Тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Мақсаты:
- Оқушылардың бейімділік- жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекелеген мүшелердің құрылысында көрінетіні жайлы түсініктерін тереңдету;
- Сөздік қорын, ойлауын көз алдына елестету қабілетін дамыту;
- Құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстар туралы буклет, мақал-мәтелдер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәті
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
- Аңдар неге жуынады?
Бейімділік жануарлар тіршілігін сақтауға, жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.
ә) Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет». Құстарға біраз тоқталып өтейік.
- Құстар біздің достарымыз деп неге айтамыз? Өйткені олардың адам үшңн пайдасы өте көп. Бау-бақша, егістік, орман зиянкестері- жәндіктермен, кеміргіштермен қоректенетіп, ауыл шаруашылығына көп пайдасын тигізеді. Олардың ішінде өте биік ұшатын және тіпті ұшпайтын құстар бар. Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі болса, біздің Республикамызда 174 құстың түрі бар.
б) Қандай құстарды білесіңдер?
Мысалы, Өзімізге таныс тоқылдақтың тұмсығына назар салайық: оның тұмсығы қашау сияқты өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, қабық астынан әр түрлі бунақденелерді алып жеу үшін, ұя жасау үшін қажет. Сол сияқты бүркітке ұстаған аң-құсының етін жұлып жеу үшін өзінің орақ тұмсығы қажет. Бүркіттің біздің елімізде 7 түрі бар, ең ғажабы- қыран бүркіт, өте күшті, ірі денелі алып құс, биік шың басын мекендейді.
Бірқазан- салмағы 13 кг., қанаттары екі метрге жететін алып құс. Қызғылт бірқазанның жамылғысы қызғылт болады. Ол топ балыққа кездескен кезде аузын кең ашып, балықтарды бірақ көсіп алады, қалта созылып, оған бірталай балық сияды.
в) –Құстардың мүшелерін атаңдар?
- Бас, көз, аяқ, тұмсық.
Егер құстардың тұмсығы жоқ болса, елестетіп көрейікші. Олар қандай жағдайда болушы еді? (Аш қалады, тіршілік ете алмайды)
г) Тұмсық ерекшеліктеріне назар аудару, әр құстың тұмсығына қарай, оның қорегі де әр түрлі болады.
д) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.
ж) Сөздік жұмысы
Қашау- еңбек құралы (сайман) егеу
Үңгіп-үңгіп- тесу, үңгірлеу
Көсіп- жинап алу
з) Құстар жайлы викториналық сұрақтар
- Қазақ халқы қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
- Еліміздің туында қандай құс белгіленген? (бүркіт)
- Мүлдем ұясы болмайтын құс? (көкек)
- Қандай құс бейбітшілік құсы деп аталады? (кептер)
- Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)
Сабақты қорыту
Құстар туралы жұмбақ, мақал-мәтелдер айту
Көлдің сәні, көркі екен
Ұшқанда сазды ән екен
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап, сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Маң-маң басқан жүрісі
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды
Қуғанын бірақ ұстайды. (түйеқұс)
Ауылда, қалада мекені
Жолаушы жүрсе шығарып салады
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді (қарлығаш)
Мақал-мәтелдер
Ит баласы жырымға қарайды
Құс баласы қырымға қарайды.
Құстың қуы- сауысқан.