Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылындағы
№114 орта мектептің ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Меңбаева Гүлшат Мақсұтқызы
Отбасылық «Анам және мен»
спорттық сайысы
Мақсаты: Отбасылық ұйымшылдық, сыйластық, адамгершілік ізгіліктерін дәріптеп, салауатты бәсекелестікке тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекілік: лозунгтер, суреттер
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі отбасылық іс-шара «Отбасы» күні мерекесіне арналмақ.
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар мен белсенді аналарының арасында өткізілгелі отыр.
«Анам және мен » атты спорттық сайысына қош келіпсіздер!
Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.
І топ –«Барыс» - Ізбасаровтар отбасы
ІІ топ-«Жеңіс» - Нәрікбаевтар отбасы
ІІІ топ- «Сұңқар» - Жолдыбаевтар отбасы
IV топ-«Болашақ» тобы – Уалиевтер отбасы
V топ-«Бәйтерек» тобы – Бодановтар отбасы
Жүргізуші
- Бүгінгі спорттық сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- Мектеп директоры: М.Жусупова
- Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ғ.Өтегенова
- Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Д.Абызов
(Бағалау парағы, қарындаш, бағалау цифрлары алдарында қойылған)
Жүргізуші:
-Құрметті сайысқа қатысушылар! Сайыс бағдарламасымен таныс болыңыздар:
«Кім жылдам?» сайысы
1-кезең «Паровоз»
Анасы мен баласы тіркесе отырып кедергілер арасынан жүгіріп өтеді. Қайтар жолда тура жүгіреді.
2-кезең: «Пингвин»
Қатысушылар аяқ арасына шар қыстырып кедергілер арасынан жүреді. Қол белде.
Жүргізуші: Дайын болсаңыздар сайысымызды бастайық. Сәттілік тілейміз!
3-кезең . «Кім шапшаң?»
Шелектен суды қасықпен алып, төкпей стаканға құюы қажет.
(Берілетін уақыт – 1минут)
4-кезең. «Ептілер»
Қатысушылар жүгіріп келіп матрастан айналып түседі де керулі жіптен шалқалай, денесін жіпке тигізбей өтеді.
Сайысымыздың соңғы шешуші кезеңі «Қыл көпір» деп аталады.
Анасы мен баласы екі картонды кезектестіре қойып отырып мәреге дейін баруы керек.
Жүргізуші:
- Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын марапаттауға әділқазы алқасын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
- Осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық сайысқа қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! «Бақытым да, байлығым да- денсаулық» демекші, сіздерге зор денсаулық тілейміз. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қолдаңыздар!