Атырау облысы Құлсары қаласы
№19 мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Айтқалиева Нұржауған Жұмабайқызы
Ішкі уәж арқылы оқушылардың пікір білдіру дағдысын жетілдіру
Жаңа білім парадигмасы уақыттың талабына сай, тәні таза , рухы бай, әлеуметтік ортадан өз жолын таба білетін, өзін – өзі дамытуға қабілетті тәуелсіз оқушыны тәрбиелеуді талап етеді.Білім негізі –бастауышта десек,өзін – өзі дамытуға қабілетті, жоғары деңгейде ойлана алатын дербес оқушыныбастауыш сынып сатысынан қалай қалыптастыруға болады?Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнды болады.( МАН , 80-бет) Сондықтанәрекетімді алдыма келген балалардың нені түсініп, нені білмейтінін анықтаудан бастау керек деп шештім.
Бұл әрекетті екінші деңгей бағдарламасын негізге алып, бақылау, қадағалау, сауалнама әдісі арқылы жүзеге асырдым.Өйткені бұрынғы балаға обьекті түрінде қараукөзқарасы ескіріп қалды. Енді балаға субьекті түрінде қарауға көштік.
Мен жетекшілік ететін үшінші сынып оқушылары әдебиеттік оқу сабақтарындакөлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс - әрекетке өз көзқарасы мен пікірін білдіре алмайды.Осы мәселенің астарында оқушының сабаққа ынтасы мен ұмтылысының төмендігі көрінеді.Осы кедергіні жойып, оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін өзгеріс енгізу жөніндегі зерттеу тақырыбымды«Ішкі уәж арқылы оқушылардың пікір білдіру дағдысын жетілдіру» деп алдым.Өйткені,бұрын бұл дағды оқушыда бар, бірақ мен ойлағандай емес.Бұл біздің мектеп тұрғысынан да маңызды. Себебі бұл бастауыш сыныптың проблемасы ғана емес, сонымен қатароқушылардың орта буынға да түскендегі кездесетін негізгі проблемаларының бірі.Оқушы сабаққа селқос қарайды, ойын әлі де ашық жеткізе алмайды.Тіпті тест жүргізгеннен, интернетте отырғаннан бала сөйлемейтін боп шығады
Осы кедергіні Қалай оқу керектігін үйрену модулі төңірегінде шешуді ұйғардым.«Қалай оқу керектігін үйрену» тарауы «өзін-өзі реттеу үдерісіне жатады.Яғни осы модуль аясы оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді, ең маңыздысы оқушы өз бетінше оқудың қажеттілігін мойындайды.Михай Чиксенмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.Басқаша айтқанда , оқушылар өзін – өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болатынын айтты. (МАН, 81–бет) Осы пайымдауданішкі уәж – белгілі бір тапсырманы қызыққандықтан , оның құндылықтарын сезгендіктен жасау деп түсінемін. Адам өзінің ішкі уәжінің үнімен жасаған әрекетінен тыныштық, қанағат және жан рахатын табады , уақыттың қалай өткенін байқамай қалады. Ағынмен жүзгендей сезім қалады. Оның дәлелі ретіндеМихай Чиксенмихайдың ең көп тараған «ағысты сезінулерді» ерекшелеп атап көрсеткенін айтуды жөн деп санаймын:
• Іс – әрекетке толық қосылу;
• Зейіннің, ойдың, сезімнің іс – әрекетке бағытталып, санадан бөтен ойдың ығысуы ;
• Белгілі бір уақытта не істеу керектігін анық түсіну ;
• Іс – әрекеттің мақсатын білу, әрекеттерге жетелейтін талаптарға мойынсыну;
• Жұмыстың қаншалықты сәтті орындалып жатқанын толық түсіну, анық және нақты кері байланыс;
• Мүмкін болған сәтсіздіктер мен кемшіліктер жайлы уайымның болмауы
Олай болса , оқыту мен оқуды жақсарту үшінтәуелсіз, өзіндік дәлелін жеткізе білетін ынталы, сенімді оқушыны қалыптастыруда «ішкі уәжді» дамытудың рөлі зор деп ойлаймын. Ал «ішкі уәжді» дамыту мақсатында «Мен» сезімі арқылы оның оқу материалына қызығушылығын тудыруға болады. Қызығушылықты ояту дегеніміз - оқуға деген «тәбетті шақыру» іспеттес, онсыз білімнің игерілуі екі талай екені баршамызға анық. Басқаша айтқанда, қызығушылықты ояту – қажеттілікті айқындау.
