Күні:
Сабақтың тақырыбы: Әліппе саған мың алғыс!
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2.Дамытушылық: кеш барысында,тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
- Тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп,ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:«Әліппе» сөзі жазылған плакат, шарлар,жалаушалар,суретті әріптер,нақыл сөздер жазылған плакаттар.слайт
Сабақ барысы:
Сахына бұрышында сиқыршы қыз ертегікейіпкерлерімен билеп жүреді.
Сыйқыршы қыз :Ой, бүгін қандай тамаша! Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы,қандай әдемі,қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ма екен? Қане,сиқырлы таяғым,маған не көрсетесің?
(Сол кезде шар жарылып ,сиқыршы ертегі кейіпкерлерімен бірге оқушылар ортасына келеді.)
Қоян: Ой, достарым, біз қайда келіп қалдық?
Гүлжанат: Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым.Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Гүлжанат: Кішкентай сиқыршы, сіздер біздің мектебімізде тұрсыңдар. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектептің1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы болыңдар!
Сиқыршы: Рақмет, мен де сізге көмектесіп тұрсам бола ма?
Гүлжанат: Әрине, болады. Әзірге балалармен бірге бола тұрыңдар.
Үкілім:Қымбатты ата-аналар,аяулы ұстаздар, сүйікті шәкірттер! Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді жетелейтін, өз тілін оқып – үйрететін, бар білімнің бастауы –Әліппе оқулығы. Міне, бүгін біз барлық ғылымның анасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіріп отырмыз.Бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық жолдың алғашқы асуынан өтіп,бір қадам алға басып отырмыз.
Гүлжанат: Балалар,қазір Әліппемізге арналған өлең жолдарымызды ортаға салайық.Ол үшін Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе Айша: Ия, балалар, бүгін мен сендердің маған деген лебіздеріңді естіп кетейін.
Жансая: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
Динара: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған.
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Махаббат: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Мадияр: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол,менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Осы кезде айғайлап Жалқаубек келеді. Қолында теріс ұстаған Әліппе.
Жалқаубек: Азамат:Ой, мына жерде көп балалар отыр ғой. Сендер не істеп жүрсіңдер?
Гүлжанат: Әй, сен бе, Жалқаубек! Жай жүрсің бе?
Жалқаубек:Азамат: Ия, мен, Жалқаубек. Немене бұл жерге келуге болмай ма?
Гүлжанат: Жарайды, Жалқаубек,саған ешкім болмайды деген жоқ қой.Не кітап ұстап алғансың?Кітапты қалай ұстағансың?
Жалқаубек: Азамат: Қалай еді осы кітаптың аты?Ұмытып тұрғаным –ай!
Гүлжанат: Оның атын балалардан сұра,балалар біледі.
Үкілім: Әрине, біледі.Балалар айтып жіберіңдерші!
Балалар:Әліппе.
Жалқаубек. Азамат. Бұлардың білгіштерін қара,кәне,не біледі екенсіңдер,көрсетіңдерші.
Гүлжанат: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар,, көп ертегілер білеміз.
Жалқаубек.Азамат Кәне, білгіш болсаңдар маған ертегі қойып беріңдерші.
Сахналық қойылым(аю,түлкі,қоян , тиін,тышқан)
Аю: Бұл қай жер?Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не, әріптер ме?Бұл не деген жазу екен? Қап,оқи алмаған қандай жаман!
Түлкі: Сәлеметсің бе, аю?
-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Аю: Мына жазуды оқығым келеді.
Түлкі:Кел аю, екеуміз бірге оқиық,мен де оқығым келеді.
Қоян: Сәлеметсіңдер мА ,достар!
Екеуі: Сәлеметсің бе, қоян!
Қоян: Айтыңдаршы, бұл жерде не істеп жүрсіңдер?
Екеуі:Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.
Қоян: А,олай болса бірге оқиық,мен де оқығым келеді.
Екеуі: кел онда, оқысақ оқиық.
Тиін:Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Үшеуі: Сәлеметсің бе,тиін!
Тиін: Барлығың мында жиналыпсыңдар, не істемек ойларың бар?
Үшеуі: Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.
Тиін: Онда бірігіп оқиық.
Үшеуі: Оқысақ оқиық.
Тышқан: Сәлеметсіңдер ме , достарым!
Төртеуі: Сәлеметсің бе,Тышқан досымыз!
Тышқан: Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Төртеуі: Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.
Тышқан: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ,-дейді бірге оқиық!
Төртеуі:Оқысақ оқиық!
Аю: Менің ойымша, бұл -«бал»деген жазу.
Түлкі: Ал,менің ойымша,,бұл-«Тауық» деген жазу.
Қоян: Ал,менің ойымша,бұл-«Сәбіз» деген жазу.
Тиін: Жоқ, жоқ бұл - «Жаңғақ» деген жазу.
