Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар
3 класс |
3-сабақ |
|
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Сезім мүшелері. |
||||
Жалпы мақсаты |
Сезім мүшелерінің гигиенасы туралы түсініктері қалыптасады. Сезім мүшелерінің қызметтерін анықтайды, оларды сақтау, күту не үшін керек екенін түсінеді. |
||||
Оқудың нәтижесі |
1.Сезім мүшелерінің тазалығын сақтауды үйренеді. 2.Шығармашылық қабілеттері артады. 3.Топта ынтымақпен жұмыс жасайды. |
||||
Дерек көздері, қажетті құрал-жабдықтар |
«Атамұра» 2014 ж, 3 класс, дүниетану оқулығы 34-36 беттер. түрлі-түсті маркерлер, А3 форматы, слайд, |
||||
Ұйымдастыру кезеңі |
Уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||
1мин |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: Екі көзің не үшін қажет? Жақсыларды көру үшін. Екі қолың не үшін керек? -ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін! |
Мұғалім сұрағына жауап бере тұрып қимыл-қозғалыспен дене мүшелеріне жаттығу жасайды. |
|||
Топқа бөлу
|
1 мин |
Оқушыларды 2 топқа бөлу. Топқа бөлу: оқушылардың жеке бас тазалығына қатысты суреттер беріледі, 1-топ : тазалық сақтауда тұтынатын заттардың суреттеріне сәйкес, 2-топ: балардың суреттеріне сәйкес бөлінеді. |
Таңдап алған суреттеріне сәйкес 2 топқа бөлініп отырады.
|
||
Білу |
5 мин |
Мен сендерге « сезім мүшелері» туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, шешіп көрейік. (Қол мен саусақ) |
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады. |
||
Түсіну: «Ассоциация» әдісі |
5 мин |
Сезім мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке ассоциация жасау тапсырылады. |
Тапсырманы топпен орындап, топ мүшесінің бірі шығып қорғайды. |
||
Қолдану
|
5 мин |
Оқушыларға түрлі заттар беріледі. Мысалы:тұз, алма, т.б. сезім мүшелері арқылы ажырату керек. |
Оқушылар көзін байлап қойып иісі, дәмі, т.б. арқылы заттың немесе тағамның не екенін табады. |
||
Талдау: «Ойлан, жұптас, топтас» әдісі |
10 мин |
1.«Суреттерді сөйлету» ойыны ойнатылады: берілген сюжетті суретке қарап тақырыпты әңгімелеу тапсырылады. Тапсырма жұптасып орындауға беріледі. 2.Берілген тапсырманың таныстырылымын жасату. |
1.Әр жұп өзіне берілген суретті талдап, сурет мазмұнын әңгімелеуге дайындалады. 2.Топ мүшелері өздеріне берілген суреттер бойынша талдау жасап, топтың бір мүшесі шығып түсіндіреді. |
||
Жинақтау «Бес жолды өлең» әдісі |
10 мин |
1-топқа: мұрын, көз, құлақ сөздеріне, 2-топқа:тіл, тері сөздеріне бес жолды өлең құрастыру тапсырылады. |
Оқушылар берілген тапсырманы орындап, тақтаға шығып талдау жасайды. |
||
Рефлексия |
5 мин |
Инсерт кестесі 1.Бүгінгі сабақтан не түсіндім? 2.Бүгінгі сабақта нені түсінбедім? 3.Не туралы білгім келеді? |
Тапсырма бойынша өздерінің бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгенін және не үйренгісі келетінін стикерлерге жазып, бүгінгі сабаққа рефлексия жүргізіп шығады. |
||
Бағалау |
2 мин |
Оқушы аттары жазылған плакатқа ілініп, сабақтың әр кезеңі бойынша бағалау жүргізіліп отырады, сабақ соңында барлық кезең бойынша жиынтық баға қойылады. |
|||
Үйге тапсырма |
1 мин |
Оқулықтың 36-бетіндегі тапсырмалар беріледі. |
|||