Ол үшін әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін сауалнама, бақылау, қадағалау әдісі арқылы анықтап, олардың өз ойын құруға, өз пайымдарын жасауға мүмкіндік тудыру қажет деп ойлаймын.
Осы мәселені шешу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
1.Әр оқушының сабаққа ұмтылысы мен өз - өзіне сенімділігін арттырып,іс – әрекетке толық қосу;
2.Өзіндік ойын негізге ала отырып,өз пайымдарын ашық айтуға ынталандыру,проблеманы өздері шешуге бағыттау;
Мақсатқа жету үшін төмендегі іс – әрекеттерді орындауды міндет деп санаймын:
1. Өз мүмкіндіктеріне деген сенімділікті, «Мен білемін» , «Мен істей аламын» деген сезімін ояту үшін мына әрекеттерді жасауым керек:
-Өз сабақ беруіме емес , оқушының оқу ептілігінің дамуына назар аударамын.
2.Шәкірттерге сабақтағы әңгіменің оған қажетті нәрселер жайында болатынын сезіндіремін.
3. Оқушылардың білім деңгейінің алға ілгерілеуіне қолдау көрсетемін:әр баланы реттеу үшінтапсырманы ойлау деңгейіне лайықтап, дұрыс беремін, үзіліс сақтап, тыңдаймын, көпірше құрған кезде сыртынан бақылаймын, мадақтаймын.
4.Оқушылардың өз білімін қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өзін – өзі және өзара бағалау түрлерін үйретемін.Өзін – өзі реттеуге бағыттаймын.
5.Анық және нақты кері байланыс жүргіземін.
Бұл міндеттерді өз сыныбымда ұзақ уақыт қолдануым қажет.
Осы өзгерісімді енгізу арқылы мынадай нәтиже күтемін:
Оқушылар диалог құрған кезде, талқылау барысында сындарлы сөйлеуге ынталанады.;
• -Өз болжамдарын ашық дәлелдейді,
• -Табыс критерийлері арқылы сыныптастарын және өзін-өзі бағалауды үйренеді
• -«Ішкі уәжін» жетілдіру арқылы білімге құштарлығы артадыжәне көпірше құру арқылы бір- біріне кеңес береді; қателерін түзейді
• -Тапсырманы орындауға өз бетімен бағытталып, өзін – өзі реттеуге бет бұрады
Үш одақты біріктіру үшін жиналыс аштым. Дөгелек үстелді алдын ала жоспарладым .Шақыру билет жасап, «Сен жақсы оқу үшін қандай кедергілер бар?» Хатқа жазғыздым. Жиналыста түрткі боларлық кино көрсете отырып,баланың жақсы жақтарын айттым . Баланың жазған хаттарын оқытып, ата-анаға жауап жаздырттым.
Балалардың өз ойын ашық айта алмауы, пікір қоспауы ,сабақ талдауда, мазмұндама, шығарма жазу кезінде де қиындық тудырды.
Ішкі уәж арқылы өз пікірін ашық айту дағдысын дамыту үшін қандай іс – әрекет жасау керек?
Теориямен емес түрлі интеллектуальды ойындар арқылы шынайы өмірмен байланыстыра отырып, әрекетпен түсіндірдім. Бала ағымға түсу үшін өзі талпынып, өз дағдысын өзі қалыптастырады.Ағымға түсу деген ынтаның көтерілуі Шаршау деген шатасу Сондықтан шатаспау, баланы шаршатпау керек Баланың бақытты жүзін көру, тапсырмадан рақат алу керек. Мектепке қуанып келіп,қызығып, ойнап жүріп орындау керек.Мәтінді қызығушылықпен оқыту тиімді
Әдебиет пәнінде балалардың қызығушылығын ояту үшін, сыни ойлауға мүмкіндік тудыратын «чупа –чупс пен малтаны салыстыру» тапсырмасын бердім.Осы тапсырмаларды орындау барысында А деңгейдегі оқушы чупа-чупстың тамаққа тұрып қалатын, тісімізге зиян екенін айтып, дәлелдеуге тырысты.Бұл ойлар А деңгейлі оқушымның пікір айтуға қатысып, ағымға түсе бастағанының дәлелі. Жинақтау деңгейіндегі тапсырманың бірі –оқушылар ермексаздан малтаның формасын жасап, өзінің малтасының неліктен дәмді екенін,қалай жасалғанын айтып, жарнамалау болды.С деңгейіндегі оқушы «Менің малтам ұстауға өте ыңғайлы, ауызға сыйып кетеді. Дәмі қант татиды.Жесең- шөлдемейсің, қарның ашпайды» десе, «В» оқушы «Менің құртым тәтті.Оны әжем түйе сүтінен қайнатты», А деңгейдегі оқушы «Менің құртым сопақ. Оны мен өзім жасадым» деп сипаттады.Осы жауаптар арқылы оқушылардың сыни ойлауға үйреніп келе жатқанын білуге болады.
