Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Баяндауыш туралы түсінік беру, оның басқа сөзбен байланысын табу, сұрақ қоюға үйрету Дамытушылығы: Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, сауатты жазуға дағдыландыру Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу Көрнекілігі: Тірек сызба, сурет Әдісі: түсіндіру, талдау Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Амандасу;
- Түгендеу;
- Сабаққа назарларын аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ.Жаңа сабақ.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Бастауыш дегеніміз не?
«Кадр артындағы дыбыс» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Сурет бойынша малдардың қалай дыбыстайтынын айт. Мына сұрақтарға жауап жаз: Қой қайтеді? Сиыр қайтеді? Жылқы қайтеді? Түйе қайтеді? Бастауыштың қимылын білдіріп тұрған сөзді ата.
Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Түйе ақырады.
3-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
3-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
Кім нені сүйеді?
Кесіртке құмын сүйеді,
Тасбақа тыңын сүйеді,
Сұңқар шыңын сүйеді,
Тұлпар қырын сүйеді,
Байғыз түнін сүйеді,
Құмырсқа күнін сүйеді.
4-жаттығу. Әр сөздер тобынан бір сөзден алып, сөйлем құрастырып жаз. Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Баяу жел соқты. Зәулім үй салынды. Көк теңіз толқиды. Таза су ішті.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты тап.
Дос қыздар.
Гүлнар жиі ауырып қалады. Оның досы Айна күшті, епті болып өсті. Қыздар «Неге бұлай?» деп ойлады.
Айна күнде таңертенң жаттығу жасайды. Қыста ол шанамен, шаңғымен сырғанайды.
Айна Гүлнаүн шықты.рдың денесін шынықтыруға көмектеспекші болды.
Сергіту сәті.
«Австралияда жаңбыр жауды»
1.Жел тұрды (Қол ысқылау).
2.Жаңбыр басталды (тарсылдау).
- Жаңбыр тамшылады( кеудені ұру).
4.Күшейді (тізе соғу).
5.Бұршақ басталды (аяқты қозғау).
6.Жаңбыр басылды ( кері қарай жасау).
- Күн шықты.