Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Алтықарасу мектеп-балабақшасының
бастауыш класс мұғалімі
Жалғасбаева Мейрамгүл Елемесқызы
Математика 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Шаршы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларға шаршы жайындатолық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.
Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма, магнитафон.
барысы: ұйымдастыру
Психолигиялық дайындық
Ойға толы санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің ,
Тату болсын арамыз.
- Үй тапсырмасын тексеру №6
- «Бәйге» ойыны:
10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)
30) 1 сағатта неше минут бар? (60)
40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
50) Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)
60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)
Жаңа сабақ. Ребус
Шаршы
4-қабырғасы
4-төбесі
4-бұрышы
Бұл шаршылар
Шаршы – барлық қбырғалары тең тік төртбұрыш
Шаршының ең жақын тегі – тік төртбұрыш
- Алдымызда шашылып жатқан фигураларды атайық нөмірлері бойынша
Төрбұрыштар: 6, 7
Тік төрбұрыш: 3, 5
Шаршылар: 4
Үш бұрыштар: 1, 2
5.Шығармашылық тапсырма
Дәптеріңнің торкөз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте. Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап алда, тағы да бір нүкте белгіле. Белгіленген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да екі нүкте белгіле.
Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қос.
|
Сонда қандай фигура шықты? Шаршы
|
|
Оның шаршы екенін дәлелде және қабырғаларын өлшеп, дәптерге жаз.
|
(Барлық қабырғалары тең тік төрбұрыш шаршы деп аталады)
2см+2см+2см+2см = 8см
№2 Барлығы – 20(қ) және 10(ұ) Ш: (20+10)+4=34
10+(20+4) =34
Келді – 4 (0) 20+(10+4) =34
Болды - ? (0) Ж: 34 оқушы болды.
№3 Түптеуге тиіс – 48к Ш:48-(20+10) =18к
Түске дейін – 20к (48-20)-10=18к
Түстен кейін – 10к (48-10)-20=18к
Қалды - ? Ж: 18 кітап қалды
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке карап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып, аламыз.
Жүгіру стратегиясы №5
Логикалық есептер
Апам ала сиырын сауды. Ол 3 литр сүтті бидонға құйды, сонда шелекте 4 литр сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген?(7л)
Кітап 20 теңге тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 теңге жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар?(16т)
Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?(4-еу)
№6 Тақтамен жұмыс
8 + 5 = - 5 =
18 + 5 = - 5 =
28 + 5 = - 5 =
Қорытынды
1) Бірдей екі шаршыдан 4 үш бұрыш бөліп алуға болады?
2)Бірдей екі шаршыдан қалай тік төртбұрыш жасауға болады?
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
Бағалау:
Үйге тапсырма №4 93-бет