Чиксентмихайдың сөзімен айтсақ,мұғалім қабілеті жоғары оқушыға төменгі деңгейлі тапсырма берсе, олар зерігеді.Жоғарғы деңгейлі оқушыға жоғары талап қойса, ол оқушы ағымға түседі. Керісінше, төменгі деңгейлі оқушыға жоғары талап қойса, мазасыздық пайда болады.Осыны негізге алып,ойлаудың талдау, жинақтау деңгейінде тірі қасқыр мен ертегі кейіпкерін салыстыра сипаттауды Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы іске асырдым. Қандай да болмасын тақырып пен мазмұн тек сабақ аумағында қарастырылмай, кең ауқымды қарастырылу шарт. Балаларды «Қасқырдың жыртқыш екенін қайдан көрдіңіз?» түрткі сұрағын бере отырып, әңгімеге тарттым. Оқушылар ойланды, ізденді, көрген мультфильмдерін, естіген ертегі-әңгімелерін еске түсірді. А және В деңгейіндегі оқушылар «Шал» және «Көксерек» киносының да қысқаша мазмұнын айтып берді. Төрт топ бір-біріне ұсыныс және баға берді. Өзіндік жұмыс «Қасқырға нан табу жолын үйрет» ойыны арқылы жүргізіліп, «А» оқушы мәтіннен нанның дастарханға келу жолдарын тауып жазды. Ойлаудың жоғары деңгейіне «Ұшқан құс та, жүгірген аң да тамақ ішу керек. Қасқыр да қой сен де қой жейсің. Біз де сонда қасқырмыз ба? Қарны аш ол да тамақ үшін әрекеттенді емес пе?», « Қасқырдың орнында досың болса, қайтесің?» түрткісін қойдым. «В» деңгейіндегі оқушы «қуып жіберемін» десе, С деңгейіндегі оқушым «Үйіме апарамын» деді. «Қуып жіберсең, аштан өледі.Үйіңде сенің тамағыңды ішіп жата ма?» кері байланысына «Мал бақтырып, қорамды тазалатамын» деп В негізгі ойды айқындады.
Түрлі тапсырмаларды беруде баланың деңгейін айтып емес, барлық оқушыға тапсырманы ортақ ұйымдастырдым.
Тапсырма негізінде төменгі деңгейдегі де, жоғары деңгейде оқитын бала да өздігінен анықталды. Сабаққа назар салмаған бала болмады. Дегенмен, топпен бірлесе жұмыс жасай алмайтын балалар болды. Оларды да оқу мен оқытуда осындай ойлау түрлеріне ынталандыру керек деп ойлаймын.Сол себепті түрткілерді қабілетіне қарай лайықтап, дұрыс беру керек деген тұжырымға келдім.Оларға жақсы оқитын оқушылармен «көпірше» орнатуға жағдай жасаймын.Оқушылар әр сабақта қандай тапсырманы болсын орындағанда оны жекелей не бірлесе отырып, жан – жақты қарастырып,ой елегінен өткізіп,туындаған ойлары мен түсінігін ортаға салып, талқылап, пікірлесе білді.Оқушылар суреттер, фотолар, дәлелдер жинақтап үйренді, бір – біріне сұрақ қойды және құрастырды, негізгі дереккөздерді салыстырып, талдауға үйренді. Тіпті болжамдар мен ұсыныстар айтуға дағдыланғандығы байқалды.Бұл біздің әр сабақтағы оқушылардың жауаптарынан көрінеді. Балалар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында да дәлелдеу қабілеттері жоғарылай түсті.
