз
Жақсылық пен адалдыққа құштармыз.
Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,
Достық туын әр кез биік ұстармыз.
Ән: «Туған күнім» Арыстанбаб
1-жүргізуші: Қоштасу кеші қобалжытады,
Көп күткен едік емес пе?
Көзінде балалардың жас мөлдірейді
Ұмытылмайды бұл есте.
2-жүргізуші: Ұстаз!
Бізге еткен еңбегіңді жеткізер,
Аузымызға сөз түспейді, ұстазым!
Сөз де, тіпті, қажет емес атыңды
Шығарамыз мына біздер
Еңбегіңнің жемісін.
1-жүргізуші: Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,
Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.
Қош айтысып соңғы рет осы жерде
«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз.
Хормен: Сенен алған білімге де рахмет!
Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым, қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтарымыз рахмет!
Хор: «Сыныптастар, құрдастар»
1-жүргізуші: Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезеңі алғашқы ұстазымызға беріледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар, - деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.
Флешмоб
Бәрі бірге: Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз,
Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз.
Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,
Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.
- жүргізуші: Білімді жан әрқашан да бағалы,
Білім бар да ақ шашың да даналы,
Көрерменім аман –сау бол осымен
Ақ көгершін самғап ұшып барады.