Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: өзін-өзі тану
Күні: 28.02.2017
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы.
.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Мейірімділік,қайырымдылық тураплы түсініктерін кеңейту;
қамқорлық жасауға жетелеу;
мейірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,тауық пен балапандардың суреті,дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, сабақты мынандай . кіріспе сөзбен бастау.
-Балалар,қолдарыңды жүректеріңнің тұсына бір сәт қойып,дүрсілін тыңдап көріңдерші.Сендердің жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы.Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен бір-біріміздің қолымыздан қысайық,осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.
Әңгімелесу
Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс
М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін кідіріспен әңгімелеп беру.
Тыныштық сәті
Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жаңа ақпарат
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
Ойын-жаттығу. «Көмек»
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.
Балапандардан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беру.
Мәтінмен жұмыс
Балаларды табиғатқа жетелеу мақсатында З.Мейірханованың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін оқып беру.
Тапсырма
Суреттерге қарап,тал мен мысыққа,үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айту.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма:Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.
2-тапсырма: «Ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен қосыла төмендегі өлең жолдарын қайталайды:.
Қайырымды жандар айлана, Сүйеміз барлық ананы,
Шеңберге келсін жайлана. Жүрегім оттай жанады.
Жалықпастан қайта біз, Бақыттымыз осы біз,
Махаббат сөзін айтамыз. Қасымызда досымыз.