Уәж – бұл оқушылардың белсенді қозғалтқыш күші . Бір жағынан сырттан күштелген ынталандыру, басқа жағынан өзін – өзі ынталандыру. Сондықтан мен оқушыларда осы сезімді іске қосу үшін сабақ жоспарын оқушыларды жұмысқа ынталандыратындай, барлық оқушының назарын аударатындай етіп құрдым. Бұған дейін барлық оқушының қатысуын қадағаласам да, сабаққа өздігінен ынталанбаған оқушы тиісті бағасын алып, елеусіз қала беретін. Бұл – менің үлкен қателігім. Мен алдымда отырған әр оқушының «ішкі уәжін» оятып, түрткі беруім керек еді.Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Сонда ғана оқушылар бар зейінімен әрекетке бағытталатынына көзім жетті.
Сондықтан әдебиет пәні бойынш төрт сабақты Блум таксономиясы негізінде жоспарладым. Өйткені барлық ойлау деңгейлері балаларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді.Шәкірттер өзінің түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұнын құрастыру, өз білімін бағалауда ойлану,талқылау,өз пікірін қалыптастыру оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмастыру мен таласу,өзгенін пікірін тыңдап, оны қабылдау секілді бірлескен жұмыс түрлері орындады.Блумдағы бағалау мен әрекетті бағалау арасында үлкен айырма бар. Ол - құндылықты анықтауОсыны негізге ала отырып, сабақтың алғашқы минутынан бар баланың назарын өзіме аударып, ішкі уәжін дамыту үшін қызықты, сыни ойлауға мүмкіндік беретін түрлі танымдық тапсырмалар бердім.
Ойлау деңгейлері Тапсырма түрлері Жауаптар
Білу Шегіртке(құмырсқа) қандай жәндік?Мысылдың авторы кім?Ертегі туралы не білеміз? Ертегі кейіпкерлері кімдер?
Берілген сөздерден ғибрат аларлық даналық ой құрастыру А деңгейіндегі оқушы интернеттен дерек алған
В және С деңгейлі оқушылар жауап берді.
Өткен сабақтардан алған білімдерін жинақтап, постер қорғады
А:Кола,чипси, супачупс –денсаулыққа күлдей зиян
В:Қымыз, шұбат, айран – адамға күш, қуат береді.
С: - Құрт, май, қаймақ денсаулыққа пайдалы тағамдар
Түсіну «Ертегіден не түсіндіңдер?»
Әңгімеден хабарлау мәтінін тауып оқып түсіндіру
Диалогты тауып, рөлге бөлініп оқу
Кімнің өлеңі? С деңгейіндегі оқушы даөзі теледидардан, суреттен көргенін айтып, әңгімеге араласып отырды
Қолдану Қасқырға нан табу жолын үйрет
Баланың неліктен комбайншы болғысы келеді?» «С»Мәтіннен теріп жазды, түсінгенін жеткізді
«В» оушылар өлең мазмұнынан түсінгенін айтты
Талдау Қасқырдың жыртқыш екенін қайдан көрдіңіз?
«Әкем ертең де болмауы мүмкін» дегенде нені ескертті?Неліктен әңгімені осылай қорыттың? Баланың әрекетін қалай бағалайсың? С,В оқушылар ойланды, ізденді көрген мультфильмдерін, естіген ертегі-әңгімелерін еске түсіріп,А,Вдеңгейіндегі оқушылар «Шал» және «Көксерек» киносының да қысқаша мазмұнын айтып берді
В: -Нанды үнемдеу, обал болады
А: 1-2 күннен соң әкесі айығып, балалар жаңа піскен нан жей бастады
В: - Нан таусылып қалса ертең ашығады Ертеңге бөлігін алып қою керек
Жинақтау Қасқырдың орнында досың болса, қайтесің?
