Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Малдың пайдасы

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №22

ОЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жумагулова Айзада Калихановна

1 «б» сыныбы

Ана тілі сабағы

 

Сабақтың тақырыбы: «Малдың пайдасы»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, олардың төлдерін ажыратуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Төрт түліктің төлін сүюге, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. Пайдасын айтып, оларды баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға баулу.

Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал- мәтел қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы тіл байлықтарын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік мал суреттері, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Психологиялық дайындық:

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл- осындай,

Болайықшы досым- ай

  • Жарайсыңдар, балалар, енді біздің бүгінгі сабағымз күндегіден ерекше екенін көріп тұрмыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті орнымызға отырып сабаққа дайындалайық.

Үй тапсырмасын тексеру:

  • Балалар, кім айтады үйге қандай тапсырма берілді.
  • Шұбат мәтінін түсініп оқу.
  • Ендеше үй тапсырмасына дайындалайық. (4 оқушыдан сұрау)
  • Өте жақсы дайындалып келген екенсіңдер
  • Мәтін бойынша сұрақтар қояйықшы?
  • Шұбат неден жасалады?
  • Бір өркешті түйе қалай аталады?
  • Түйенің қандай пайдасы бар?
  • Қымыран деген не?
  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда топтарға бөлініп отырмыз, енді осы топтарға ат қою үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуі бойынша топтарыңды атайтын боламыз.
  1. Төрт тағанды бойы бар,

         Момындық дұрыс ойы бар.

         Кезбендіріп жүрмейді,

         Айналдырған тоны бар.                  (қой)

  1. Иір- иір денесі

         Сахараның кемесі

         Ащы шөптер тамағы

         Шөлге шыдап бағады.                    (түйе)

  1. Екі айнасы бар,

         Екі найзасы бар,

         Төрт жаптырмағы бар,

         Бір шыбыртқысы бар.                     (сиыр)

  1. Батырға көлік болған,

         Сүті- қымыз.

         Жегенге тамақ болған,

         Тағамен жүріс.                                (жылқы)

  • Міне балалар, топқа бөлініп алдық енді осы топтарымыздың атын бір сөзбен қалай атауға болады.
  • Өте жақсы «Үй жануарлары»
  • Бүгінгі біздің сабағымыз да осы үй жануарларының пайдасына байланысты «Малдың пайдасы» деп аталады.

Жаңа сабақ:- Ендеше балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын , бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық.

  • Малдың пайдасы өлеңін Өтебай Тұрманжанов жазған. (автор туралы айту)
  • Өлеңді бәріміз ашайық та сұқ саусағымызбен ұстайық.Мен оқимын. Түсіндіремін.
  • Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Малдың адамдарға берер пайдасы көп. Өлеңімізде айтқандай Қойдың жүнінен қолғап, байпақ киеміз.т. с.с (слайд бойынша түсіндіріп өту)
  • Оқушыларға оқытамын
  • Өлең мазмұнына түсінсек өлең астындағы сұрақтарды қарайық.
  • «Қой» сөзімен бірдей айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөзді табайықшы.
  • 189 жаттығу Ұйқасын тауып өлеңді көшіріп жазайық. Сонымен бірге үстінде көрсетілген балалардың қайсысы қай сөзге сәйкес келетінін айту.

Шота!

Арам шөпті жұлма.

Дина!

Сөз маржанын жина.

Айбала!

Өкпелеткен қай бала?

Айман!

Келе қалдың қайдан?                     Мұзафар Әлімбаев

  • Ендеше балалар, келесі кезекте шығармашылық тапсырма орындайық.

1 топ «Сиыр»- сіздер мына беріліп тұрған суреттердің бірінші әріптерінен мақал құрастырып шығыңдар. Жазып түсіндіресіңдер. (Қой семізі- қойшыдан)

2 топ «Жылқы»- сіздер мына топтастыру тестісін орындайсыңдар. Төлдерін тауып сызық арқылы қосасындар (Қой- қошақан, сиыр- бұзау, жылқы- құлыншақ, ешкі- лақ, түйе- бота)

3  топ «Түйе» - сіздер өлеңнің ішіндегі Қолғап, қалпақ сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

4 топ «Қой» «Ешкі» Ешкі, сиыр, қаймақ, қымыран, түйе, жылқы, қой сөздерін буынға бөлесіңдер.

Қорытынды:

  • Балалар, бүгінгі сабаққа түсіндік пе?
  • Ендеше, үйге тапсырма « Малдың пайдасы» өлеңін жаттап келесіңдер

Бағалау:

  • Балалар, мен сіздерге кампиттер үйлестіремін. Қызыл кампит берсем сол оқушы бестік алғаны, көк кампит төрт алғаны, сары кампит үш алғаны деп білесіңдер.
  • Сабақ аяқталды.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>