Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Глобусты қалай қолданады?

$
0
0

Оқу  ісінің  меңгерушісі:

 

Пән: жаратылыстану

Мектеп: «Т.Әубәкіров  атындағы  орта  мектеп – мектепке  дейінгі  шағын  орталығымен» КММ

 

 

Күні:  19.02.2017

Мұғалім: Тілеуқабыл С

 

 

Сынып:   1 «Ә»

Қатысқандар  саны:

 Қатыспағандар  саны:

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:

Глобусты қалай қолданады?

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

 

 

Сабақтың мақсаттары:

 

Барлығы::  жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;

Көбі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбірі:жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

 

 

Жетістік  критерийлері

            Оқушылар:

            глобуспен танысады;

            oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

            глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

 

 

Дескриптор

            глобуспен танысады;

            oқушылар глобуста  көк  түспен  су, сары  және  жасыл  түспен  құрлық  көрсетілетінін  біледі;

глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады

 

 

Тілдік  мақсат:

Модель, глобус

 

 

Құндылықтарды  дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу, жұппен жұмыс орындау арқылы достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

 

 

Пәнаралық  байланыс:

дүниетану, математика,  сауат  ашу  пәндері

 

 

Бастапқы  білім:

Жер  ғаламшарының  көрінісі

 

 

Сабақ  барысы

 

 

Сабақтың  жоспарланған  кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Сабақтың ортасы

10  минут

 

Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл­ діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші­ рейтілген моделі.

 

Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсету.Мынадай сұрақтар қою:

— Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

— Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

— Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Оқушылардың пікірін толық тыңдау.  Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау барысында өздері түсінеді.

Ойыншықтар. Бөлмеде  қандай  заттардың моделін  көріп  тұрсың? Оларды  атай  аласың  ба?  (Суретпен  жұмыс)

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 минут

Өздері  білетін  сергіту  жаттығуын  айтқыза  отырып  қимылдарын  жасату

 

 

 

 

 

 

15  мин

 

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыну. Кейбір оқушылар  сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұрау. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтау.

Глобуспен танысу. Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны  туралы оқушылардың өздері қорытын­ дылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек.

Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өткен сабақтағы Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айту. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын айту. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айту.

 

 

 

Аяқталуы

10 минут

Жұмыс  дәптерімен  жұмыс

Жұмыс  дәптері

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлекция

 

 

 

 

Дифференциа

ция –

топпен  жұмыс  жүргізу, жұптық  жұмыста  өз  ойларын  жеткізу  дағдыларын  жетілдіру

            Бағалау - Оқушылар:

            глобуспен танысады;

            oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

Оқушыларды  бір – бірін  тыңдай  білуге

тәрбиелеу

 

 

 

 

 

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>