ОҚО Сарыағаш ауданы Диқан баба ауылы
№ 28 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Мейрамкүл
Сауат ашу пәнінің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: |
Мен және табиғат. Й дыбысы мен әрпі. |
Мектеп: № 17 Ы.Алтынсарин |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
||
Жетістік критерийлері |
Білім алушы : - Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. -Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. -Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. Түсініп оқиды.
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі, дүниетану сабақтары |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. АҚТ |
||
Тілдік құзыреттілік |
|
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың барысы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
«Жыл мезгілдері» арқылы топқа бөлу
«Кір жаю» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
№1 Тыңдалым. Сұрақтарға жауап беріп көр. Қай сұраққа жауап алғың келеді?
Жаңа ақпарат Кітаппен дос бол! Кез-келген сұрағыңа жауапты кітаптан таба аласың.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
№2 Оқылым.
«Көңілді күн» Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут
|
№3 Буындардан сөз құра. Топпен жұмыс 1-топ:Ай-нұр,Ай-ша,Ай-ман,Ай-на. 2-топ:Ай-дос,Ай-дар,Ай-дын,Ай-қын. 3-топ:Ай-жан,Ай-наш,Ай-гүл,Ай-зат. 4-топ:Ай-бар,Ай-бек,Ай-бол,Ай-бын.
Тапсырма Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқыңыз. Атай ә-кел-ді. Тор-ғай-ды ал-ды-на о-тыр-ғыз-ды. Оған берді. жемді жеді. Дескриптор: Білім алушы -Сурет пен сөздерді дұрыс байланыстырады. -Сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды №4 Сауат ашу дәптерімен жұмыс.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия |
Кеменің суреттері |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі, дүниетану сабақтары. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|