Үйіңде сенің тамағыңды ішіп жата ма?» В» деңгейіндегі оқушы «қуып жіберемін» десе, А «Үйіме апарамын» деді. «Қуып жіберсең, аштан өледі. «Мал бақтырып, қорамды тазалатамын»
Бағалау Қай сурет ертегіге сәйкес келеді?Чупа-чупс пен малтаның қайсысын таңдайсың? Неліктен? А оқушы жауап беріп, ертегі құрады
С: Малтаны таңдаймын чупа-чупс тамаққа тұрып қалады
Тапсырма барлық оқушыға ортақ берілді.Алайда А, В,С деңгейіндегі оқушылар тапсырмаларды өз қабілетіне қарай өздері таңдап, тапсырманы орындауға бастамашылық көрсетті.Сабақтарымда қызықты оқиғаларды сипаттау, оқушыларды күлдіру, даулы, қарама – қарсы пікірлер айту АКТ-ны пайдалану, өз өмірімен байланыстыру нәтижесінде шәкірттерім тапсырмаларды зор ынтамен орындады. Өз ойлағаным да жоғары деңгейде шықты. Білу, түсіну деңейіндегі жабық сұрақтарға барлық оқушы ойланбастан тез жауап берді. Бұл тапсырмалар баланың есте сақтау қабілетін шыңдау мақсатында ғана берілді. Жаңа сабақты түсінуде тапсырмаларды өз бетінше орындауға бағыттадым.Ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмаларды балалар бірлесіп әрекеттесу нәтижесінде сапалы орындады. Қадағалау барысында төмен деңгейдегі сұрақтардан гөрі сыни ойлауға негізделген жоғары деңгейдегі тапсырмаларды көбірек және бұданда күрделендіріп беру керектігін ұқтым.Үзілісте А оқушыммен В оқушымнан нені білді,неден қиналғанын білу мақсатында сұхбат алдым. ( қосымша)Сұхбаттан анықтағаным – «А» және «В»-ға оқу үдерісіндегі жаңалықтар ұнаған.тапсырмаларды ынтамен орындағанын айтты. Постер қорғауда қиналады екен
Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыратын тәсілдің бірі-жаңалық.Осыған байланысты топқа бөлуді әр түрлі танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлауға негізделген тапсырмалар бере отырып ұйымдастырдым. Ұлттық сусындар, ет тағамдары,сүт тағамдары, ойдан жасалған тағам аттарын стикерлерге жазып, топтастырып болған соң осы сөздермен байланысты ғибрат аларлық даналық ой табуды тапсырдым.А, В, С деңгейлі оқушылар өзара әрекеттесе отырып, ұтымды ойлар тауып айтты. «Қымыз, шұбат, айран, көже адамға күш – қуат береді», «Кола, чипси,кериешки, чупа -чупс жеген денсаулыққа өте зиян. «Олай болса бүгінгі сабақ не туралы?» деп тақырыпты ашып алдым. Балалар өз жұмыстарын салыстыра алды.Ұсыныстар айта отырып, өзгертулер мен түзетулер енгізді.Оқу үрдісінде оқушының зор ынтамен өз әрекеттерінің жемісті екенін сезінетін жағдай туғыздым.Білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт – бағдар сілтеп отырдым.Оқушылар мәтінді өздері оқып, өзері бір – біріне түсіндіреді, яғни тапсырманы орындауға өздігінен бағытталды. Сұрақ қою және сұраққа толық жауап беру дағдысы жетілді. Балалар өз ойын жинақтау үшін уақыт бердім. Балалар бір – біріне ұсыныс жазуды ынтамен орындады. Басқаға ұсыныс жазу арқылы өз білімін толықтырды, білім деңгейін анықтады.Нәтижесінде А оқушыдан С оқушылар, В деңгейіндегі оқушылар өзара әрекеттесу арқылы бір – біріне көмек берді. «Көпірше» орнатылды.Мен өзімнің іс – тәжірибемде оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасуына, үстірт оқуға емес, материалды терең меңгеруіне ықпал еттім.Оның дәлелі оқушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым – қатынас орнады. Олар өз ойын ашық айта алатын болды.
Білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілгенін оқушылар оқу мақсатын өздігінен айқындай бастағанынан көруге болады.. Мысалға: әдебиеттік оқу сабағында балаларға «Оқулықтарыңа көз жүгіртіп қараңдаршы, бүгінгі сабақта нені білу керек ? деп бір минут уақыт беремін. Балалар дағдылана бастаған «Түсініп оқу, сұраққа жауап беру, өз ойын айту, мәтіндегі негізгі ойды табу, сипаттау т. Б.» депайта жөнеледі.Негізгі жеті талапты жазғызамын. Әр тапсырма сайын орындалғанын белгілеп отырды,Орындалмаған тапсырманы үйден толықтыру міндеттеледі.(Қосымша бейнежазба) Орындау уақытын көрсетіп, нәтижесін көрсетіп отырамын. Өз кезіндегі бұл жайт оқушылардың белсенділігін арттырып, сабақтың тақырыбына ынтасын жоғарылатты.Ата – аналар жиналысын жасап, «Балалардың дәптеріне нені білу керек, не тапсырма орындалу керектігі жүйелі жазылып отырады. Қай жерде «минус» тұрса, сол тапсырманың орындалуын үйден қадағалайсыз. Бала теңдеу шығара алмаса, үйден түсінуіне қолдау көрсетерсіз» деп ескерттім, Баласын күнде қадағалап отырған бір ата –анам: - Қызым біраз ашылған «Сабақты өзіміз оқимыз, өзіміз түсіндіреміз,өзіміз бағалаймыз, бәріміз мұғалім болып кеттік» деп мәз болады, - деді. Бұл сөздерден түйгенім оқушы ғана емес ата – ананың да жауапкершілігі артып келе жатканының көрінісі
С
Нені білу керек ?
