Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Құстардың қысқы тіршілігі

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Бескулакова Ақтоты

 

Білім беру саласы: Қатынас

 Бөлімі:  Тіл дамыту

Тақырыбы:  Құстардың қысқы тіршілігі

 Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру тапсырмалар беру арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері,үнтаспаға жазылып алынған құстардың үні,слайд,қима жапсырмалар,құстың ұясы.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,жұмбақтар шешу,тақпақтар (слайд,үнтаспа)

Қостілділік компонент: зима-қыс, птицы-құстар, гнёзде-ұя

  Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

 іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері                                                   

Сылдыр-сылдыр шапалақ,

Міне, менің қолым.

Міне, менің жүрегім,

Сені жақсы көремін.

 

Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады.

 

 

 

Іздену – ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

 

Қандай түсініктерді игерді:

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

 

Балалар топқа бөлініп отырады.

Өткен тақырыпты қайталау                                 Жаңа тақырып:                                   
Қыстап қалатын құстар.

Үнтаспадан құстардың үні естіледі(слайд). Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар,жыл құстары боліп бөлінеді.

-Қыстап қалатын құстар: торғай,сауысқан,қарға,кептер,тоқылдақ (слайд).Басқа құстар жылыжаққа ұшып кетеді,күн жылынған соң қайта ұшып келеді.

-Қыста құстар ағаштардың бұталарын паналап күнелтеді.Қарыны ашқан құстар адамдарға жақын ұшып қонады.

Торғай-ағаш қуыстарын,үйлерді мекендейді.Бұталардың дәнімен,жемісімен қоректенеді,кіп-кішкентай құс.

Қарға-басы,қанаты қара,тұмсығы үшкір,тырнақтары өткір құс.Түрлі тамақтарды тырнақтарымен шұқып жейді.Қарғалар ұзақ өмір сүреді.Қарға ақылды құс.

Сауысқан-ала қанатты,ұзын құйрықты құс.Құйрығының ұз-35см.Ерекшелігі-жылтыр,әшекей заттарды жақсы көреді,бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол-өте сақ құс.

Кептер-басы кішкентай,тұмсығы түзу,сирағы қысқа құс.

Тоқылдақ-ұяларын ағаштарға салады.Ағаштардың дәндерімен,жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді.Тоқылдақ қорегін мықты,мүйізденген тұмсығының жәрдемімен алады.Тырнақтары иілген.

1.Суретпен жұмыс(топтық)

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру

-Қыстап қалатын құстарды атайық?

-Қыста құстар қалай қоректенеді?

-Суретте қандай құстарды көріп тұрмыз?

Сөздік жұмыс: сарышымшық,торғай,құр

Сарышымшық-кеудесі сары,қауырсындары көкшіл болып келеді.Сарышымшықтың                15-ке дейін балапандары болады.Құртпен,көкөністердің дәндерімен,еттің қалдығымен,майларын қоректенеді.

Құр-орман құсы.Итмұрын,бұта арасында тіршілік етеді.Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады.Негізгі қорегі-өсімдіктер.Ол алысқа ұша алмайды.Аязды күндері қар астына кіріп,сонда түнейді.Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.

2.Топтық жұмыс

-Құстар туралы тақпақ білеміз бе?

-Олардың денесін не жауып тұрады?

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдап,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Жаңылтпашты жаттайық:

-Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Жаңылпаш не туралы?Қандай құстың аты кездесеі?

3.Топтық жұмыс: (түрлі-түсті қаламмен)

-Құстардың суреттерін бояу?

-Қандай геометриялық пішіндерді пайдаландық?(денесі,басы,құйрығы)

Қимылдық ойын: -Ұшты,ұшты

Жұмбақтар шешейік: «Кім зерек?»

1.Шарлап келіп даланы,үйіме үйім салады.

2.Түнде жортады,жарықтан қорқады

3.Тоқылдатып мазаны ап,ағаштарды тазалап,ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар.

4.Сексектеп бір тұрмайды,өреден құрт ұрлайды.

5.Қара түсті қарқылдақ, ұшып-қонып жалпылдап,қоқыстарды шоқиды,жем іздейді там-тұмдап.

6.Қулығын асыратын,жұмыртқасын өзі баспай,басқа ұяға жасыратын,өзін-өзі шақыратын қандай құс?

Құстар туралы болжамдар:Тыйым сөздер:

-Құстың ұясын бұзба!

-Құсты атпа,өлтірме!-Торғайға тас лақтырма!

Құстар туралы видео тамашалау.

Қорытындылау

Қыстап қалатын құстарды ата?

-Құстарға қандай көмек жасаймыз?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстар жылдың қай мезгілінде оралады?

-Оқу іс-әрекетіміздің соңында құстарға жақсы тілектер тілейік.Оларға ұя жасап беріп,қорғайық.Олар табиғаттың сәні,қорғаушысы.(ұяға құстарды ілу)

 

-Бағалау. 

 Ағаштан жасалған құстың ұясын тамашалау

 

Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

 

Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

 

 

Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Балалар екі топқа бөлініп отырады.                             Сұрақтарға жауап береді 

 

Безендірдік аулада,

Өсіп тұрған шыршаны,

Әсемдеуге әр бала,

Бар өнерін жұмсады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торғайдың суретін көріп,дауыстап тыңдайды.

 

Қарғаны тамашалайды.

 

 

 

 

Сауысқанмен танысады.

 

 

 

 

Кептердің үнін тыңдайды.Топтық жұмыс жасайды.Әр топ әңгіме құрастыруға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар суретпен жұмыс жасайды,әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылдар орындайды

 

 

Балалар жаңылтпашты естерінде сақтауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

Аяжан,Ақниет

-қарлығаш

-жарғанат

-тоқылдақ

 

 

-сауысқан

 

-қарға

 

-көкек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңсар: Сауысқан шатыр астына тығылса,боран болады

Айдар: Құстың ұясын бұзба.

Ержан: Қарлығаш адамға дос.

Айзере: Торғайға тас лақтырма.

Іңкәр: Құстың жұмыртқасын жарма,обал болады.

Бекарыс: Торғай топталып ұшса күн суытады

Қарлығаш: Құстар көңілденсе,күн ашық болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>