Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Ә ә дыбысы мен әрпі.

$
0
0

ОҚО  Сарыағаш ауданы  Жемісті ауылы

№14 Алыбай батыр атындағы жалпы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Акпарова Ақерке

 

Сауат ашу пәнінің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ               

Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.                                            МАДТ

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

 

Ә ә дыбысы мен әрпін танытып дауысты дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық, талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту. 

Сабақтан күтілетін нәтиже:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:  Ә  дыбысын айтып жаза алады, ә дыбысы қатыстырылған сөздерге мысал келтіре алады

Оқушылардың басым бөлігі мынаны орындай алады:  Ә дыбысын айтып, жазып,   бес немесе алты әріптен құралған  ә дыбысы кездесетін сөздерді оқи алады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Ә дыбысы бар сөздерге мысал келтіріп,  сөйлем құрай алады

Тілдік мақсат:

Әтеш, дәрігер,  әлди, бесік.

Ресурстар:

әже (суреті), бесік; әріптер кассасы, әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер. Стикер, смайлик

Пәнаралық байланыс:

Тіл дамыту, көркем әдебиет, бейнелеу

Алдыңғы оқу:

Ә дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3минут

Шаттық шеңберін жасау

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын

Түстер арқылы топқа 4 бөлу

1-топ «Балдырған» тобы

2-топ «Күншуақ» тобы

3-топ «Алғырлар» тобы

4-топ «Зеректер» тобы

 

Өткен сабаққа шолу жасау

5мин

«Көңілді доп»-әдісі.

Балалардан І дыбысы мен әрпі жайлы сұрау.

 «Бесбармақ» әдісі.

 

ЖАҢА САБАҚ

8 минут

 

 

 

 «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

Жұмбақтар шешу.

1.     Әжеде бар,

Анада жоқ.

Әкеде бар,

Атада жоқ.

Бұл қай әріп (Ә)

2.     Таныстырар әріппен

Мынау кітап- Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

3.     Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

4.     Әжеме тіс саламын,

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтан да өскенде

Мен ....... боламын (Дәрігер)

5.     Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып. (Әже)

Жұмбақтардың шешуі қай әріптен юасталып тұрғанын сұрау. Ә ә дыбысын хормен айту. Ауада жазу.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ән, ән, ән. Қамба толы дән.

Ә әрпінің жіңішке дауысты дыбыс екенін түсіндіру.

А-Ә

Сан-сән, ар-әр, татты-тәтті, алды-әлді, ары-әрі.

Ә ә дыбысы қандай дауысты дыбыс екенін сұрап, пысықтау.

Тақтамен жұмыс. Ә ә үлкен, кіші әріптерінің жазылуын көрсету.

Дәптермен жұмыс.

Үлгі бойынша Ә ә әрпін дәптерге жазып шығу.

 Сергіту сәті.

(Музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)  

 

САБАҚТЫ БЕКІТУ

10минут

 

Топтық жұмыс.

1-топ. Суретпен жұмыс.

Суреттерді қарап шығып, оларды шаршыдағы әріптердің қайсысына тиісті екенін ажырат.

2-топ. Суретпен жұмыс.

Түсіп қалған әріпті тап.

3-топ. «Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі.

Сөздер банкісі                        Біздің тақырып

4- топ. «Ә ә» әрпі бар сөздерді белгіле

Әділет         адам

Дәрі             доп          әтеш  

Ине              сәби         Димаш

Үнтаспадан «Әженің ақылы» атты насихат тыңдау.

Ойға түйгендерін «Автор орындығы» әдісі арқылы ортаға салады.

Қорытынды. «Кезбе тілші» әдісі

-Балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?

-Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білдік?

- Ә дыбысы қандай дауысты дыбыс екен?

- Ә дыбысы сөздердің қай жерінде  кездеседі?

«Әлди бөпем» әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

 Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

«Бағдаршам» әдісі

Мадақтау

2мин

Смайликтер арқылы мадақтау  

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

2мин

Балаларға стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлерін смайликтерге стикерлер жапсыру арқылы білдіреді.

 

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>