Білмедім
орындамадым
Қалай үйренемін?
Қашан үйренемін?
Нәтиже
1 Мысалды жаттау
2 Сұраққа жауап беру
3 Жүргізіп оқу * Күнде оқимын
4 Сұрақ құрастыру * ертең Сұрақ қойды
5 Өз ойын айту
6 Мазмұндау
7 Диалогты тауып,рөлде ойнау * Үйде көп оқимын Ертең үйрендім
Әр сабақтың басындағы оқушылардың «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша қажет болды?»Секілді сұрақтарға жауап ізденіп, кері байланыс жүргізу арқылы сыни ойлар менмақсаттар оларды алға бағыттайды.Олардың жаңа тақырыпқа деген құлшынысының себепкері болды. Оқушылар өздеріне парадигмалық сипаттағы сұрақ қойып, «Бұл тақырып маған не берді? Пайдасы қандай?» сұрағына жауап беру үшін ізденді.Сабаққа деген ынтасының артқаны байқалады.
Сабақтың соңғы жеті минутында рефлексия жазуға уақыт бөлдім. Рефлексия дегеніміз – ойланып- толғану, өз түсінігін қалытастыру,өзіңді тану мен түсіну. Рефлексияда балалар өз әрекеттерін байыбымен бақылап, бағалайды. Сол арқылы алдында тұрған барлық мәселелер мен проблемаларды терең түсініп, оларды шеше біледі. Рефлексиялық білім адамның өзіне талаптарын жоғарылатады, ойлау қабілеттерін арттырып, оны «тазалайды».Өз әрекеттерін түсіну қабілеттері дамиды.Балалар бүгінгі сабақта қандай тапсырма орындай алғаны, нені орындай алмағанын жазып, ертең нені үйреніп келетінін айтты. ( бейнежазба)келесі сабақта не болды
Бұл жұмысты ата – ана қадағалайды.Ертеңіне сынып белсенділері тексеріп, қадағалайды. Қиындығы баланың дәптер, күнделігіне үңілмейтін, тұрақты қадағаламайтын ата – аналар бар.Болашақты осы жұмысты жүйелі жүргізіп, тұрақты қадағалап отырсам, балалардың өзін – өзі реттеу дағдысы жетіліп, білім алуда сапалы нәтиже береді деп ойлаймын.
Сабаққа тәліпті қатыстырдым.Ол өз сыныбының оқушылары мен менің сыныбымның деңгейі жер мен көктей деп салыстырды. «Сынып оқушыларының сабақта өз пікірін, ұсынысын айтпақ түгел берілген сұрағыма жауап беруде қиналады. Сіздің балаларыңыз сабаққа қызығушылықпен, барлығы қатысқаны таң қалдырды» деп көрген әсерін айтты.осы бұл кісінің болашақта максат қояты көрінісі ІІ деңгейлік курстан 2014- жылы сабақ алған оқу ісінің меңгерушісі –Гүлсім апай сабақтан алған әсері туралы « Мен сабақ бітпей, жалғаса берсе екен деп тіледім.Сыныптан шыққым келмеді» деді.Бұл ненің көрінісіОл кісі сабағымды критетерий арқылы бағалау барысында 97 % пайыз алғанымды айтып, құттықтады. Өзінің де сабақ алғанын, әдіс-тәсіл үйренгенін айтты.Lesson Study нәтижелерін талқылау барысында бақылаудағы С оқушыға сипаты: «С әр этап бойынша жауап берді.С – көшбасшы болды.Оны сыныптастарының рефлексиясынан байқадық.С-ны топ жетекші ету керек. «А » тобын алға жетеледі. «А-ға» жоғарғы деңгейдегі тапсырма беру керек» Гүлсім апайдың түрткісінен кейін менА деңгейіндегі оқушыларға жоғары деңгейдегі тапсырма дайындап келуді ұйғардым. Оқушылардың іс- әрекетін зерттей отырып өзімді өзім реттедім. Баланың ынтасының артуы менің іс – әрекетімнің нәтижесін көрсетті.
