Quantcast
Channel: Бастауыш сынып - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Ю ю дыбысы мен әрпі

$
0
0

№187 Мұстафа Шоқай атындағы мектептің

даярлық тобының мұғалімі Бакирова Сәулеш.

 

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды "ю" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көніл  

бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардын ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы:

—  Қазір қай мезгіл?

— Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында "ю" дыбысымен, әрпімен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Дауыссыз дыбыстар көк текшелермен белгіленеді.

—  Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз "ю" дауыссыз дыбыспен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші: аю, ою, жию, тою, тию, юла, қию.

—  "Ю" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

—  Неліктен дауыссыз, кане бәріміз қайталап айтайык.. Әлім, тактаға "аю, ою" сөздерін текшелер арқылы жазады. Қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Аю, ою сөздерінде неше буын бар?

Балалар секіру арқылы екі буынға бөледі: а-ю, о-ю.

—  "Ю" дыбысына байланысты өлең және жаңылтпаш айтайын:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қане, кім "ю" дыбысына байланысты өлеңдер, сөздер айтып береді?

Алмас: — Жаю, ою, аю, Юра, Юнеско.

Олжас:    Аю отыр партада,

Екі қолы калтада

А дейді, Б дейді

Ю-ға тілі келмейді.

— Енді, балалар, біз "Кім жылдам?" ойынын ойнаймыз. Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

— Теледидардан аю көрдім.

— Әже ою ойды.

— Аю, ою, ұю, қүю, жию сөздерінде "ю" дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

Ұлан: — Ұю, құю, жию сөздерінің соңында естіледі.

—  "Ю" дыбысы сөздін басын, соңында естілетінін білдік. "Ю" дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

-  Балалар, дәптерге жазар алдында бой сергітіп алайық.

Көжектерім тұршы,

Беті-қолды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы

Сөмкенді алшы,

Сабаққа баршы.

Орныңа отыршы,

Сабағынды оқышы.

-  Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды. Қазір дәптерді ашып,   үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, "Ю" әрпінің баспа түрін жазамыз.

 Сабақ әрі қарай сурет салумен жалғасады. Аюдың түр-түсін еске түсіру. Суретке қарап салу. Балалардан "Ю" дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 733

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>