Пән : әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақ тақырыбы : «Сүйемін, өскен Отаным!»( М.Мақатаев)
Мақсаты:Оқушыларды М.Мақатаев өлеңдерімен,шығармашылығымен таныстыру.
Міндеттері : Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.Отанын ,жерін, елін сүюге , жұпта ,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі : топ ережесіне сүйене отырып , топпен жұмыс жасауға төселеді. Өз бетінше тұжырымдама жасай алады. Әрекетті сыни бағалауды үйренеді,
Керекті жабдықтар :экран, слайд
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс – әрекеті |
Оқушының іс – әрекеті |
||||||
1.Ұйымдастыру |
Психологиялық дайындық. Күлім қағып қолымды, Бір ,екі,үш деп соғайын. Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. |
Шаттық шеңберін жасады |
||||||
Топқа бөлу |
Оқушыларды конфет түс теріне қарай топқа бөлу |
Қораптан өздері қалаған конфетті таңдап алу.топтарға бөлініп,орындарына отыру |
||||||
Үй тапсырмасын тексеру |
«Елтаңба мен Ту туралы жыр»мәтінін мазмұндау Топтарға «Өрмекші торы» арқылы мазмұнын айтқызу. «Сұраққа –жауап»ойыны -елтаңба,ту туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Елтаңбадағы пырақ нені білдіреді ? Көк түс нені білдіреді ? Оқушыларды стикерлермен бағалау |
Әр топ жалғастырып айтады.
Сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын тұжырымдайды |
||||||
«Миға шабуыл» әдісі |
Әр топқа «Туған жер», «Отан», «Туған ел» туралы мақал – мәтелдер жазғызу. -Осы сұрақтар не үшін берілді? -Бүгінгі сабақ не туралы болмақ? |
Дәптерлеріне берілген тапсырмалар бойынша мақалдар жазады.
Оқушылар ойларын айтады. |
||||||
Мағынаны тану |
-бүгінгі сабақта қазақ халқының аса дарынды ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармасымен танысамыз.Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып,үйлесіп тұрады .Сондай өлеңдерінің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным!» Видеодан автор туралы көрсету. Үнтаспадан өлеңді тыңдау. |
|
||||||
Оқулықпен жұмыс |
1.Өлеңді топтарға бөліп мәнерлеп оқыту 2.әр шумақты жалғастырып оқу 3.Әр шумақтың түйінін табу Топтық бағалау |
Топ оқушылары өздеріне тиесілі тапсырманы орындайды. Не жайлы айтылғанын өз сөздерімен дәлелдейді Әр топ бірін-бірі бағалайды Бағалау парақтарына жазады. |
||||||
|
Топтық жұмыс. Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына «Даналық ағашына » жазыңдар
|
Жазғандарын оқиды. стикерлерге жазып ағашқа іледі. |
||||||
«Аялдама» әдісі |
«Бағдаршам» бағалау |
Әр топ бірін-бірі толықтырады. |
||||||
Сергіту сәті |
«Австралиялық жауын- шашын» |
Қимылдарды қайталайды |
||||||
Ой толғаныс |
«Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат». Видеодан көрсете отырып оқушыларға қазақ елінің табиғаты туралы әңгімелету,жазғызу - Сендерге қай топтың жазған әңгімесі ұнады ? - |
Видеоны көре отырып, тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыру.
Топ жұмыстары бойынша өз ойларын айту. |
||||||
Бекіту |
«Ыстық орындық» әдісі бойынша - М.Мақатаевтың қандай шығармаларын білесің? - Қай жылы туған? - «Ыстық орындыққа» отырғанда қандай сезімде болдың? |
Оқушылар ортадағы орын-дыққа отырып,қойылған сұрақтарға жауап береді |
||||||
Рефлексия |
-сабақ несімен ұнады? -сабақтың ұнамаған тұсы ? |
Жеке тапсырма . Сабақ туралы өз ойларын жазады
|
||||||
Үйге тапсырма |
Өлеңді жаттау. Отан тақырыбында шағын әңгіме жазу |
|
||||||
Бағалау |
Жиынтық бағалау |
«2жұлдыз,1 тілек» |