Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Сөз мерген

$
0
0

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Алтықарасу мектеп-балабақшасының

бастауыш класс мұғалімі

Жалғасбаева Мейрамгүл Елемесқызы

 

Сайыстың тақырыбы: Сөз мерген

 І кезең:   «Мықты болсаң, тауып көр». Тұрақты тіркестерді құрып, мағынасын ашу, мысал келтіру;

ІІ кезең:  «Жүйрік болсаң, шауып көр». Мақал-мәтел дің жалғасын табу

ІІІ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр». Берілген сөзтіркесінің мағынасын бір сөзбен ашу

 Сайысты қорытындылау:  Жеңімпазды анықтау, марапаттау.

 Тілім менің!

Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім,
Аралыммен  арыммен  қатар  қойып,
Тілді  қорғау – парызым  бүгін  менің! –дегендей, бүгін 3 сыныптар  арасында  «Сөз мерген» сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

 Ақталған ақ арманы, үміттері,ъ

Қашан көрсең жүреді күліп тегі

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың, сайыстың үміткері – дей отыра ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

 1 – «Зерде» тобы

2 – «Зерек» тобы

 Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады – дей келе әділғазылар алқасымен таныстырып өтейік

 Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен

Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – деп, сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайыс үш кезеңнен тұрады: «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыста қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көнерген сөздерден құралған тапсырмалар жасырылады.

Экранда берілген тапсырмаларға қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады.

Әділқазылар алқасы, жауабына қарай бағалап отырыңыздар.

 1 – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».

  1. Ілінбеу – беті, көзі, аузы, қолы

Көзі ілінбеу – ұйықтамау

  1. Асу – құлақ, бет, жақ, ауыз

Құлақ асу – тыңдау, назар аудару

  1. Жету – қолы, құлағы, мақсатқа, көзі

Көзі жету – анық білу

  1. Тістеді – қолын, білегін, бармағын, тырнағын

Бармағын тістеді – өкінді

  1. Тасу – ажар, көңіл, бой, қол

Көңілі тасу – қуану, шаттану

 6.Жүрек-бауыр,су, өкпе

Су жүрек-қорқақ

 2 – кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр».

  1. Туған жердей жер болмас,---------------------------
  2. Көз қорқақ----------------------------------

3.Ырыс алды---------------------------- 

 4.Жақсыдан үйрен,-------------------

5.Тазалық –саулық негізі.----------------------

6.Дос жылатып айтады,-------------------------

Тілдің қасиеттілігін байқау үшін 2 топ өнерлерін тамашалайық!

 1 – «Алғырлар» тобы

Тіл туралы диалог. (Мұқағали ізімен)

 Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер едің?

Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.

Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?

Шұбарламай тіліңді, өз онымен сөйлей біл.

Тілін білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?

Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.

Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?

Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.

Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?

Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла, құрметте, Тіл- халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.

Басқа пәле тілден деп ойлайсыңба достарым?

Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.

Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?

Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.

 2 – «Білгірлер» тобы. ән  «Ана тілі»

3 – кезең. «Ойлы болсаң, озып көр».

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

  1. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
  2. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
  1. 4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
  2. Бетінен оты шықты (ұялу)
  3. 6. Ит өлген жер (алыс)
  1. 7. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
  2. 8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. «Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады.

Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар!

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>