Соңғы сабағымда қатыспай, сөйлемей қалған оқушы болмапты. Өзім де риза болдым. Бағалау барысында С деңгейіндегі екі оқушыдан өзгесі жақсы баға алды. Екі оқушыға «ертең жақсылап дайындалып, бағаларыңды толықтырыңдар»,-деп сенім білдірдім.Өйткені олар «үштік» алғысы келмеді. Сабақ мақсатыма жеткенім осы болар. Өзім зерттеймін деп отырған «С» оқушы шамасы келгенше қол көтеріп, ой -пікірін айтты. Іс-әрекетті зерттеу барысындағы негізгі ұстаным- зерттелуші әрбір жеке субьектіерекшеліктерінің ,оның өзін-өзі реттеу,өзін-өзі бағалау тәсілдерінің жүзеге асуы (МАН 6-бет)Зерттеп жүрген А деңгейдегі қызым екінші сабақта даралығын көрсетті.Басқа топқа ұсыныс айтып, бағалағанда нақты дәлелдер айта білді.Өзі де өлең мазмұнын мағынаны ашатын сөйлемдермен, қазақ тілі ,дүниетану пәнімен байланыстыра толықтырып, тобына «жақсы» деген баға алып берді. «Малтаның синонимі-құрт,малта қой, түйе , сиыр сүт інен де жасалады.» деп тұжырымдады.
Сабаққа өзгеріс енгізген тағы бір жаңалығым – оқыту үшін бағалауды қолдану және оқушылардың бір – бірлерін, өзін – өзі реттей отырып бағалаулары болды. Оқу процесінде қолданылған формативті бағалаудың жиынтық бағалаудың айырмашылығы, тиімділігі байқалады.Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау үдерісінің сапалы білім алуда мәні зор. Ол оқушының бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Бағалауда «Оқушыларды баға қоюға тарту», « Топтарға баға қою», « Жеке бағалау парағы», «Бағдаршам», стратегияларын қолдандым.Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау үдерісінің сапалы білім алуда мәні зор. Ол оқушының бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Нәтижесінде, бағалау кезінде қолданылатын критерий мен стандарттарды нақты түсініп, өз жұмыстары туралы пікір қалыптастырды. Оқушылар өз қателіктері мен қиындықтарын мойындады.Сыныптастарын бағалау оқушының ынталандыру деңгейін көтерді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік беріп, сынды қабылдауға ықпал етті.Мұғаліммен және өзіне пікірталасқа түсуіне сенімі артты, сондай-ақ мұғалімдерге үдеріске араласудан шектеліп, жай ғана бақылауға мүмкіндік берді. Диалог барысында өзінің мықты және әлсіз жақтары туралы айта отырып, оқушылар өзінің мақсаттары мен күтілетін нәтижелелерін анықтай алды.
Бұл сабақтардан қорытынды түйсек, А деңгейлі оқушым оқу үдерісінің жаңа үлгілеріне тез үйренді. Өз бетінше білім алуға бағытталып, қалай оқу керектігін түсінді. Өзіне сенімділігі артты. Сыныптастарының қатесін түзеп, оларға «көпірше» орната білді. В деңгейлі оқушым ашылды. Сабақта танымдық тапсырмаларға ынталы қатысты. Өз «Мені» қалыптасты.Тапсырмаларға сенімді жауап берді Бәрінен де ең негізгі жаңалық – С деңгейлі оқушым сабаққа күнде дайындықпен келеді. Дұрыс болса да, бұрыс болса да қол көтеріп, мүмкіндігінше ағымға түсті. Уәж бұл – тұлғанын бағытын айқындайтын белсенділік тудыратын түрткіМен өз көзқарасымды дәлелдей алдым ба ? Іс- әрекетті зерттеу сабақтарым нәтижелі деп ойлаймын.
