Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі.
Күні: Сынып: 1 |
Мектеп №13 Мұғалім:Рыскалиева Дария Каримовна |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.5.1.Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру(мұғалімнің көмегімен). 1.1.9.1.Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,дауссыз,жуан және жіңішке дауыстылар)ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.3.1.1.Сөйлемдерді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті тыныс белгілерін қою; |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі және сұрақтарға жауап бере алады. Сөздегі дыбыс түрлерін ажырата алады және дұрыс дыбыстай алады.Сөйлемді бас әріптен бастап жазуды біледі және сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоюды біледі. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Цирк- клоун-сайқымазақ- |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 14 минут
|
№1Айтылым:1-дескриптор:Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды және сұрақтарға жауап береді. №2.2-дескриптор:Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыс сыз,жуан және жіңішке дауыстылар)ажыратады,дұрыс дыбыстайды:цирк,концерт,цех,цемент....т.б. №3."Бағдаршам ойыны"(дыбыстарға байланысты) 3-дескриптор:ойын ережесіне сүйеніп ойнайды Барлық өткен дыбыстарды қайталайды ойын арқылы №4.Жазылым:4-дескриптор:Сөйлемдерді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті тыныс белгілерін қояды. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс "Бағдаршам" ойыны Кеспе әріптер дәптер |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. (балалар қолдарын соғады) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 10 минут Қызықты тапсырма 8 минут
|
Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалдық оршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек. Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады. |
сақина
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия |
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|