Тышқан: Не деген көп жазу, бұл қандай сөз болды екен,а?
Әліппе: Не дауласып жатырсыңдар, достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?
-Балалар, сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға оқып көмектесейік.
Балалар: Мек-теп.
Аңдар: Мектеп? Мектеп деген не?
Әліппе: Мектеп деген балалар оқып,білім алатын үй: Қазір сендер мектепте тұрсыңдар. Бұл 1 сыныбында Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде.
Жалқаубек. Азамат. Расымен де сендер білімді екенсіңдер! Жеңілдім-жеңілдім.
Үкілім:Жарайды, сен оған ренжіме, Әуелбек, сен балалармен отырып, бүгінгі кешті тамашала. Жалқаубек те келіп қалар. Ал , балалар, қонақтарымызға алған білімдерімізді көрсетейік.
«Ақ көгершін»әні орындалады.
Гүлжанат: Балалар,сиқырлы қыз сендермен бірге бір ойын ойнасам дейді.Ойнаймыз ба?
Балалар: Ойнаймыз.
Сиқыршы: Балалар, сендердің құрбыларың жұмбақ жасырады. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар , бір сөз шығады. Қане, мұқият тыңдаңдар.
1.Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар, көжекте жоқ. «Ә»әрпі
2.Біреуі «белде»,
Біреуі«көлде». «Л»әрпі.
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшік біз жеген,
Қай әріптен басталған? «І» әрпі.
4.Ата – анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен? «П» әрпі.
5.Пілде бар,шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. «П» әрпі.
6.Ешкіде бар, қойда жоқ.
Кеседе бар, қасықта жоқ. «Е».
Сиқыршы: Балалар, қандай сөз шықты?
Балалар: «ӘЛІППЕ».
Сиқыршы: Ал,енді«Әліппе» сөзінен құралған әріптеріміз сыр шертеді.
Мадияр.Әжем,әкем – әніміз,
Әрқашанда сәніміз.
Енді білдік бәріміз,
Ә әріпінің мәнін біз.
Жансая:Лағым менің, лағым,
Селтеңдейді құлағың.
Босқа жүрмей сенімен,
Л – дан сөзді құрадым.
Махаббат:Іл – іл ілмешек,
Ірі шарды үрлесек.
Ренжейді інілер,
І дыбысын білмесек.
Азамат: Бала отыр партада,
Оқы,үйрен шаршама.
П дыбысы дауыссыз,
Мәлім болды баршаңа.
Махаббат: П – дегенде парасат,
Жақсылардан шарапат.
Еңбекқор бол перзентім,
Несібеңді адал тап.
Динара: Е дегенде ертегі,
Бізге сырын шертеді.
Еңбек,есті, ерлікті.
Үлгі қылып ертеді.
Жансая: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны - Әліппе.
Динара: Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің «Әліппе».
«Әліппе» әні орындалады.
Әліппе: Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар.
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен,
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар.
-Олай болса, өзімнің досым Ана тілі оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.
Ана тілі. Аружан: Армысыздар ағайын,
Қош келіпсіз баршаңыз.
Мен де есік қағайын,
Алтын күздің сыйындай
Құтты болсын қуаныш!
Құтты болсын мейрамың,
Құтты болсын тойларың!
(Музыка ойналып, Жалқаубек келеді)
Жалқаубек: Мұнда үлкен той болып жатыр,1-сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр.Олар өте зерек, білімді, ақылды екен.Мен соларға қызығып тұрмын. Мен де солар сияқты жақсы оқушы болғым келеді. Сен де жалқаулықты тастап,бізге қосылсаңшы!( Жалқаубек қолын бір сермеп, «Жалқаубек» әніне бейлейді).
Жалқаубек: ( Сөмексінен Ана тілі кітабын алып шығып):Балалар, мен сендерге Ана тілі кітабын алып келдім, мен енді жалқау, ұқыпсыз болмаймын. Мені өздеріңе қосыңдаршы!
Үкілім: Не ісейміз, балалар? Жалқаубекті өзімізге қосамыз ба?
Балалар: Қосамыз, қосамыз!
Үкілім: Олай болса ,балалар,Жалқаубектің құрметіне бір би билеп жіберейік!
Би: Жалқаубек
Мұғалім: Қымбатты, менің достарым! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің – өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына болсын.Елдеріңді, жерлеріңді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін! Балалардың осындай дәрежеге жетуіне ата-аналардың да қосқан үлесі зор.Ата анларымызға өп –көп рақмет айтамыз !
Гүлжанат: Ұстаздар - ау,сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам - дей келе сөз кезегін мектеп басшыларына береміз.
Динара: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мұнда біреу елітіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жимаған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келе сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Мұғалім: Осымен құрметті қонақтар ертеңгілігіміз аяқталды.