Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Менің отбасым

$
0
0

Жумагалиева Айгуль Каимовна-бастауыш сынып мұғалімі

Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

Тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты:  1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру .

  1. Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға машықтану. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тіл дамыту.

3.Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: сюжеттік сурет «Отбасы»

Сөздік жұмыс: құндызым, жұлдызым, қошақаным, ботам

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Қазір қандай сабақ?

- Біз бүгін бір ғажайып әңгіме қозғайын деп отырмыз.  Ол – отбасы туралы.

Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды дұрыс орындаңдар.

- Отбасы  қандай болуы мүмкін?

-Жанұя мүшелерін ата.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

-Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып бер.

 

 

 

 

 

 

Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...

Ата, әже, әке, ана, бала.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар тобы.

Отбасы мүшелеріне – ата, әже, әке, ана, бала жатады.

 

Суретпен жұмыс: «Менің отбасым»

-Суретте кімдер бейнеленген? Ата.

-Ата не істеп отыр?

-Әке не істеп отыр? т.б.

 

Сергіту сәті.

 (Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады)

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек– сен

 

 

 

 

Оқушылар отбасы мүшелерін атайды.

Әңгіме құрастырады.

 

І-ІІ  деңгей

ІІІ-деңгей

ІҮ-деңгей

 

Жазушылар.

Тапсырма: Әңгіме құрастырады.

-Отбасында неше адам бар?

-Сенің әжең-атаң бар ма?

-Сенің әкең қайда жұмыс істейді?

-Сенің отбасың қандай?

-Сенің апаң, ағаң бар ма?

Әртістер

Сценка: Бір анада 3 баласы болыпты. Анасы жұмыстан шаршап келіпті.

Бірінші баласы:

 –Ана мен Сізді сағындым –дейді.

Екінші баласы:

– Мен Сізді жақсы көремін –дейді ол.

Үшінші қызы – анасының аяғынан аяқ киімін шешуге көмектеседі.

-Қайсы баласының іс-әрекеті саған ұнады, қайсысын  дүрыс деп ойлайсың?

Суретшілер.

Плакаттағы суретті  бояйды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Отбасы деген не?

-Отбасы мүшелерін ата.

-Сені  анаң қалай еркелетіп  атайды? (құндызым, жұлдызым, қошақаным, ботам т.б.)

 

 

 

Нәтиже: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктері қалыптасады.                     

                Отбасы мүшелерін атайды.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>