Әдебиеттік оқу пәнінде әр ойлау деңгейі бойынша белгілі бір нәтижеге жету көзделді.Зерттеу бағыты- ішкі уәжі арқылы ойын ашық баяндауға үйрету болса, қадағалау барысында екі – үш оқушыдан басқасы сұрақ – жауапқа, өз ойын ашық айтуға, топты қорғауда белсенділік танытты. Сабақтың соңғы 5 – 7 минутында оқушыларға оқу үдерісі туралы ойландыру мақсатында жазбаша күнделік жүргізуге уақыт бөлдім. (метатану ) Бұл оқу үдерісін өз бетімен реттеуге көмектеседі. Жазба сақталатындықтан, оқылған материалды қайта қарауға мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс, диалог, қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Оқу үдерісінде байқағаным, балалар кешегі сабақтағыдай емес,үшінші күні рөлдері ауысқан. Сабаққа жақсы оқитын балаларға қарағанда, керісінше, бұрын ашылмайтын балалар қатысыпты.содан ба , сабақ ахуалы күрделілеу өтті.Дегенмен, жауаптары мардымсыз болса да қозғалыс байқалғанына қуандым.Жоғары деңгейдегі балалар ұсыныс айтып, жалыққандай болды. Деңгейлік тапсырмалар бердімОқушылардың өз ойын құруға, ұсыныс айтуға да уақытты көбірек бөліп қойдым.. Уақытпен санасып, баланың жас ерекшелігін ескеремін. Оқушыларда «ішкі уәж» деп аталатын қасиеттің дамуына ықпал етемін. Оқушыларға рефлексия жазу үрдісін жүйелі жүргізіп, нәтижесін қадағалап отырса, өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастырға болады.
Зерттеуге дейін Зерттеуден кейін Кедергілер Келешекте қиындықтарды қалай жеңемін ?
Дәстүрлі стильде жауапкершілік тек өзіме жүктеп алдым, өзім айтып, өзім қоям Оқушы бастамшылдық пен ынтаны көрсетпейтін Балаларға нұсқау беремін. Білім алу жауапкершілігін оқушы да сезінеді. Олардың есіне өз міндеттерін жиі салып, қадағалап, бақылап отырамын. Қиындығы баланың дәптер, күнделігіне үңілмейтін, тұрақты қадағаламайтын жауапсыз ата –аналар бар Жауапкершілігі жоқ ата – анағакоучинг жүргіземін Оқушы әрекетін тұрақты қадағалап отырамын
Барлық бала қамтылмады Қадағалау, бақылау жұмысы қалыптаса бастады топпен бірлесе жұмыс жасай алмайтын балалар болды. Күнделікке түртіп аламын.Түрткілерді қабілетіне қарай лайықтап, дұрыс беремін.Оларға жақсы оқитын оқушылармен «көпірше» орнатуға жағдай жасаймын.
Бағалауды өзім жүргіздім Оқушы бағасының сипатын білмеді Оқыту үшін бағалау, табыс критерийлерін толтыру жүргізілді. С деңгейіндегі оқушы да «үштік» алғысы келмейді Оқушыға табыс критерийлерін түсініп, өзі құруға үйретемін.
Оқушының бәрі түсінді ме, көңіл аудармайтынмын Рефлексия жазуды үйретіп, балалар есебінен мақсатымның нәтижесін көрдім Барлық бала үйрене қоймады. Рефлексия жазудың сапалылығын арттыру мақсатында талапқа сай дұрыс толтыруды үйретемін.
Балаларды көп сөйлетпейтінмін «Ішкі уәжін» ояту нәтижесінде ойын ашық айтуға уақыт бөлдім, тыңдадым Шыдамсыздық Еркіндік беру, сенімін артыру
Топқа бөлмей ір түрлі деңгейдегі оқушыларға сәйкес тасырмасын беретінмін Талантты және дарынды баламен жұмыс, тәуелсіз тұлғаны дамыту Топтық жұмыста деңгейлік тапсырманы жекелеп беруге қиналдым Дұрыс болмағаны – уақыт жоғалттым. Балалар тобын таба алмай мүдіріп қалды,. Тәжірибелі әріптестермен идея алмасамын.Топқа бөлуді жеңіл, әрі тез орындалатындай ұйымдастырамын. Оқушылардың өз ойын құруға, ұсыныс айтуға уақыт бөлемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші (негізгі) деңгей (80-бет)«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық,екінші (негізгі) деңгей, 81-бет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Чиксентмихай М. (2008) Ағым Райан мен Деки.(2009) /Өзін – өзі анықтайтын мектептегі қызығушылықты арттыру: ынталандыру, оқу және ахуал/
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық,екінші (негізгі) деңгей, 98-бет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
4. «Оқытудағы интербелсенді әдістер» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 Пайдаланған әдебиет